Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 96 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Бюджет кодексi
96-бап. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері

1. Мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасумен және оларсыз шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды. 

Мемлекеттік мекеме міндеттемелер қабылдаудың заңдылығын, азаматтық-құқықтық мәмілелерде көрсетілген ақпарат пен деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді. 

2. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәміле жасасуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

3. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді және оларды сақтамағаны үшін жауапты болады. 

4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленгеннен аспайтын мерзімге жасасады.  

Мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы немесе байланысты грант туралы халықаралық шарт шеңберіндегі азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер: 

қарыз немесе байланысты грант қаражаты есебінен – қарыз немесе байланысты грант қаражатының қолжетімділік мерзімінен аспайтын мерзімге; 

республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаты есебінен – қарыз қаражатының қолжетімділік мерзімі аяқталатын қаржы жылының соңына дейінгі мерзімге жасасады. 

5. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде олар міндетті түрде тіркелгеннен кейін күшіне енеді. 

Азаматтық-құқықтық мәмілелер тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомалар және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші қаржы жылдарының базалық шығыстары шегінде олардың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде: 

1) іске асырылу мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламаларына; 

2) технологиялық дайындау мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылы (қаржы жылдары) беруді негіздейтін активтерді және басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға; 

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда бір қаржы жылынан астам мерзіммен қызметтер көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда мемлекеттік тапсырмаларды іске асыруға, бір қаржы жылынан астам мерзіммен қызметтер көрсетуге, жұмыстарды ұсынуға; 

4) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен бір қаржы жылынан астам іске асырылу мерзімінде іс-шаралар өткізуге байланысты тіркелуге жатады. 

Бюджеттің базалық шығыстары өзгерген кезде аталған азаматтық-құқықтық мәмілелер қайта тіркелуге жатады. 

Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарт құнына енгізілген объектілерден басқа, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы міндетті түрде болған кезде жүргізіледі. 

Мерзімі үш жылдан асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 

6. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін шетел валютасында тіркеу үшін шарт сомасы шетел валютасында келтіріледі, тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген, тіркеу күнгі Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы бойынша жүргізіледі. 

7. Шартты тіркеу туралы хабарлама азаматтық-құқықтық мәміленің тіркелгенін растайтын құжат болып табылады. 

8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бюджет ақшасын бөлу, сондай-ақ қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттарды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде бұрын тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге қосымша келісімдерді тіркеу жағдайларын қоспағанда, азаматтық-құқықтық мәмiлелердi ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейiн тiркеуге жол берiлмейдi. 

9. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 96-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.02.18 № 408-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 № 495-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 № 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...94‑1 95 96 97 98 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться