Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық персонал – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) арнаулы əскерлер – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған инженерлік жəне химиялық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес, ақпараттық қауіпсіздік əскери бөлімдері мен бөлімшелері;
3) арнаулы құралымдар – жұмылдыру жарияланған кезде өнеркəсіпті, ауыл шаруашылығын, көлікті, көлік инфрақұрылымы мен байланыс объектілерін күзету жəне оларды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындау, медициналық көмек көрсету, сондай-ақ төтенше жағдайларды оқшаулау жəне жою үшін мемлекеттік органдар жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдар қорғаныс жүйесінде құратын құралымдар;
3-1) Арнаулы операциялар күштері – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнаулы операциялар жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттерді орындауға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір бөлігі;
4) аумақты жедел жабдықтау – қорғаныс мақсатында міндеттерді жедел шешу үшін пайдалануға көлік құрылыстарын, жол желілерін, қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен жəне энергиямен жабдықтауды дайындауға жəне ұдайы əзірлікте ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешені;
5) аумақтық əскерлер – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасы əкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасы шегінде тиісті міндеттерді орындауға арналған, аумақтық қорғаныстың əскери бөлімдері мен бөлімшелері (құралымдары);
6) аумақтық əскерлерді арнайы өрістету – төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жəне олардың салдарын жою кезінде жəне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда іс-шараларды орындау жөніндегі арнаулы əскери жиындарға əскери міндеттілерді шақыру жолымен аумақтық қорғаныстың əскери бөлімдері мен бөлімшелерін (құралымдарын) жасақтау;
6-1) аумақтық әскерлердің аумақтық органдары – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық қорғанысы әскери басқармасының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің құқықтарында жұмыс істейтін тактикалық органдары;
7) аумақтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін жəне коммуникацияларын қарсыластың əрекеттерінен, диверсиялық актілерден немесе терроризм актілерінен қорғау, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу жəне қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын іс-шаралар жиынтығы;
8) əскери атташе аппараты – шет мемлекетте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүддесін білдіретін əскери қызметшілер болып табылатын қорғаныс мəселелері жөніндегі атташе (əскери атташе), оның орынбасарлары мен көмекшілері;
9) əскери басқару органдары – стратегиялық, жедел- стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық жəне жергілікті əскери басқару органдары;
10) əскери бөлім – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың ұйымдық-дербес бірлігі болып табылатын, шартты жəне (немесе) нақты атау берілетін республикалық мемлекеттік мекеме;
11) əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйесі – бейбіт кезде жəне соғыс уақытында əскерлерді (күштерді) басқару мақсатында шешімдер қабылдау, міндеттерді жоспарлау, белгілеп алу жəне оларды əскерлерге (күштерге) жеткізу, олардың орындалуын бақылау үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, іздеуге, таратуға, беруге жəне ұсынуға арналған жүйе;
11-1) әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым – мемлекеттің әскери ұйымының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;
11-2) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторы – мемлекет жүз пайыз қатысатын, өзіне әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін құру жөніндегі жобаларды басқару функциялары, сондай-ақ оларды ендіру, қолдап отыру, дамыту, интеграциялау және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсету, мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының субъектілеріне консультациялық көмек көрсету және әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның ақпараттық қауіпсіздігіне сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген заңды тұлға;
12) əскери мүлік – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілері, қару-жарақтың, əскери техниканың барлық түрі, арнайы құралдар жəне басқа да мүлік;
13) əскери техника – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар жарақтандырылатын жауынгерлік машиналар, әскери корабльдер (катерлер мен басқа да кемелер), әскери әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттары;
14) əскерлер түрі – өзіне ғана тəн негізгі қаруы мен əскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тəсілдері бар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дербес не құрамдас бөлігінің құрамына кіретін түрі;
15) басқа да əскерлер мен əскери құралымдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Авиация қызметі, Шекара академиясы, əскери қарсы барлау жəне əскери полиция органдары және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын өзге де бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің əскери-тергеу органдары, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен əскери бөлімдері, əскери прокуратура органдары;
15-1) бірыңғай әскери-техникалық саясат – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жоғары техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз ету мүдделерінде олардың алдына қойылған практикалық міндеттерді, мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктері мен әскери-саяси ахуалдың жай-күйін ескере отырып, мемлекеттік органдар іске асыратын тұжырымдамалық көзқарастар мен практикалық әрекеттер жүйесі;
16) жабдықтау нормалары (табиғи нормалар) – бейбіт кезде немесе соғыс уақытында əскери қызметшілерге, бөлімшелерге, əскери бөлімдерге (корабльдерге) жəне құрамаларға беруге белгіленген материалдық құралдардың саны;
17) жауынгерлік əзірлік – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың өздеріне жүктелген міндеттерді белгіленген мерзімдерде орындауға дайындығының дəрежесін айқындайтын жағдай;
18) жауынгерлік қабілеттілік – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскерлерінің (күштерінің) мақсатқа сай жауынгерлік (əскери, арнайы) іс-қимылдар жүргізуіне жəне өздерінің жауынгерлік мүмкіншіліктерін іске асыруына мүмкіндік беретін жай-күйі;
19) жауынгерлік міндет – ұрыста (операцияда) белгілі бір мақсатқа белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін жоғары тұрған командир (бастық) қойған міндет;
20) жоғары қолбасшылық (жоғары қолбасшылық құрам) – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшылары жəне Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де лауазымды адамдар;
21) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары – Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес барлау жəне жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері;
22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан əрі – Қарулы Күштер) – қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тікелей сыртқы қатерді болғызбау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы құратын жəне ұстайтын, мемлекеттің əскери ұйымының негізі;
22-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспары – мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі өзара байланысты құжаттардың жинақталымы;
23) қару-жарақ – жанды күшке, техникалар мен инфрақұрылым объектілеріне зақым келтіруге, құрылыстарды (бекіністерді) бұзуға арналған әртүрлі қару түрлері, кешендер мен жүйелер, көрсетілген құрамдастарды имитациялайтын құралдар, оқ-дәрілер, сондай-ақ оларды Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қолдануды қамтамасыз ететін жүйелер, құрылғылар, жеткізгіштер мен аспаптар;
24) қару-жараққа жəне əскери техникаға жинақтауыштар – жиынтықтағанда қару-жарақ пен əскери техниканың конструктивтік тұтастығын құрайтын құрамдас бөліктер жəне қару-жарақ пен əскери техникаға қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар;
25) Қарулы Күштердің арнаулы операциялары – Қарулы Күштердің əскерлерін бейбіт кезде жəне соғыс уақытында қолданудың ерекше нысаны;
26) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ (бұдан əрі – тыйым салынған аймақ) – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдарына, базалары мен қоймаларына тікелей шектесіп жатқан және Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған ауданның бір бөлігі болып табылатын аумақ;
27) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан (бұдан əрі – тыйым салынған аудан) – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдарына, базалары мен қоймаларына іргелес жатқан, шегінде тыйым салулар мен шектеулер белгіленген аумақ;
28) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың қару-жарағы мен əскери техникасының кадастры – жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен əскери техника, олардың сапалық сипаттамасы, мақсаты, дайындаушы кəсіпорын, дайындалған, қарулануға қабылданған жəне қаруланудан шығарылған күні туралы деректер негізінде кезең-кезеңмен жасалатын мəліметтердің жүйеленген жинағы;
29) Қарулы Күштердің түрі – мемлекеттің белгілі бір салада (құрлықта, теңізде, əуе кеңістігінде) соғыс қимылдарын жүргізуге арналған Қарулы Күштерінің бір бөлігі;
30) қорғаныс – əскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, егемендікті, аумақтық тұтастықты жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасына қолсұғылмаушылықты қарулы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі саяси, əскери, экономикалық, ақпараттық, экологиялық, əлеуметтік-құқықтық жəне өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі;
31) қорғаныс объектілері – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығымен бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік;
32) қорғаныстық зерттеулер – мемлекеттің əскери ұйымын, əскери өнерді дамыту, қару-жарақтың, әскери техниканың, техникалық және арнайы құралдардың жаңа үлгілерін әзірлеу, жасау, оларды ендіру, қарулануда, жарақтандыруда, жабдықтауда және пайдалануда тұрған қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін жаңғырту, Қарулы Күштердің, аумақтық қорғаныстың құрылысы мен оларды қамтамасыз ету мəселелерін шешуге бағытталған, стратегиялық, қолданбалы, талдамалық жəне əлеуметтік зерттеулерді қамтитын қорғаныс жəне əскери қауіпсіздік саласындағы зерттеулер;
33) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
34) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
35) материалдық-техникалық қамтамасыз ету – Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды қаружарақпен, əскери техникамен жəне басқа да мүлікпен қамтамасыз ету, оларды жөндеу жəне қалпына келтіру, Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жауынгерлік əзірлікте ұстап тұру жəне ұрысқа қолдану үшін олардың материалдық, медициналық, көліктік, тұрмыстық жəне өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені;
36) мемлекеттің əскери ұйымы – бірлескен қызметі Қазақстан Республикасының əскери қауіпсіздігін жəне қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жəне қорғаныстық-өнеркəсіптік кешеннің жиынтығы;
37) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
38) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
39) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
40) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
41) пайдаланылмайтын əскери мүлік – қаруланудан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қолданылмайтын басы артық мүлік;
42) соғыс жағдайы – мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары нақты басталған) кезден бастап ол аяқталғанға (нақты тоқтатылғанға) дейінгі қарым-қатынастар;
43) соғыс қатері – орын алған қайшылықтарды əскери-күш қолдану əдістерімен шешуге, Қазақстан Республикасына қарсы соғыс қақтығысын (соғысты) бастауға нақты қалыптасқан ниет;
44) соғыс қаупі – саяси жəне өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасына қарсы əскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкіндігін көздейтін тұрақсыздық факторы;
45) соғыс қимылдары – агрессияға тойтарыс беру кезінде алға қойылған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің барлық түрі қолданылатын стратегиялық ауқымдағы (ұрыс қимылдарын қоса алғанда) іс-қимылдар кешені;
46) соғыс уақыты – соғыс жағдайы жарияланған немесе соғыс қимылдары іс жүзінде басталған кезден бастап соғыс қимылдарының тоқтатылғаны туралы жарияланған кезге дейінгі, бірақ олардың іс жүзінде тоқтатылуынан бұрынғы кезең;
47) алып тасталды – ҚР 10.06.2020 № 344-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
48) ұрыс қимылдары – тиісті əскери басқару органдарының басқаруымен жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі əскери бөлімдердің, құрамалар мен бөлімшелердің ұйымдасқан іс-қимылдары.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.05.2020 № 337-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) соғыс қаупі мен соғыс қатерiн болжауды және бағалауды;
2) Қазақстан Республикасының әскери саясаты мен әскери доктринасы ережесінің негізгi бағыттарын әзiрлеудi;
3) құқықтық реттеуді;
4) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануды жоспарлауды, олардың қажетті санын, құрылысын, даярлығын анықтауды және олардың ұрысқа әзiрлігі мен жұмылдыру даярлығының талап етiлетін деңгейін ұстап тұруды;
5) Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды басқару жүйесін дамытуды, сондай-ақ радиожиілік спектрін пайдалануды жоспарлауды;
6) бiрыңғай әскери-техникалық саясатты әзiрлеуді және iске асыруды;
7) елдiң мемлекеттік органдарының, ұйымдарының, көлiгінiң, коммуникациялары мен халқының күнi бұрын жұмылдыру дайындығын, сондай-ақ аумақты Қазақстан Республикасының қорғанысы мүдделерінде жедел жабдықтауды қамтитын, бейбiт уақытта жүргізiлетін жалпымемлекеттiк iс-шаралар кешенін;
8) мемлекеттік материалдық резерв запастарын құруды;
9) азаматтарды әскери қызметке даярлауды, соғыс уақытына арнап әскери оқытылған резервті жинақтауды;
10) азаматтық және аумақтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлауды және жүзеге асыруды;
11) мемлекеттік құпияларды құрайтын мəлiметтердiң қорғалуын ұйымдастыруды жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді;
12) қорғаныс мүддесіне орай ғылымды дамытуды;
13) әскери қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздікке байланысты міндеттерді орындау кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді;
14) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметін бақылауды;
15) ұжымдық қауіпсiздік және бiрлескен қорғаныс мақсатындағы халықаралық ынтымақтастықты;
16) қорғаныс саласындағы өзге де iс-шараларды қамтиды.
2. Қорғаныс мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери мiндеттілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мiндеттердiң өзге де түрлерi белгіленедi.
3. Әскери қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді мемлекеттің әскери ұйымы шешеді.
4. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар және ұйымдар Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.
5. Жер, орман, су және басқа да табиғи ресурстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаныс мұқтажы үшiн берiледi.
6. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерiне бекiтiліп берiлген мүлiк республикалық меншік болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ, ПАРЛАМЕНТIНIҢ ЖӘНЕ ҮКIМЕТIНIҢ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIКТЕРI
1. Қазақстан Pecпубликасының Президентi Қазақстан Республикасы Күштерiнің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Президентi:
1) Қазақстан Республикасы әскери саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының Əскери доктринасын, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды бекiтеді;
2-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын және Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларын бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын бекітеді;
3-1) әскери жоспарлау жүйесін бекітеді;
4) Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) Қарулы Күштердің құрылымын, штат санының лимитін бекітеді;
6) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындау үшін бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар ете отырып, Қарулы Күштердi қолдану туралы шешімдер қабылдайды;
7) жоғары әскери атақтар береді;
8) Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) әскери ант мәтінін, жалпы әскери жарғыларды, әскери қызметті өткеру ережесiн, әскери нышандарды, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери киім нысаны мен айырым белгілерiн бекітедi;
10) Қазақстан Республикасының қорғаныс және әскери ынтымақтастық саласында келiссөздер жүргізедi және халықаралық шарттарға қол қояды;
11) Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмді қызметтегі әскери қызметшiлердi запасқа шығару, жұмылдыру бойынша, соғыс уақытында әскери қызметке шақыру, сондай-ақ әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға, оның ішінде төтенше жағдай режимін енгізу және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында шақыру туралы шешiм қабылдайды;
12) Парламент палаталарының бiрлескен отырысының қарауына Қарулы Күштерді бейбiтшіліктi қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшін пайдалану туралы ұсыныс енгізедi;
13) Қазақстан Pecпубликасының Конституциясында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе соғыс жағдайын енгізедi, iшiнара немесе жалпы жұмылдыру жариялайды және бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар етеді;
14) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметі:
1) мемлекеттің әскери саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді, республиканың қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асырады;
2) Қорғаныс министрлiгiнiң, өзге де орталық және жергілiкті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
3) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) әскери оқу орындарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
7) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттiк мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі мен шарттарын айқындайды;
8) Қарулы Күштерді, басқа әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен, әскери техникамен және материалдық-техникалық ресурстармен жарақтандыруды және қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
8-1) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторын айқындайды;
9) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
10) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
11) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
13) аумақты Қазақстан Республикасының қорғанысы мүдделерінде жедел жабдықтау жөнiндегі iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
14) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
14-1) алып тасталды – ҚР 10.06.2020 № 344-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
15) əскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың санаттары мен санын айқындайды;
16) әскери оқытылған резервті құруға және даярлауға жалпы басшылықты жүзеге асырады, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтауға мемлекеттік тапсырысты бекiтедi;
17) мемлекеттің азаматтық жəне аумақтық қорғанысын жоспарлауды жəне оларға жалпы басшылықты жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жердi, орманды, суды және басқа да табиғи ресурстарды қорғаныс мұқтаждықтары үшін беру және пайдалану тәртiбiн айқындайды;
19) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
20) әскери және әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды;
21) қорғаныс мұқтаждықтары үшiн жеке және заңды тұлғалардан реквизицияланған, сондай-ақ берiлген мүліктің құнын мемлекеттің өтеу тәртібiн айқындайды;
22) әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару тәртiбін белгілейдi;
23) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
24) меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
24-1) тыйым салынған аймақтарды, тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын және тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар тізбесін (бұдан әрі – тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидалары) бекітеді;
24-2) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін бекітеді;
24-3) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілген əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекітеді;
25) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі əскери-саяси ахуалдың кез келген жағдайында мемлекеттің əскери ұйымының орнықты жұмыс істеуін ұйымдастырады.
Соғыс уақытында жəне соғыс жағдайы енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) экономиканы соғыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу немесе соғыс жағдайы режиміне көшіруді;
2) Қарулы Күштер мен арнаулы мемлекеттік органдар үшін резервтер дайындауды, адами жəне материалдық ресурстарды жұмылдыруды;
3) Қарулы Күштерді жəне арнаулы мемлекеттік органдарды қарулы күрес жүргізу үшін күштермен жəне құралдармен қамтамасыз етуді;
4) ақпараттық қауіпсіздікті жəне тайталасты ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.05.2020 № 337-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-тарау. ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛIКТІ
АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, АЗАМАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ
ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРІ
1. Қорғанысты қаржыландыру Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарға қажеттiлiктерiн кепілдi қанағаттандыруға бағытталады.
2. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ қорғанысқа арналған шығыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты және осы Заңның 24-бабында көзделген өзге де қаражаттар есебiнен жүзеге асырылады.
3. Шет мемлекеттермен бiрлесіп пайдаланылатын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әскери объектілердi және қару-жарақ қысқартуды бақылау мен инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргізiледi.
4. Бюджет қаражатының қорғанысқа арналған шығыстары бөлiгiнiң атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
1. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету қару-жарақ пен әскери техниканы қоса алғанда, өндiрiстік-техникалық мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеуге, өндiруге, жеткiзуге және қамтамасыз етуге арналған қорғаныс тапсырысына және халықаралық келiсiмдерге сәйкес басымдық тәртібiмен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын қалыптастыру тәртiбi, оны материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз ету және сатып алу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен айқындалады.
3. Табиғи және техногендік немесе әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал кезінде, төтенше жағдай кезеңінде, бірлескен операциялар мен оқу-жаттығуларды жүргізу кезінде тұрақты орналасқан жерінен тыс орналасқан Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды материалдық техникалық қамтамасыз етуді олар уақытша орналасқан объектілердегі сол Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жүзеге асыруы мүмкін.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Мұнай өнімдерін Қарулы Күштер мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алады.
Ескерту. 4-тарау 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендiгiн қаруланып қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілердi күзетуге және қорғауға, әуе кеңiстігін күзетуге, заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күресуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес мiндеттерді орындауға арналған.
2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Президентінің шешімдері негізінде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдарды жою үшін, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді күшейту және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнгенде және мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылғанда қолданылуы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда әскери, арнаулы техника, автомобиль техникасы және өзге де көлік құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауынгерлік техника ретінде пайдаланылады.
Қарулы Күштер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзету іс-шараларына тартылуы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнен туындайтын міндеттердi орындау үшін Қарулы Күштердi қолдану Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда келiсiлген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Қарулы Күштер құрамының бiр бөлiгі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес бiрiккен (ұжымдық) əскерлерге (күштерге) кiруi немесе бiрiккен қолбасшылық қарамағында болуы мүмкiн.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қарулы Күштер əскери басқару органдарын, Қарулы Күштер түрлерiн, Арнаулы операциялар күштерін, əскерлер түрін, арнаулы əскерлердi, материалдық-техникалық қамтамасыз ету əскерлерін, аумақтық əскерлерді, əскери оқу орындарын, əскери-ғылыми мекемелер мен басқа да ұйымдарды қамтиды.
Қарулы Күштердің арнаулы əскерлерінің құрамына Қарулы Күштердің жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған инженерлік, геоақпараттық жəне гидрометеорологиялық қамтамасыз ету, барлау, радиациялық, химиялық жəне биологиялық қорғау, байланыс, радиоэлектрондық күрес, ақпараттық тайталас əскери бөлімдері мен бөлімшелері, әскери полиция органдары кіреді.
Жұмылдыру жарияланған кезде Қарулы Күштердің құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсiздiк комитетінің Шекара қызметі, Авиация қызметі, Шекара академиясы және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын өзге де бөлімшелері, Ұлттық ұлан жəне азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары, сондай-ақ арнаулы құралымдар кiредi. Басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды, арнаулы құралымдарды Қарулы Күштердің құрамына беру мүдделі мемлекеттік органмен немесе ұйыммен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қарулы Күштердi əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уəкілетті орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі:
1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
2) Əскери доктринаны, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды əзiрлейдi;
2-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын әзірлеуді үйлестіреді жəне бекітуге ұсынады;
3) Қарулы Күштердің, Қорғаныс министрлігінің жəне Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының Президенті жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиттері шегінде Қорғаныс министрлігінің құрылымын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының жəне Қорғаныс министрлігі мен оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің құрылымын жəне штат санын, штаттарды, штаттарға табельдерді əзірлейді жəне бекітеді, əскери басқару органдарының штаттарын жəне штаттарға табельдерін есепке алуды жүргізеді;
3-1) әскери жоспарлау жүйесін әзірлейді;
4) мемлекетте бiрыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізедi;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің әскери құрамдасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының қызметін ұйымдастырады;
5-1) экономиканы, мемлекеттік органдарды жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдарды жұмылдыру дайындығын ұйымдастыруға қатысады, сондай-ақ Қарулы Күштердің жұмылдыру жоспарын бекітеді;
5-2) Қарулы Күштерді топогеодезиялық қамтамасыз ету қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
5-3) Қарулы Күштерді навигациялық қамтамасыз ету қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
5-4) Қарулы Күштерді радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерi мен арнаулы әскерлердiң жедел мақсаттары мен мiндеттерiн, олардың басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен өзара iс-қимыл жасауда қолданылуын айқындайды;
7) қорғаныстық зерттеулерге, əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс саласындағы ғылыми-зерттеу, тəжірибелік-конструкторлық жəне басқа да жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасын бақылауды ұйымдастырады;
8) Қарулы Күштерде әскерлердi инспекциялауды және қаржы қаражатының жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады;
9) ведомстволық әскери оқу орындарына қабылдауды, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, әскери даярлықты жүзеге асыратын ведомстволық әскери оқу орындары мен басқа да бiлiм беру ұйымдарының қызметін және оқу-тәрбие жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асырады;
10) әскери қызметке шақырылуға дейiнгi және шақырылатын жастардың әскери қызметке даярлығын үйлестіредi;
11) халықаралық әскери және әскери-экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
11-1) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;
12) Қарулы Күштерде заңдылық пен құқықтық тәртiптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және әскери қызметшілердi, олардың отбасы мүшелерi мен азаматтық персоналды әлеуметтiк және құқықтық кепілдiктермен қамтамасыз етедi;
13) əскери қызмет өткеру, қорғаныс жəне Қарулы Күштер мəселелерi бойынша өз құзыретi шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды жəне олардың орындалуын бақылайды;
13-1) өз құзыреті шегінде əскери қауіпсіздік саласындағы ақпараттық кеңістікке мониторингті жəне оған қатер төндіретін көздерге қарсы іс-қимылды жүргізеді;
14) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және оларды қабылдап алуды жүзеге асырады;
15) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғанысты даярлау және қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін бақылайды;
15-1) аумақтық әскерлердің аумақтық органдары үшін қару-жарақты, әскери техниканы және арнаулы құралдарды сақтауды ұйымдастырады және олардың запастарын құрады;
16) Қарулы Күштерде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
16-1) Қарулы Күштердің кадр саясаты тұжырымдамасын əзірлейді жəне бекітеді, өз құзыреті шегінде кадрларды орналастыруды жəне əскери атақтар беруді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына лауазымдар тізбесіне сəйкес лауазымдарға тағайындау жəне əскери атақтар беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
16-2) Қарулы Күштерде əскери тасымалдарды ұйымдастыру қағидаларын жəне Қарулы Күштерде əскери тасымалдарды ресімдеу жəне оларға ақы төлеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
17) Қорғаныс министрлігі және Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері шегінде әскери мүлікті береді, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) береді;
17-1) қарулануды бақылау саласындағы халықаралық шарттарды сақтау мəселелері бойынша орталық жəне жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды жəне басқа да қатысушы мемлекеттердің осы шарттарды орындауын байқайды;
17-2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасады;
17-3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдаланылмайтын мүлік деп таниды;
18) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекітеді;
18-1) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың қарулануынан қару-жарақ пен əскери техниканы шығару қағидаларын бекітеді;
19) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарағы мен әскери техникасы кадастрын бекітеді;
20) әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жобалардың іске асырылуын ұйымдастырады;
21) жоғары оқу орындарында және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарының жанындағы әскери факультеттерде әскери даярлық қағидаларын бекітеді;
22) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштерді жабдықтау нормаларын бекітеді;
23) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылатындардың әскери есебiн жүргізу тәртiбi туралы қағидаларды бекiтедi;
24) тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын әзірлейді;
25) əскери атташе аппараты əскери қызметшілерінің қызметін жəне қызмет өткеру шарттарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
26) әскери басқарудың жергілікті органдары туралы ереженi бекітеді;
26-1) дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің жəне өзге де əскери-геральдикалық белгілердің, əскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, əскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру жəне Қарулы Күштер əскери қызметшілерінің тағып жүру тəртібін бекітеді;
26-2) Қарулы Күштердің əскери қалашықтары мен оқу орталықтары аумағында орналасқан объектілерде ветерина- рия жəне санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы ішкі бақылауды жүзеге асырады;
26-3) уəкілетті мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша Қарулы Күштердің əскери бөлімдеріне жəне ұйымдарға, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен әскери бөлімдеріне, ұлттық қауіпсіздік органдарына, сыртқы барлау саласындағы уəкілетті органға, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери бөлімдеріне шартты атаулар береді;
26-4) əскери бөлімдер мен ұйымдарға нақты жəне шартты атаулар беру жəне Қарулы Күштерде хат-хабар алмасу кезінде оларды қолдану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-5) аумақтық əскерлер туралы ережені, аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын қамтамасыз ету және ұстау қағидаларын, аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып аумақтық əскерлерге басшылықты жүзеге асырады, орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша ақпарат беру тəртібі мен мерзімдерін айқындайды;
26-6) Қарулы Күштерде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-7) Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының əскери қызметшілеріне қызметтік куəлік беру қағидаларын жəне оның сипаттамасын əзірлейді жəне бекітеді;
26-8) Қарулы Күштердегі қаржылық жəне шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-9) Қарулы Күштерде жұмылдыру, жедел жəне жауынгерлік дайындық, шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланыс, мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;
26-10) Қарулы Күштердің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды жəне оқ-дəріні сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды əзірлейді жəне бекітеді;
26-11) қару мен оқ-дəрінің ұрлануы, жоғалуы не əскери қызметшінің əскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетінше тастап кетуі туралы ақпаратқа Қарулы Күштердің əскери бөлімдері қолбасшылығының жəне əскери полиция органдарының ден қою қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-12) Қарулы Күштерде əскери-тарихи жəне мəдени жұмысты ұйымдастырады;
26-13) бастапқы əскери дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-14) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша əскери дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-15) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-16) запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша əскери даярлық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-17) Қорғаныс министрлігінің əскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-18) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери интернатурадағы дайындық қағидаларын жəне мамандықтар тізбесін əзірлейді жəне бекітеді;
26-19) қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді, оның ішінде қорғаныстық зерттеулерді ұйымдастырады жəне үйлестіреді;
26-20) білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери оқу орындары мен əскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру жəне пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-21) шетелдік əскери оқу орындарында даярлау үшін Қарулы Күштердің əскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-22) Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-23) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери кафедрасын құру және тарату туралы шешім қабылдайды;
26-24) меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
26-25) Қарулы Күштерді метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша қағидалар мен нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;
26-26) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-27) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-28) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді;
26-29) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілген əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлейді;
26-30) әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-31) арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілерін қоспағанда, әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.05.2020 № 337-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері:
1) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;
2) ұсынылған қайырымдылық көмектi, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберiнде көрсетiлетiн көмектi алуға және пайдалануға құқылы.
2. Қарулы Күштердiң спорт, мәдениет, әуежай қызметі саласында, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында маманданатын мемлекеттік мекемелерi өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін жəне өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге жəне осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тəртіппен пайдалануға құқылы.
Қарулы Күштердің жылу энергиясын өндіру, беру, тарату жəне (немесе) онымен жабдықтау саласында, сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласында маманданатын мемлекеттік мекемелерi өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін жəне өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге құқылы. Осындай көрсетілетін қызметтердi өткізуден түсетін кірістер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджетке есепке жатқызылуға тиіс.
2-1. Қарулы Күштердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қарулы Күштердiң мəдениет аясында жəне спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемесiнің бірінші басшысының ұсынысы негізінде ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекітеді.
4. Қорғаныс министрлігі ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жанынан олар орналасқан жерден тыс, уəкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құруы мүмкін.
Өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген өкілеттіктердің бір бөлігін орындайды.
Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды құру, басқару және олардың қызметi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қорғаныс мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын әзірлеуге қатысады;
2) Қарулы Күштермен бiрлескен iс-қимылдарға даярлықты ұйымдастырады;
3) азаматтарды әскери қызметке даярлауға қатысады;
4) аумақты қорғанысқа жедел жабдықтау жөнiндегі iс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мəселелерi бойынша нұсқауларын уəкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен айқындалған тəртіппен орындайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Қарулы Күштермен бірлескен жедел жəне жұмылдыру дайындығына тартылады.
3. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау Қазақстан Pecпубликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
26-бап 5, 6-тармақтармен толықтыру көзделген – ҚР 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Тыйым салынған аймақ Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арсеналдарының, базалары мен қоймаларының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
Тыйым салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, жеке адамдардың болуына, құрылыс салуға және қандай да болсын жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
Тыйым салынған аймақ аумағының шекарасы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларына сәйкес айқындалады.
2. Тыйым салынған аудан Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арсеналдарының, базалары мен қоймаларының диверсияға қарсы қауіпсіздігін, сондай-ақ іргелес аумақтарда орналасқан халықтың, ғимараттар мен құрылысжайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
Тыйым салынған аудан аумағында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарын, базалары мен қоймаларын тікелей пайдаланумен байланысты емес ғимараттар мен құрылысжайларды салуға, шаруашылық және өзге де қызметке, атыс қаруынан оқ атуға, пиротехникалық заттар мен бұйымдарды пайдалануға, атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерді орнатуға, ұшу аппараттарын (оның ішінде пилотсыз), оның ішінде пилотсыз әуе кемелерін пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, байқауға, аудио- және бейнежазбаға, фототүсірілімге, ақпарат беруге арналған құралдарды, жүйелерді, құрылғылар мен аппаратураларды қолдануға тыйым салынады.
Тыйым салынған аудан аумағының шекарасы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 6-тарау 31-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.04.18 № 429-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 29.05.2020 № 337-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Қазақстан Республикасының Президенті |