1. Осы Заңның күші, осы Заңның 3-бабында аталған мүлiктi қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы, сондай-ақ оның шегiнен тыс жердегi, оның iшiнде тиесiлi емес тұлғаға ресiмделген, өздерiне тиесiлi және жария ету мерзiмi басталғанға дейiн алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектілерiне қолданылады.
2. Осы Заңның күшi:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 190-193, 218, 221 , 222-баптарында аталған қылмыстарды жасағаны үшiн өздерiне қатысты қылмыстық iс қозғалған;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 190-193, 218, 221, 222-баптарында аталған қылмыстарды жасағаны үшiн сотталған;
Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 118 , 120 , 143 , 154 , 155 (бiрiншi бөлiгi), 178 , 179 , 182 , 185 , 189 , 205-209 , 237 , 239 , 253 , 357-2-баптарында аталған әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаларға қолданылмайды.
1. Мүлiктi жария ету, оның iшiнде мүлiктi жария етуге ұсыну мерзiмi 2006 жылғы 3 шiлдеден басталып, 2007 жылғы 1 тамызда аяқталады.
2. Мүлкiн осы Заңның 11- бабына сәйкес жария еткен жария ету субъектiлерi 2007 жылғы 1 қарашаға дейiнгi мерзiмде оған құқықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмдеуге мiндеттi.
Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiкке құжаттарды ресiмдеуге уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен ұйымдар жария ету субъектiсiне тиiстi құжаттарды ол өтiнiш берген күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде беруге мiндеттi.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.11.16. N 188, 2007.03.26. N 241 Заңдарымен.
1. Жылжымайтын мүлiктi осы Заңның 11- бабына сәйкес жария етудi және осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүлiктi жария ету салық органына жария ету субъектiлерiнiң (азаматтар - тiркелген жерi бойынша, заңды тұлғалар - мемлекеттiк тiркелген жерi бойынша) мынадай құжаттарды:
1) осы Заңға 1 немесе 2- қосымшаға сәйкес нысанда мүлiктi жария етудi өткiзуге екi дана өтiнiштi (бұдан әрi - өтiнiш);
2) алымның төленгенiн растайтын;
3) жеке басын куәландыратын құжатты, ал заңды тұлғаның өкiлдерi - жарғының (ереженiң), заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң, салық төлеушi куәлiгiнiң нотариат куәландырған көшiрмелерiн және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды;
4) осы Заңда көзделген өзге де құжаттарды беруi арқылы өткiзіледi.
2. Шет тілде ресiмделген құжаттар мемлекеттiк тiлге немесе орыс тiлiне нотариат куәландырған аудармасымен табыс етілуге тиiс.
3. Жария ету субъектiлерi жария етілетiн мүлiктiң құнын дербес анықтайды.
4. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария ету субъектілері мүлікті жария ету мерзiмi iшiнде мүлiктiң белгілi бiр түрiне қайтадан өтiнiш беруге құқылы емес.
5. Мүлiктi жария етуге табыс етiлген құжаттар себептерi көрсетілiп:
1) осы Заңда белгiленген құжаттардың толық емес топтамасы табыс етiлген;
2) табыс етiлген құжаттарда өшiрiп тазалау мен түзетулер болған;
3) алым сомасы дұрыс есептелмеген;
4) табыс етiлген құжаттар осындай құжаттарға Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қайтарылуға тиiс.
Мүлiктi жария етуге табыс етiлген құжаттарды қайтаруға негiз болған себептердi жойған кезде, тұлға осы Заңда мүлiктi жария етуге белгiленген мерзiм iшiнде мүлiктi жария етуге қайтадан өтiнiш беруге құқылы.
6. Жария етiлген мүлiк жөнiндегi мәлiметтер осы Заңға 3- қосымшаға сәйкес нысан бойынша жария етiлген мүлiк тiзілiмiне енгiзiледi.
7. Осы Заңның 11- бабына сәйкес жария етiлетiн жылжымайтын мүлiктi, осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүлiк өтiнiш қабылданған кезден бастап жария етiлдi деп танылады.
Жария ету субъектiлерi мүлiк жария етiлдi деп танылған кезден бастап тиiсiнше осы Заңның 13, 14 және 14-1- баптарында аталған, жария етiлген мүлiктi сатып алумен, иеленумен және пайдаланумен байланысты қылмыстарды, әкімшілік құқық бұзушылықтарды және тәртіптік теріс қылықтарды жасағаны үшiн жауаптылықтан босатылады.
8. Мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк жария етiлген жағдайда, уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өтiнiш негiзiнде мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдейдi.
9. Жария етiлетiн мүлiк жөнiнде табыс етiлетiн мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығы үшiн жария ету субъектiлерi жауапты болады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.11.16. N 188, 2007.03.26. N 241 Заңдарымен.
1. Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегi жылжымайтын мүлiктi, сондай-ақ өзi тұрған елде мемлекеттiк тiркеуге жататын мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілерi, осы Заңның 7- бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн де табыс етедi.
2. Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегi бағалы қағаздарды жария ететiн жария ету субъектiлерi осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi есептiк шоттан үзiндiнi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты табыс етедi.
1. Тиесiлі емес тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілерi осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды:
1) мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн;
2) тиесiлi емес тұлғаның жария ету субъектiсiне мүлiктi өтеусiз бергенi туралы нотариат куәландырған шартты табыс етедi.
2. Тиесiлі емес тұлғаға ресiмделген бағалы қағаздарды жария ететiн жария ету субъектiлерi осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды:
1) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi есептiк шоттан үзiндiнi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты;
2) тиесiлi емес тұлғаның бағалы қағаздарды жария ету субъектiсiне өтеусiз бергенi туралы нотариат куәландырған шартты табыс етедi.
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрған, оған құқықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария ететiн жария ету субъектiлерi мүлiктiң орналасқан жерi бойынша жергілiктi атқарушы органға мынадай құжаттарды:
1) осы Заңға 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес нысанда екі дана өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжатты, ал заңды тұлғаның өкiлдері - жарғының (ереженiң), заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң, салық төлеушi куәлiгiнiң нотариат куәландырған көшiрмелерiн және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды табыс етедi.
2. Жылжымайтын мүлiктi жария етуге өтiнiштi комиссия қарайды.
Жария ету мерзiмi iшiнде берілген жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы өтiнiш тиiстi жергiлiктi атқарушы органға өтiнiш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.
3. Жылжымайтын мүлiктi жария етуден бас тарту осы Заңның 2 және 3-баптарында көзделген талаптар сақталмаған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Осы Заңда белгіленген талаптар сақталған жағдайда комиссия:
жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiм шығарады;
жария ету субъектiлерiне жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiмдi бередi;
мәлiметтердi жария етілген мүлiктiң тiзілiмiне осы Заңға 3-қосымшаға сәйкес нысанда енгiзедi.
5. Комиссия жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiм шығарған кезден бастап жылжымайтын мүлiк жария етiлдi деп танылады.
Жария ету субъектiлерi жылжымайтын мүлiк жария етiлдi деп танылған кезден бастап осы Заңның тиiсiнше 13, 14 және 14-1-баптарында аталған, жария етiлген жылжымайтын мүлiктi сатып алумен, иеленумен және пайдаланумен байланысты қылмыстарды, әкімшілік құқық бұзушылықтарды және тәртіптік теріс қылықтарды жасағаны үшiн жауаптылықтан босатылады.
Жария етілген жылжымайтын мүлік, жария ету субъектісінің алым төлегені және алым төлеуші болып табылмайтын тұлғалар туралы ақпарат жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдарға берiледi.
Жылжымайтын мүлiктi жария еткен жария ету субъектiлерi аталған мүлiк мемлекеттiк тiркелген кезден бастап оған билiк етуге құқылы.
6. Жылжымайтын мүлiктi жария етудi өткiзудiң ережелерiн, комиссия туралы үлгi ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.11.16. N 188, 2007.03.26. N 241 Заңдарымен.
Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.11.16. N 188 , 2007.03.26. N 241 Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті |
2006 жылғы 5 шілде N 157-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңына 1-ҚОСЫМША |
_____________________________
_____________________________
(өтініш берілетін орган)
Жеке тұлға үшін мүлікті жария етуді өткізуге арналған
ӨТІНІШ
(екі дана етіп толтырылады)
Аты-жөні ________________________________________________________
СТН _____________________________________________________________
Тұратын жері ____________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі _________ сериясы __________
N ___________ ________________ берген берілген күні _____________
Жария етілетін мүліктің тізбесі | Мүліктің құны (мың теңге) |
Орналасқан мекен-жайы |
Мүліктің жиынтық құны |
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін (атауы, сериясы, нөмірі,
қашан және кім берді):
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
________________ _________________________________________________
күні, айы, жылы (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________
(өтінішті қабылдап алған маманның Т.А.Ә. және қолы)
__________________________________________________________________
(орган басшысының Т.А.Ә. және қолы)
М.О. Өтініштің қабылдап алынған күні, айы, жылы: 2006 жылғы _____
2006 жылғы 5 шілде N 157-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңына 2-ҚОСЫМША |
_____________________________
_____________________________
(өтініш берілетін орган)
Заңды тұлға үшін мүлікті жария етуді өткізуге арналған
ӨТІНІШ
(екі дана етіп толтырылады)
Заңды тұлғаның толық атауы _______________________________________
__________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі _______________________
Мемлекеттік тіркеудің жылы, күні, айы ____________________________
СТН ______________________________________________________________
Заңды мекен-жайы _________________________________________________
(басшының немесе уәкілетті тұлғаның Т.А.Ә.)
________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
________________________________________ атынан іс-әрекет жасайтын
(уәкілетті өкіл толтырады)
Жария етілетін мүліктің тізбесі | Мүліктің құны (мың теңге) |
Орналасқан мекен-жайы |
Мүліктің жиынтық құны |
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін (атауы, сериясы, нөмірі,
қашан және кім берді):
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
________________ _________________________________________________
жылы, күні, айы (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________
(өтінішті қабылдап алған маманның Т.А.Ә. және қолы)
__________________________________________________________________
(орган басшысының Т.А.Ә. және қолы)
М.О. Өтініштің қабылдап алынған күні, айы, жылы: 2006 жылғы ____
2006 жылғы 5 шілде N 157-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңына 3-ҚОСЫМША |
_____________________________
_____________________________
(органның атауы)
Рет N |
Өтініш қабылдап алған күн | Мүлікті жария еткен тұлғаның (атауы) Т.А.Ә. | Мүлікті жария еткен тұлғаның (заңды тұлғаның) орналасқан жері | Жария етілген мүліктің тізбесі | Жария етілген мүліктің құны (мың теңге) |
||
Барлығы | оның ішінде | ||||||
Ақша | Өзге мүлік | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
таблицаның жалғасы
Мүлікті жария еткені үшін төленген алым сомасы (мың теңге) | Өтінішті қабылдап алған маманның Т.А.Ә. және қолы | Мүлікті жария еткен тұлғаның өтініштің бір данасын алғаны туралы қолы | ||
Барлығы | оның ішінде | |||
Ақша | Өзге мүлік | |||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
___________________________________________________________________
(тізілімді толтырған маманның Т.А.Ә. және қолы)
___________________________________________________________________
(орган басшысының Т.А.Ә. және қолы)
М.О.