Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 93 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Бюджет кодексi
93-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансфертті тарту

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген тәртіппен: 

1) республикалық бюджетке түсетін түсімдер бойынша болжам және республикалық бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдықтары негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген оның көлемі шеңберінде кепілдік берілген трансферттің қажетті сомасын айқындайды; 

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансфертті аудару туралы тиісті өтінімді жібереді.
Статья 1 ...91 92 93 94 94‑1 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 93-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV