Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 95 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Бюджет кодексi
95-бап. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы

1. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің өздеріне арналған бюджет қаражатын осы Кодекстің талаптарына, тиісті нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес және мемлекеттік органдар қызметінің алдын ала белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуі мақсатында өздерінің пайдалануы болып табылады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

1-1-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 бастап алып тасталды.

РҚАО-ның ескертпесі!

1-1-тармақты халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап алып тастау көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

1-1. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттерді аударуды ай сайынғы негізде, осы Кодекстің 35-бабының 2-1-тармағында көрсетілген салықтардың нақты түсімін және артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) ескере отырып, жүзеге асырады. 

Осы Кодекстің 35-бабының 2-1-тармағында көрсетілген салықтардың тиісті қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарында көзделген, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер сомаларынан артық, өткен қаржы жылындағы түсімдері ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті нақтылау кезінде ескеріледі. 

2. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы мемлекеттік мекемелердің шарт нысанында жасалған тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге және басқа да міндеттемелерге сәйкес төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруы нәтижесінде бірыңғай қазынашылық шоттан қаражатты есептен шығаруды қамтиды. 

3. Бюджетті атқару кезінде мемлекеттік мекемелер бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сай бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалануға міндетті. 

Ескерту. 95-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.04.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...94 94‑1 95 96 97 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 95-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV