Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерi туралы

1-бап. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң  Iшкi әскерлерi

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерi (бұдан әрi - Iшкi әскерлер) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмысты және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған.

Iшкi әскерлердiң туы және рәмiзi болады. Iшкi әскерлер өңiрлiк қолбасшылықтарының, құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң белгiленген үлгiдегi жауынгерлiк жалаулары болады.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.12.09 N 307 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.12.24 N 274, 2013.01.15 N 69-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

2-бап. Iшкi әскерлердiң мiндеттерi

Iшкi әскерлердiң мiндеттерi мыналар болып табылады:

1) маңызды мемлекеттiк объектiлердi және тасымалдау кезiнде арнайы жүктердi күзету;

2) сотталған әйелдердiң, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерiн, түрмелердi және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерiнде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың жүрiс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

3) сотталған әйелдердiң, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерiн, түрмелердi және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерiн күзету;

4) сотталған және қамауға алынған адамдарды айдап апару;

5) iшкi iстер органдарымен бiрлесiп қоғамдық тәртiптi сақтауға, қоғамдық тәртiптi жаппай және топтасып бұзушылықтардың жолын кесуге, қоғамдық қауiпсiздiктi және төтенше жағдайдың құқықтық режимiн, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимiн қамтамасыз етуге қатысу, терроризмге қарсы операция жүргiзуге қатысу, төтенше жағдайлардың (дүлей зiлзалалардың, iрi авариялар мен апаттардың) зардаптарын жоюға қатысу;

6) соғыс кезiнде Қазақстан Республикасының аумағын қорғау жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;

7) заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресу;

8) ерекше қауiптi құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, терроризм актiлерiнiң, қарулы қақтығыстардың жолын кесу және тайталасушы тараптарды ажырату;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Iшкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi шешу.

Iшкi әскерлерге жүктелген мiндеттердi орындауды:

Iшкi әскерлердi әскери басқару органдары;

жедел мақсаттағы құрамалар мен әскери бөлiмдер;

маңызды мемлекеттiк объектiлер мен арнайы жүктердi күзету жөнiндегi арнайы әскери бөлiмдер;

түзеу мекемелерiн күзету және айдауылдау жөнiндегi құрамалар мен әскери бөлiмдер;

арнайы моторландырылған құрамалар мен әскери бөлiмдер;

Iшкi әскерлердiң әскери полициясы;

Iшкi әскерлердiң жоғары әскери оқу орны;

Iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз ететiн әскери бөлiмдер (оқу, байланыс және басқа);

авиациялық әскери бөлiм;

арнайы мақсаттағы әскери бөлiмдер (бөлiмшелер) жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Iшкi әскерлер Бас қолбасшысына тiкелей бағынысты құрамалар мен әскери бөлiмдердi қоспағанда, құрамалар мен әскери бөлiмдер Iшкi әскерлердiң өңiрлiк қолбасшылықтарының құрамына кiредi.

Iшкi әскерлердi өздерiне заңдарда жүктелмеген мiндеттердi орындау iсiне қатыстыруға тыйым салынады.

Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21 N 2708 заң күшi бар жарлығымен, ҚР 1999.04.05 N 360, 2001.12.24 N 274, 2004.12.29 N 26, 2007.07.06 N 277, 2008.06.24 N 46-IV (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.08 № 266-IV, 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.15 N 69-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

3-бап. Қазақстан Республикасы Iшкi әскерлерi  қызметiнiң құқықтық негiзi

Iшкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, өзге де құқықтық нормативтiк актiлер құрайды.

Iшкi әскерлерi қызметiнде заңдылықтың сақталуын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынатын прокурорлар жүзеге асырады.

Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.12.21 N 2708 Заң күшi бар жарлығымен.  

4-бап. Iшкi әскерлердiң қызметiн ұйымдастырудың  қағидаттары мен негiздерi

Iшкi әскерлердiң қызметi заңдылық, гуманизм, жеке адам құқықтарын сақтау және дара басшылық қағидаттарында жүзеге асырылады.

Әскерлердi тiкелей басқаруды Iшкi әскерлер Бас қолбасшысы жүзеге асырады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтарында орналасқан және қоғамдық тәртiптi қорғау, түзеу мекемелерiн күзету жөнiндегi және төтенше жағдайлар кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында Iшкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi шешу жөнiндегi мiндеттердi орындайтын Iшкi әскерлер құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң командирлерiне қатысты аға жедел бастықтар болып табылады.

Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.15 N 69-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

5-бап. Iшкi әскерлердi басқару және iс қағаздарын  жүргiзу тiлi

Iшкi әскерлердi басқару және iс қағаздарын жүргiзу, сондай-ақ қызметтiк хат-хабар жазысу Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1998.12.09 N 307 Заңымен.  

6-бап. Iшкi әскерлердiң партиядан тыс болуы

Iшкi әскерлерiнде саяси партиялардың құрылымдық ұйымдарын, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздейтiн басқа да қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.

Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21 N 2708 заң күшi бар Жарлығымен. 2 бөлiм. Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының

Iшкi әскерлерге басшылық жасау жөнiндегi өкiлеттiгi  

7-бап. Қазақстан Республикасының Президентi

Қазақстан Республикасының Президентi:

- соғыс кезiнде Iшкi әскерлердiң қорғаныс саласындағы мiндеттерiн айқындайды;

- Iшкi әскерлер Бас қолбасшысын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады;

- Iшкi әскерлердегi мерзiмдi әскери қызметке адамдарды кезектi шақыру туралы және мерзiмдi қызметтiң белгiленген уақытын атқарған Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн запасқа жiберу туралы жарлық шығарады;

- Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1992.12.23 Заңымен, ҚР Президентiнiң 1995.12.21 N 2708 заң күшi бар Жарлығымен, ҚР 2001.06.11 N 208, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.15 N 69-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

8-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

- Iшкi әскерлердiң ұйымдық құрылымын, штат саны лимитiн, орналастырылуын бекiтедi;

- Iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн қаражат бөлiнуiн қарастырады, Iшкi әскерлердi материалдық-техникалық ресурстармен, азық-түлiкпен, заттай мүлiкпен, қару-жарақпен, оқ-дәрiмен, байланыс құралдарымен және басқа арнаулы техникалық құралдармен қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды;

- Iшкi әскерлер бөлiмдердiң күзетуiне жататын маңызды мемлекеттiк объектiлердiң, тасымалдық коммуникациялардағы ғиммараттардың және арнаулы жүктердiң тiзбесiн айқындайды; V053931

- берiлген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi әскери немесе арнаулы сан мөлшерiн анықтай отырып, маңызды мемлекеттiк объектiлер мен тасымалдық коммуникациялардағы ғимараттарға күзет қою және күзеттi алу туралы мәселелердi шешедi;

- Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiнiң запастағы (отставкадағы) адамдар мен олардың үйелмен мүшелерiнiң әлеуметтiк және хұқылық жағынан қорғалуы, материалдық және тұрмыстық қамтамасыз етiлуi жөнiнде шаралар қолданады;

- Iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз етудiң басқа да мәселелерiн шешедi;

- өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1992.12.23 Заңымен, ҚР Президентiнiң 1995.12.21 N 2708 заң күшi бар Жарлығымен, ҚР 1999.04.05 N 360, 2001.12.24 N 274, 2004.12.29 N 26, 2007.07.06 N 277, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.15 N 69-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

9-бап. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:

- Iшкi әскерлердi запастағы офицерлермен, келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткеретiн және шақырылатын әскери қызметшiлермен жасақтауды жүзеге асырады;

- келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген офицерлер мен әскери қызметшiлердi әскери оқу орындарында даярлауға жәрдемдеседi;

- осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21 N 2708 заң күшi бар Жарлығымен, ҚР 2001.12.24 N 274, 2007.07.06 N 277, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

10-бап. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi

Iшкi iстер министрi:

Iшкi әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк қызметiне жедел басшылықты жүзеге асырады, әскери қызметшiлердi тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелердi шешу жөнiндегi шаралар қолданады;

Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн орындау үшiн қызметтiк-әскери жұмыс пен Iшкi әскерлерiнiң құрылымын жетiлдiру, ұйымдық шараларды өткiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады;

Республика Үкiметiнiң қарауына Iшкi әскерлер бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң жалпы санын, ұйымдық құрылымын өзгерту және орналастыру туралы ұсыныстар енгiзедi;

Iшкi әскерлерi құрамаларының (бөлiмдерiнiң) құрылымын, орналастырылуын және штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат санының лимитi шегiнде айқындайды;

Iшкi әскерлердiң тұрақты жауынгерлiк және жұмылдырушылық әзiрлiгiн сақтау жөнiнде шаралар қолданады;

Iшкi әскерлердiң мерзiмдi әскери қызметшiлердi шақыруды және Iшкi әскерлер қатарынан босатуды ұйымдастыруға қатысуын қамтамасыз етедi;

Iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiн және қызметкерлерiн мемлекеттiк наградалармен наградтауға ұсынады;

Iшкi әскерлер Бас қолбасшысының орынбасарларын, Iшкi әскерлер өңiрлiк қолбасшылықтарының қолбасшылары мен олардың орынбасарларын, Iшкi әскерлердiң жоғары әскери оқу орнының бастығын, Iшкi әскерлер құрамаларының командирлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, Iшкi әскерлердiң офицерлерiн қызметтен шығарады, офицерлiк құрамның алғашқы әскери атағын және «полковник» әскери атағын бередi.

Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.12.21 N 2708 заң күшi бар Жарлығымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 360, 2001.06.11 N 208, 2007.07.06 N 277, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.15 N 69-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

10-1-бап. Iшкi әскерлер Бас қолбасшысы

 Ескерту. 10-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.15 N 69-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. Iшкi әскерлер Бас қолбасшысы:

Iшкi әскерлердiң тұрақты жауынгерлiк және жұмылдырушылық әзiрлiгiн сақтап отырады;

әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк қызметiне, жедел және жауынгерлiк әзiрлiгiне, озық тәжiрибенi енгiзуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшiн қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық жасайды;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскерлердi шақыру бойынша және келiсiм-шарт бойынша мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлермен жасақтау, олардың запасқа босатылуын ұйымдастыру жөнiндегi жоспарларды әзiрлейдi және бекiтедi;

бұйрықтар, директивалар және өкiмдер шығарады;

 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Iшкi әскерлер офицерлерiнiң әскери қызметтi өткеру мәселелерiн шешедi, қызметке тағайындайды, қызметтен босатады, кезектi әскери атақтар бередi, офицерлiк құрамның әскери атақтарын төмендетедi, подполковниктi қоса алғанға дейiнгiлердi запасқа немесе отставкаға шығарады;

Iшкi iстер министрiне Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн және қызметкерлерiн мемлекеттiк наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгiзедi;

әскерлердi қаруландыруға (жабдықтауға) әскери және өзге де техника мен басқа да мүлiктiң қабылдануын қамтамасыз етедi, жарамсыз болып қалған немесе әскери (бюджеттiк) есептегi жоғалған материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражатты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен есептен шығарады.

Iшкi iстер министрiне Iшкi әскерлер Бас қолбасшысының орынбасарларын, Iшкi әскерлер өңiрлiк қолбасшылықтарының қолбасшылары мен олардың орынбасарларын, Iшкi әскерлердiң жоғары әскери оқу орнының бастығын, Iшкi әскерлер құрамаларының командирлерiн қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi.

Ескерту. 2-бөлiм 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 2001.06.11 N 208 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.06 N 277, 2013.01.15 N 69-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

10-2-бап. Iшкi әскерлердiң өңiрлiк қолбасшылық қолбасшысы

Iшкi әскерлердiң өңiрлiк қолбасшылық қолбасшысы:

өңiрлiк қолбасшылықтың бағынысты құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң тұрақты жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгiн ұстап тұрады;

әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк қызметiне, жедел және жауынгерлiк даярлығына, озық тәжiрибенi енгiзуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшiн қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық етедi;

бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Iшкi әскерлердiң өңiрлiк қолбасшылығы құрамына кiретiн құрамалар мен әскери бөлiмдердiң әскери қызметшiлерiнiң әскери қызметтi өткеру мәселелерiн шешедi;

қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, кезектi әскери атақтар бередi, жоғары сержанттық құрамды қоспағанда, келiсiмшарт бойынша капитанды қоса алғанға дейiнгi әскери қызметшiлердi запасқа немесе отставкаға шығарады және Iшкi әскерлер Бас қолбасшысына офицерлiк құрамның әскери атақтарын төмендету жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.

 Ескерту. 2-бөлiм 10-2-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.15 N 69-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,  астананың жергiлiктi атқарушы органдары

Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:

- өз құзыретi шегiнде ведомстволық бағынысты аумақта Iшкi әскерлердiң өңiрлiк қолбасшылықтарын, құрамаларын, әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерiн құру мен орналастыру жөнiндегi Iшкi iстер министрiнiң ұсыныстарын қарауға қатысады;

- Iшкi әскерлердiң тiршiлiгi үшiн тиiстi жағдайлар жасайды, Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың үйелмен мүшелерiнiң хұқылық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етедi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес офицерлерге және келiсiм-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлерге тұрғын үй бөледi;

- Iшкi әскерлердiң өңiрлiк қолбасшылықтарының, құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң қолбасшылығына Iшкi әскерлерге әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруда жәрдем көрсетедi;

- осы аумақтағы қоғамдық тәртiптi қорғауды тiкелей жүзеге асыратын Iшкi әскерлер бөлiмшелерiне материалдық-техникалық көмек көрсетуге құқығы бар;

- жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21 N 2708 заң күшi бар Жарлығымен, ҚР 2001.06.11 N 208, 2001.12.24 N 274, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.15 N 69-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

12-бап. Мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, мекемелер,  ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар

Мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар (меншiк түрiне қарамастан), лауазымды адамдар мен азаматтар Iшкi әскерлерге олардың қызметтiк мiндеттердi атқаруына көмек көрсетуге мiндеттi.

Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдары мен мекемелерi мiндеттерiн төтенше жағдай кезiнде атқарушы Iшкi әскерлерге олардың әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердi басқаруы үшiн байланыс жүйелерi мен арналарын тегiн бередi.

Барлық тасымал түрлерiн басқару органдарының лауазымды адамдары, әскери коменданттар мен Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiң әскери және арнаулы тасымал органдарының өкiлдерi қызметтiк мiндеттерiн атқарушы Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн тасымалдауда, ал төтенше жағдайлар кезiнде - бiрiншi кезекте тасымалдауда тасымал көмегiн көрсетедi.

Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21 N 2708 заң күшi бар Жарлығымен, ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2004.12.29 N 26 Заңдарымен.  

13-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың  және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң  бастықтары

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары:

Iшкi iстер министрiнiң рұқсатымен тұрақты орналасқан мекендердегi Iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларын, бөлiмдерiн және арнайы моторландырылған бөлiмдерiн қоғамдық тәртiптi қорғау, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және Қазақстан Республикасының заңдарымен Iшкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi орындау үшiн, ал түзеу мекемелерiн күзететiн құрамалар мен бөлiмдердi - тiкелей күзетiлетiн объектiлердегi сотталғандар арасындағы жаппай тәртiпсiздiктi тыю және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн пайдаланады;

құрамалар мен әскери бөлiмдердiң командирлерiмен бiрлесiп, Iшкi әскерлердiң жедел мақсаттағы құрамалары мен әскери бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн олардың санына қарай қызметтiк мiндеттердiң көлемiн айқындайды;

әскери бөлiмдер мен Iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi командирлерiнiң қызметтiк-әскери жұмыс нәтижелерi туралы хабарларын тыңдайды;

iшкi iстер органдарына көмек көрсету жөнiндегi мiндеттердi орындау үшiн тұрақты орналасқан мекендерiнен тыс жүрген iшкi әскерлер әскери бөлiмдерiнiң тiршiлiгiне тиiстi жағдайлар туғызады.

Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.12.21 N 2708 заң күшi бар Жарлығымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.12.09 N 307, 1999.04.05 N 360, 2001.06.11 N 208, 2001.12.24 N 274, 2004.12.29 N 26, 2007.07.06 N 277, 2013.01.15 N 69-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

14-бап. Iшкi әскерлердiң Әскери кеңесi

 &#1178аза&#1179стан Республикасыны&#1187 Iшкi iстер министрi бекiтетiн Ережеге с&#1241йкес Iшкi &#1241скерлерде &#1240скери ке&#1187ес &#1179&#1201рылады.

&#1240скери ке&#1187естi&#1187 &#1179&#1201рамын Iшкi &#1241скерлер Бас &#1179олбасшысыны&#1187 &#1201сынуы бойынша Iшкi iстер министрi бекiтедi.

&#1240скери ке&#1187ес Iшкi &#1241скерлер &#1179ызметiнi&#1187 &#1201йымдастырылуына ж&#1241не м&#1241селелердi&#1187 дер кезiнде шешiлуiне жауапты болады.  

Ескерту. 14-бап&#1179а &#1257згерiс енгiзiлдi - &#1178Р 2001.12.24 N 274, 2007.07.06 N 277, 2013.01.15 N 69-V (ал&#1171аш&#1179ы ресми жариялан&#1171анынан кейiн к&#1199нтiзбелiк он к&#1199н &#1257ткен со&#1187 &#1179олданыс&#1179а енгiзiледi) За&#1187дарымен.

15-бап. Iшкi әскерлердi әскери басқару органдары

Iшкi әскерлер Бас қолбасшылығы – Iшкi әскерлер комитетi Iшкi әскерлердi әскери басқарудың жедел-стратегиялық органы болып табылады, әскерлердi тұрақты жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгiнде ұстап тұруға, Iшкi әскерлердiң құрылысы және дамуы жоспарларын әзiрлеуге және iске асыруға, олардың ұйымдық-штаттық құрылымын жетiлдiруге, Iшкi әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк қызметiн ұйымдастыруға арналған және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабымен бiрлесiп, бiрлескен iс-қимылдар нұсқаларын жоспарлайды.

Iшкi әскерлердiң өңiрлiк қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қызметiн белгiлi бiр аумақта жүзеге асыратын әскери басқарудың жедел-аумақтық органы болып табылады.

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.15 N 69-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 3 бөлiм. Iшкi әскерлердегi қызмет  

16-бап. Iшкi әскерлердiң кадрлары

Iшкi әскерлердiң кадрлары әскери қызметшiлерден және қызметкерлерден тұрады.

Iшкi әскерлерде әскери қызмет атқарушы әскери қызметшiлердiң әскери атақтары, айырым белгiсi және олар үшiн белгiленген киiм үлгiсi болады, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде қызмет атқарудың жағдайын регламенттейтiн нормативтiк актiлер және осы заңда көзделген әскери жарғылардың алынып тасталғандары мен толықтырулары ескерiлген талаптары қолданылады.

Iшкi әскерлер қызметкерлерiнiң еңбек жұмысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi.

Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.29 N 26, 2007.07.06 N 277 Заңдарымен.  

17-бап. Iшкi әскерлердегi әскери қызмет

Iшкi әскерлер «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке құрамнан жасақталады.

Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң әскери қызметтi атқару тәртiбi, олардың хұқықтары мен мiндеттерi, әскери атақ беру, аттестаттау және қызметтен босату тәртiбi Әскери қызметтi өткеру ережелерiмен, әскери жарғылармен және басқа нормативтiк актiлермен айқындалады.

Iшкi әскерлерге әскери қызметке келген азаматтар әскери ант қабылдайды.

Ескерту. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.12.09 N 307, 2001.12.24 N 274, 2007.07.06 N 277, 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

18-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң  хұқылық жағдайы

Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын пайдаланады. Оларға конституциялық, әскери-қызметтiк мiндеттер жүктеледi.

Iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерi осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да хұқылық актiлерiмен айқындалып жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде өкiметтiң өкiлi болып табылады және олар мемлекет қорғауында болады.

Келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген офицерлер мен әскери қызметшiлерге жеке басын, қызмет жағдайын және әскери қызметте жүргенiн куәландыратын жеке бастың куәлiгi берiледi.

Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.07.06 N 277 Заңымен.  

19-бап. Iшкi әскерлер кадрларын даярлау және кәсiптiк  деңгейiн көтеру

Сарбаздар мен сержанттарды (старшиналарды) даярлау Қазақстан Республикасы Iшкi әскерлерiнiң және Қарулы Күштерiнiң оқу бөлiмдерiнде (орталықтарында) жүзеге асырылады.

Iшкi әскерлер үшiн офицерлердi даярлау республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, әскери училищелерде, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң әскери оқу орындарында шарттық негiздерде жүзеге асырылады.

Iшкi әскерлердiң офицер құрамының және келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлердiң кәсiптiк деңгейiн көтеру әскери оқу орындарында, офицер құрамының бiлiктiлiгiн жетiлдiру (қайта даярлау) курстарында жүзеге асырылады.

Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.06 N 277 Заңымен.  

20-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң  жауапкершiлiгi

Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi қылмыс жасағаны және басқадай хұқық бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Әскери қызметшiлер азаматтардың хұқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған жағдайда командирлер мен бастықтар азаматтардың хұқықтарын қалпына келтiрiп, кiнәлiлердi тәртiптiк немесе қылмыстық жауапқа тартуға, келтiрiлген залалдың орнын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен толтыруға мiндеттi.

Азаматтар Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң iс-әрекетiне белгiленген тәртiп бойынша жоғары тұрған командирге (бастыққа), прокуратура органдары мен сотқа шағым бере алады.

Ескерту. 20-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.29 N 26 Заңымен. 4 бөлiм. Iшкi әскерлердiң мiндеттерi мен хұқықтары  

21-бап. Iшкi әскерлер жеке құрамының мiндеттерi

Iшкi әскерлердiң жеке құрамына:

1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тiзбесiнде көзделген мемлекеттiк маңызы бар объектiлердi, тасымалдау кезiнде арнайы жүктердi және сотталған әйелдердiң, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерiн, түрмелердi және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерiн күзетудi қамтамасыз ету;

2) күзететiн объектiлердегi төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысу;

3) сотталған әйелдердiң, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерiн, түрмелердi және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерiнде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың жүрiс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

4) сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң әскер күзететiн түзеу мекемелерiнен айырбастау пункттерiне және одан керi, сондай-ақ өндiрiстiк объектiлерге және одан керi айдап апару, бұл объектiлердi оларда сотталған адамдар жұмыс iстеген уақытта күзету;

5) сотталған және қамауға алынған адамдарды, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық және соларға теңестiрiлген соттардың, қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың, сондай-ақ егер жауынгерлiк қызмет атқару пункттерiнде осы мақсат үшiн айдап апаруға әдейi арналған әскер бөлiмшелерi болса, әскери соттардың сот отырыстарына олардың өтiнiмi бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнiң тергеу изоляторларынан және одан керi айдап апару;

6) Iшкi әскерлер әскери бөлiмшелерiнiң қоймаларын және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң әскери қоймаларын (базаларын) күзету;

7) патрульдiк-бекеттiк қызметтi атқару арқылы қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысу;

8) жаппай қоғамдық-саяси, спорттық және өзге шаралар өткiзген кезде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысу;

9) дүлей зiлзалалардың, iрi авариялар мен апаттардың зардаптарын жою кезiнде қоғамдық тәртiп сақтауды қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың құқықтық режимiн сақтап тұру;

10) iшкi iстер органдарымен бiрлесiп қоғамдық тәртiптi жаппай және топтасып бұзушылықтардың, түзеу мекемелерiндегi жаппай тәртiпсiздiктердiң жолын кесуге, әскери қарауылдардың күзетiнен қашқан адамдарды iздеуге қатысу және қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынған не аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарды iздеуге iшкi iстер органдарына көмек көрсету;

11) Iшкi әскерлер бөлiмдерiнiң арасында және мiндеттер орындалатын аудандарға жеке құрамды, материалдық құралдарды, қару-жарақты, техниканы және басқа жүктердi тасымалдау;

12) жанжал ауданын оқшауландыру және онда тосқауыл қою;

13) заңсыз қарулы құрамаларды қарусыздандыру мен жою, жанжал ауданындағы халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына iргелес аудандарда қоғамдық тәртiптi сақтау мен қауiпсiздiктi күшейту жөнiнде iс-шаралар жүргiзу;

14) терроризмге қарсы операцияны жүргiзуге және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимiн қамтамасыз етуге қатысу жүктеледi.

Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

22-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң  негiзгi хұқықтары

Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне өздерiне жүктелген мiндеттердi орындаған кезде мынандай хұқықтар берiледi:

1) азаматтар мен лауазымды адамдардың қоғамдық тәртiптi сақтауын, Iшкi әскерлердiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кедергi келтiретiн хұқық бұзушылық пен әрекеттердiң тоқтатылуын талап ету, ал бұл талаптар орындалмаған жағдайда осы Заңда көзделген мәжбүр ету шараларын қолдану;

2) қылмыс немесе өзге құқық бұзушылық жасағанына күдiк келтiрген кезде азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру;

3) хұқық бұзған адамдарды не хұқық бұзушының жеке басын анықтау үшiн - iшкi iстер органдарына, ал күзетiлген объектiлерге қастандық жасай отырып, хұқық бұзуға байланысты реттерде Iшкi әскерлердiң қызметтiк жайына жеткiзу;

4) күзетiлген объектiлерге қастандық жасауға байланысты хұқық бұзған адамдарды Iшкi әскерлердiң қызметтiк жайында материалдарды ресiмдеу үшiн үш сағатқа дейiн ұстау және қамауға алу, бұдан соң хұқық бұзушыларды iшкi iстер органдарына өткiзу, оларға өзi тiкелей тексеру жүргiзу, заңдарға сәйкес заттары мен құжаттарын тексеру және алу;

5) Iшкi әскерлер күзететiн объектiлердегi тасымал құралдары мен тасылатын жүктерге және қылмыс жасаған немесе қамаудан қашқан адамдарды ұстау операцияларын жүргiзген кезде тексеру жүргiзу;

6) қылмыс жасағанына күдiк келтiрiлген адамдарды қудалаған кезде, сотталған және қамауға алынған жерiнен қашқан адамдарды iздестiрген кезде кейiнге қалдыруға болмайтын реттерде қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн хұқық бұзушылықты тыю мақсатында кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың аумағы мен жайларына кiру;

7) сотталған және қамауға алынған жерiнен қашқан адамдарды iздестiру, қылмыс жасағанына күдiк келтiрiлген адамдарды қудалау, жаппай тәртiпсiздiктер мен қоғамдық тәртiптi топтасып бұзуды тыю кезiнде, сондай-ақ басқа да төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскелерiн, жекелеген құрылыстар мен объектiлердi қоршауға алу (ешкiмдi өткiзбей тастау);

8) сотталғандар мен қамауға алынған адамдарды айдап апару үшiн қабылдағанда және оларды iздестiру барысында ұстағаннан кейiн тiкелей тiнту жүргiзу;

9) қоғамдық тәртiп бұзушы әскери қызметшiлердi ұстау (әскери патрульдер болмаған жағдайда) және оларды әскери коменданттарға немесе әскери бөлiмдердiң командирлерiне ұстап беру;

10) қажет болған жағдайларда қылмыстар, қашқан қылмыскерлердi iздестiру туралы халыққа хабарлау үшiн және төтенше жағдайлар режимiн қамтамасыз ету кезiнде бұқаралық хабарлама құралдарын пайдалану;

11) терроризмге қарсы операцияға және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимiн қамтамасыз етуге қатысу кезiнде «Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулердi қолдану;

12) сотталған әйелдердiң, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерiн, түрмелердi және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерiнде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың жүрiс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.

Осы Заңға сәйкес Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi табельдiк арнаулы құралдар мен жеке қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға хұқылы.

Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.12.09 N 307, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2010.04.08 № 266-IV, 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 5 бөлiм. Iшкi әскерлердiң мәжбүр ету шараларын қолдану  

23-бап. Қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi  және қаруды қолдану ережелерi мен шектерi

Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi өздерiне жүктелген мiндеттердi атқару кезiнде Заңда көзделген реттер мен тәртiп бойынша мәжбүр ету шараларын қолдануға хұқылы. Iшкi әскерлердiң қару-жарағына кiретiн қарулар, әскери техника мен олардың оқ-дәрiлерi, арнайы құралдар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. P011375

Қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi және қаруды қолдану алдында оларды қолдану ниетi жайында ескерту жасалуға, бұл ретте өз талаптарының орындалуына жеткiлiктi уақыт берiлуге тиiс, қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi немесе қаруды қолдануды кешiктiру азаматтардың, әскери қызметшiнiң немесе iшкi iстер органдары қызметкерiнiң өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төндiретiн, өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыру мүмкiн реттер бұған кiрмейдi.

Әскери қызметшi дене жарақатын алған адамдарға алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетедi.

Өлiм немесе денеге жарақат түсiруге әкеп соқтырған реттерде дереу прокурорға хабар берiледi.

Мәжбүр ету шараларын қолдануды шегiнен асырып жiберу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1992.12.23, 2004.12.29 N 26, 2007.07.06 N 277 Заңдарымен.  

24-бап. Қол күшiн қолдану

Егер мәжбүр етпеу әдiсi қоғамдық тәртiптi бұзуға байланысты қылмыстар мен әкiмшiлiк хұқық бұзушылықты тыю, заңды талаптарға қарсы әрекеттi тыю үшiн оларды жасаған адамдарды ұстаған кезде, өздерiне жүктелген мiндеттi атқаруды қамтамасыз етпесе, Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi қол күшiн қолдануға, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн де қолдануға хұқылы.  

25-бап. Арнаулы құралдар мен қызметтiк иттердi қолдану

Iшкi әскерлер қаруланатын арнаулы құралдарды және қызметтiк иттердi Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң мына жағдайларда қолдануға хұқығы бар:

1) азаматтарға, түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге немесе iшкi iстер органдары қызметкерлерiне жасалған шабуылды тойтару үшiн;

2) Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оларға көрсетiлетiн қарсылықты тыю үшiн;

3) өмiрге, денсаулыққа немесе меншiкке қарсы қылмыс жасау кезiнде қолға түскен, қашуға әрекет жасаған адамды табу және ұстау үшiн;

4) атылатын немесе суық қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш, қатты әсер ететiн химиялық және улы заттарды заңсыз ұстаған адамдарды қарусыздандыру үшiн;

5) ұсталған адамдарды iшкi iстер органдарына жеткiзу, ұсталғандарды, сондай-ақ қамауға алынған адамдарды, егер олар өз iс-әрекеттерiмен қашып кетедi не қоршағандарға немесе өзiне залал келтiредi деп санауға негiз берсе немесе iшкi iстер органдары

қызметкерiне қарсылық көрсетсе, оларды айдап бару не күзету үшiн;

6) әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердiң орналасқан жерiне, күзетiлетiн объектiлерге, ғимараттарға және жүктерге жасалған шабуылды тойтару үшiн;

7) кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзет объектiлерi мен ғимараттарды, жүктердi, үйлердi, жайларды және тасымал құралдарын босату үшiн;

8) тасымалдың, байланыстың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жұмысын бұзатын жаппай тәртiпсiздiк пен қоғамдық тәртiптi топтасып бұзушылықты, сондай-ақ түзеу мекемелерiнiң жұмысын бүлдiретiн әрекеттердi тыю үшiн;

9) төтенше жағдайлар кезiнде және қылмыскерлердi iздестiру мен ұстау жөнiнде арнайы операциялар жүргiзу кезiнде, жүргiзушiсi Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң тоқта деген талабын орындамаған тасымал құралдарын тоқтату үшiн;

10) қылмыс жасаған адамдарды анықтап, ұстау үшiн.

Арнаулы құралдар мен қызметтiк иттердi әйелдерге, мүгедектiк белгiсi анық көрiнiп тұрған адамдар мен жас балаларға қолдануға тыйым салынады, бұған олар қарулы қарсылық көрсеткен, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн топтасып немесе басқадай шабуылдар жасаған реттер кiрмейдi.

Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1992.12.23 Заңымен, ҚР Президентiнiң 1995.12.21 N 2708заң күшi бар Жарлығымен, ҚР 1998.12.09 N 307, 1999.04.05 N 360, 2007.07.06 N 277 Заңдарымен.  

26-бап. Қаруды қолдану және әскери техниканы пайдалану

Iшкi әскерлер қызметшiлерiнiң қаруды және әскери техниканы айрықша шара ретiнде мына жағдайларда қолдануға хұқығы бар:

1) азаматтарды, әскери қызметшiлердi, хұқық қорғау органдарының, түзеу мекемелерiнiң, соттың және прокуратураның қызметкерлерiн шабуылдан қорғау үшiн;

2) күзетiлетiн объектiге, ғимараттарға және арнайы (әскери) жүктерге, күзетшiлерге, қарауылдың (әскери нарядтың) басқа да адамдарына немесе қарауыл үйiне, бөлiмдер мен бөлiмшелер орналасқан жерге, азаматтардың тұрғын үйлерiне шабуылды тойтару үшiн, сондай-ақ күзетiлетiн объектiлерге заңсыз ену (объектiден шығу) мақсатында жасалған әрекеттердi тыю кезiнде;

  3) (алып тасталды)

4) кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттар мен арнайы (әскери) жүктердi босату үшiн;

5) қарсылық көрсетушi не қылмыс жасау кезiнде қолға түскен қылмыскерлердi ұстау үшiн;

6) бұлтартпау шаралары қолданылып тұтқынға алынған адамдардың бас бостандығынан айыруға сотталғандардың қамаудан қашуын тыю үшiн, сондай-ақ олардың күшпен босану әрекеттерiн тыю үшiн;

7) түзеу мекемелерiнде, тергеу изоляторлары мен түрмелерде жаппай тәртiпсiздiктi тыйған кезде.

Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi атыс қаруын сонымен қатар мына жағдайларда пайдалануға хұқылы:

1) хайуанаттардың шабуылынан қорғану үшiн;

  2) (алып тасталды)

Қарулы не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, әйелдерге, анық мүгедектiк белгiлерi бар адамдарға және олардың жасы белгiлi немесе айқын болса, кәмелетке толмағандарға қатысты атыс қаруын қолдануға тыйым салынады.

Атыс қаруын қолданған әрбiр жағдай жайында прокуратура органдарына хабарланып, рапорт жазылады.

Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.03.17 N 2122; 1995.12.21 N 2708 заң күшi бар Жарлықтарымен, ҚР 1999.04.05 N 360, 2001.12.24 N 274, 2007.07.06 N 277, 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 6 бөлiм. Қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi

мiндеттердi орындауға Iшкi әскерлердi қатыстыру  

27-бап. Iшкi әскерлердi тұрақты орналасқан  жерлерде мiндеттердi орындауға қатыстыру

Қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындауға күштер мен құралдарды қатыстыру тәртiбiн әскери бөлiмдердiң қызметтiк мақсаттарын, жеке құрамының жаттығуы мен демалуы үшiн жағдай жасалуын ескере отырып, Iшкi iстер министрiнiң келiсiмi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары және әскери бөлiмдер командирлерi белгiлейдi.

Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 1992.12.23, өзгерту енгiзiлдi - 2004.12.29 N 26 Заңдарымен.  

28-бап. Iшкi әскерлердi тұрақты орналасқан мекеннен тыс  жерлерге мiндеттердi орындауға қатыстыру

Iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларын, бөлiмдерiн және арнайы моторландырылған бөлiмдерiн тұрақты орналасқан мекендерiнен алып кетiп, қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындауға немесе төтенше жағдайдың құқықтық режимiн, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимiн қамтамасыз ету, терроризмге қарсы операцияға қатысу және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн iшкi iстер органдарына көмек көрсету үшiн, сондай-ақ заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресу, жанжал ауданын оқшауландыру және онда тосқауыл қою, ерекше қауiптi құқық бұзушылықтарды, диверсияларды, терроризм актiлерiн, қарулы қақтығыстарды тыю және тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қарулы құрамаларды қарусыздандыру мен жою, жанжал ауданындағы халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына iргелес аудандарда қоғамдық тәртiптi қорғау мен қауiпсiздiктi күшейту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу үшiн тарту Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

Iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларының, бөлiмдерiнiң және арнайы моторландырылған бөлiмдерiнiң жеке құрамын тұрақты орналасқан мекендерiнен алып кетiп, осы бапта көрсетiлген оларға жүктелген мiндеттердi орындауға тартудың ұзақтығы үш айдан аспауға тиiс.

Бұл орайда офицерлердiң, келiсiм-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлердiң қызмет мерзiмiнiң бiр айы үш айға есептелiнедi және жоғары мөлшерде ақшалай қаражат төленедi.

Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1998.12.09 N 307, 2001.12.24 N 274, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен. 7 бөлiм. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiн

хұқылық және әлеуметтiк жағынан қорғау  

29-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi заңды  талаптарының орындалу мiндеттiлiгi және лауазымды  адамдар мен азаматтардың осы Заңды бұзғаны үшiн  жауаптылығы

Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң заңды талаптары азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшiн мiндеттi.

Осы Заңды орындамау, Iшкi әскерлердiң өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауына бөгет жасау, әскери қызметшiлердiң ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне тiл тигiзу, әскери нышандарды қорлау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапқа тартуға әкеп соғады.

Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21 N 2708 заң күшi бар Жарлығымен, ҚР 2001.12.24 N 274, 2007.07.06 N 277 Заңдарымен.  

30-бап. Жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде Iшкi  әскерлер әскери қызметшiлерiнiң бағынуы

Жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi тек қана жеке өзiнiң және тiкелей бастықтарына бағынады.  

31-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң қызметтен  босаған кездегi сот қорғауына хұқығы

Офицерлер және келiсiмшарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлер Iшкi әскерлерден босату туралы бұйрық жөнiнде жоғары тұрған командирге және сотқа шағым беруге хұқылы.

Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.07.06 N 277 Заңымен.  

32-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсi қаза тапқан  (қайтыс болған) немесе жарақат алған жағдайда,  оны зейнетақымен қамсыздандыру, оған берiлетiн  кепiлдiктер

Iшкi әскерлердiң офицер құрамдағы адамдарын, контракт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарып жүрген кезеңде жарақат алған кезде, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн құқықтық және әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтем алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтем төленедi.

Қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын өтеуге байланысты Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсiне немесе оның үйелменiне келтiрiлген зиян бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтелiп, кейiннен бұл сома кiнәлi адамдардан өндiрiп алынады.

Ескерту. 32-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1993.04.08 Заңымен, 1997.06.19 N 134 (1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi), 2001.10.10 N 247 (2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi), 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңдарымен.  

33-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн  тұрғын алаңмен қамтамасыз ету

Офицерлерге, келiсiмшарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлерге тұрғын үй "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берiледi.

Әскер қатарында күнтiзбе есебiмен жиырма және одан да көп жыл қызмет атқарған офицерлер мен келiсiм-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлер Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйлерiндегi өздерi отырған тұрғын үйлердi меншiгiне тегiн алуға хұқылы.

Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетiн тұрғын жай берiледi. Тұрақты тұрғын жай алғанға дейiн аталған адамдарға қызметтiк тұрғын үйлер берiледi, олар қызмет орны бойынша уақытша тiркеледi.

Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiп бойынша Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқасына) еңбек еткен жылдарына қарамастан, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн ескере отырып, тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) жұмсалатын шығындарды төлеу үшiн республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленедi.

Iшкi әскерден запасқа немесе отставкаға шығарылған офицер құрамдағы адамдар, келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ олардың үйелмендерi белгiленген тәртiп бойынша таңдаған жерiнен тұрғын жаймен қамтамасыз етiледi. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң бұл хұқығын жүзеге асыру жөнiндегi мiндет облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына жүктеледi.

Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсi қызметтiк мiндетiн атқаруға байланысты қаза тапқан жағдайда қаза тапқан әскери қызметшi отбасының есепке қойғандағы негiздер бойынша тұрғын алаң алу хұқығы сақталады, тұрғын алаң әскери қызметшiнiң қаза тапқан күнiнен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей берiледi. Асыраушысынан айрылған әскери қызметшiнiң отбасы мүшелерi оларға қолданылып жүрген нормаларға сәйкес тұруға қолайлы басқа тұрғын үй-жай тегiн берiлмейiнше тұратын тұрғын үй-жайынан шығарылмайды.

Ескерту. 33-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21 N 2708 заң күшi бар Жарлығымен, ҚР 1997.04.02 N 88, 1997.07.11 N 154, 1998.12.09 N 307, 1999.04.07 N 374, 2001.12.24 N 274, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2004.12.29 N 26, 2007.07.06 N 277, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

34-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң жол жүруi  жөнiндегi жеңiлдiктерi

Ескерту. 34-бап алынып тасталды - ҚР 2007.07.06 N 277 Заңдарымен.

35-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң үйелмен мүшелерiне жасалатын әлеуметтiк жеңiлдiктер

Ескерту. 35-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.  

36-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн  медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету

Iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiнiң және олардың отбасы мүшелерiнiң өмiрi мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ оларды медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.12.09 N 307 Заңымен.  

37-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен  олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау

Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау мәселелерi жөнiндегi заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

Қылмыстық-атқару жүйесiнiң туберкулезге қарсы мекемелерiнде қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында медицина қызметкерлерiнiң осы санаты үшiн белгiленген жеңiлдiктер қолданылады.

Ескерту. 37-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21 N 2708 Заң күшi бар жарлығымен, ҚР 2001.12.24 N 274; 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 8 бөлiм. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн

қаржымен және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету  

38-бап. шкi әскердi қаржыландыру

Iшкi әскердi қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.12.22 N 327 (1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi), өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.12.24 N 274, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2004.12.29 N 26 Заңдарымен.  

39-бап. Iшкi әскерлердi материалдық-техникалық  жағынан қамтамасыз ету

Iшкi әскерлердi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Iшкi әскерлер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн белгiленген тәртiппен және нормалар бойынша қару-жарақпен, авиация, автомобиль бронетанк және басқа әскери техникамен және материалдық құралдармен қамтамасыз етiледi.

Режимдiк объектiлердi, коммуникациялардағы объектiлердi, сондай-ақ түзеу мекемелерi объектiлерiн, әскери қалашықтарды, жеке құрамды, қару-жарақ, техника мен әскери-техникалық мүлiк, сондай-ақ басқару органдары орналастырылатын үйлер мен ғимараттарды күзетiп, қорғау жөнiндегi мiндеттерiн орындайтын әскери бөлiмдерге (бөлiмшелерге) Iшкi әскерлер күзететiн объектiлердi - министрлiктер, ведомстволар (мекемелер), ал Iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн олар орналасқан аумақтағы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары бөледi немесе салады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, Iшкi әскерлердiң бөлiмдерiне (бөлiмшелерiне) әскери қалашықтар, үйлер мен атыс орындарына жабдықталған ғимараттар, оқу орталықтары, қосалқы шаруашылықтар және басқа да объектiлер үшiн жер учаскелерiн бөлiп, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер пайдалану құқығын бекiтедi.

Әскери бөлiмдердiң (бөлiмшелердiң) орналасуы үшiн пайдаланылатын әскери қалашықтарды, үйлер мен ғимараттарды жөндеу және оларға коммуналдық қызмет көрсету бюджет қаражаттарының және Iшкi әскерлер мүдделерiн көздеп қызметтiк-жауынгерлiк мiндеттер атқаратын министрлiктер (ведомстволар) бөлетiн материалдық ресурстардың есебiнен жүргiзiледi.

Құрылыс, күрделi жөндеу, инженерлiк-техникалық құралдарды қайта құру және олардың пайдаланылуын материалдық қамтамасыз ету объектiлерiн Iшкi әскерлер күзететiн министрлiктердiң (ведомстволардың), кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың есебiнен жүзеге асырылады.

Облыстардың аумақтарында уақытша тұрған Iшкi әскерлер төтенше жағдай режимi енгiзiлген кезде бұқаралық қоғамдық-саяси, шараларды жүргiзу кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етудегi мiндеттерiн орындау үшiн орналасатын тұрғын жайлармен, коммуналдық қызметпен, байланыс желiлерiмен және арналарымен, автокөлiкпен және жанар-жағар май материалдарымен, қосымша тамақпен бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi.

Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21 N 2708 заң күшi бар Жарлығымен, ҚР 1998.12.09 N 307, 1999.04.05 N 360, 2001.12.24 N 274, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2004.12.29 N 26, 2007.07.06 N 277, 2010.04.08 № 266-IV, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

40-бап. Қаржылық бақылау

Ескерту. 40-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен. Қазақстан Республикасының

Президентi