Өрт қауiпсiздiгi туралы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

 Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) адамдар жаппай жиналатын объект - бiр мезгiлде жүз және одан көп адамның келуiне есептелген сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, мәдени-ағарту және ойын-сауық ұйымдарының, ғибадат мекемелерiнiң, көңiл көтеру орындарының ғимараттары, құрылыстары және үй-жайлары, көлiктiң барлық түрлерiнiң вокзалдары, сондай-ақ бiр мезгiлде жиырма бес және одан көп адамның келуiне есептелген денсаулық сақтау, бiлiм беру ұйымдарының, қонақ үйлердiң ғимараттары мен құрылыстары;

2) аккредиттеу - заңды тұлғаның өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлерге тәуелсiз бағалау жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды орындауға құқықтылығын өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның ресми тануы;

3) аккредиттеу аттестаты - өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган беретiн, заңды тұлғаның өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлерге тәуелсiз бағалау жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;

4) ерiктi өрт сөндiрушi - өрттердiң алдын алу және (немесе) оларды сөндiру жөнiндегi қызметке ерiктi негiзде тiкелей қатысатын, ерiктi өрт сөндiрушiлер тiзiлiмiнде тiркелген азамат;

5) қоныстану аумағы - елдi мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсiптiк объектiлердi орналастыруға арналған бөлiгi;

6) объект - жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкi, мемлекеттiк мүлiк, оның iшiнде ғимараттар, құрылыстар, құрылғылар, технологиялық қондырғылар, жабдық, агрегаттар мен өрттiң алдын алу және өрт кезiнде адамдарды қорғау үшiн өрт қауiпсiздiгi талаптары белгiленген немесе белгiленуге тиiс өзге де мүлiк;

7) өрт - адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне материалдық залал, зиян келтiретiн бақылаусыз жану;

8) өртке қарсы ерiктi құралымдар - дала өрттерiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елдi мекендердегi өрттердiң профилактикасы және оларды сөндiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн құрылатын қоғамдық бiрлестiктер;

9) өртке қарсы қызмет - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған басқару органдарының, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы күштерi мен құралдарының, сондай-ақ өрттердiң алдын алуды және оларды сөндiрудi ұйымдастыруға, өрттердi сөндiрумен байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жиынтығы;

10) өрт қауiпсiздiгi - адамдардың, мүлiктiң, қоғам мен мемлекеттiң өрттен қорғалуының жай-күйi;

11) өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген техникалық және (немесе) әлеуметтiк сипаттағы арнаулы шарттар;

12) өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз бағалау - объектiлердiң өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгiн немесе сәйкес еместiгiн белгiлеу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

13) өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау - уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғалардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;

14) өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - өрт қауiпсiздiгi саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

15) өрт қауiпсiздiгi шаралары - өрт қауiпсiздiгi талаптарын орындау жөнiндегi iс-әрекеттер;

16) өрт сөндiруге байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстары - адамдарды, мүлiктi құтқару және эвакуациялау, өрт кезiнде зардап шеккендерге дәрiгерге дейiнгi алғашқы көмек көрсету жөнiндегi iс-әрекеттер;

17) өрт сөндiру-техникалық өнiмi - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған арнаулы техникалық, ғылыми-техникалық және зияткерлiк өнiм, оның iшiнде өрт сендiру техникасы мен жабдығы, өрт сөндiру жарақтары, отты сөндiретiн және оттан қорғайтын заттар, арнаулы байланыс және басқару құралдары, электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базасы, сондай-ақ өрттердiң алдын алудың және оларды сөндiрудiң өзге де құралдары;

18) сарапшы ұйым - өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға белгiленген тәртiппен аккредиттелген ұйым;

19) тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiсi - пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру) елдi мекендер мен аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымдары қызметiнiң бұзылуына әкеп соғатын денсаулық сақтау, телекоммуникация, байланыс, газбен, энергиямен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру ұйымдары.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдары

Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн басқа да заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

3-бап. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi:

- Өрт қауiпсiздiгi саласында адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау;

- ұйымдар мен азаматтардың қызметiндегi қатер деңгейiн алдын-ала анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру; 

- өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару және басқа қажеттi жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық көмек көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, өрт салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру болып табылады.

4-бап. Қазақстан Республикасындағы өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi

Қазақстан Республикасындағы өрт қауiпсiздiгi жүйесi - өрттi және одан келетiн залалды болдырмауға бағытталған экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы қызмет күштерi мен техникалық құралдарының жиынтығы.

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтi, өрттен қорғау-техникалық ғылыми-зерттеу мекемелерiн, өрттен қорғау-техникалық оқу орындарын, өрт сөндiру-техникалық өнiм өндiру кәсiпорындарын қамтиды.

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 2-тарау

Мемлекеттiк органдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы

құзыретi Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасы Үкiметi өрт қауiпсiздiгi саласында:

- мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi және оларды iске асыруды қамтамасыз етедi;

- мемлекеттiк органдар қызметiне басшылық жасайды, олардың Қазақстан Республикасы заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын бақылайды;

- өрт қауiпсiздiгi саласында ақпарат беру, бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету тәртiбiн белгiлейдi;

- өрттi және оның салдарын мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн айқындайды;

- мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары штат санының лимитiн белгiлейдi;

- қоныстану аумақтарының және өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбесiн белгiлейдi;

- Қазақстан Республикасы аумағында өрттерден сақтандыру мен оларды жою жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызмет тәртiбiн белгiлейдi;

- мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруi туралы ереженi бекiтедi;

- өртке қарсы қызмет мiндеттi түрде құрылатын ұйымдар мен объектiлердiң тiзбесiн бекiтедi;

- өрт қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi;

- дала өрттерiн, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендердегi өрттi сөндiру тәртiбiн белгiлейдi;

- өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленбеген талаптарды келiсу тәртiбiн белгiлейдi;

- мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиiс ұйымдар мен объектiлерде өрт сөндiруге мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу тәртiбiн айқындайды;

- мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру тәртiбiн бекiтедi;

- мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үшiн нысанды киiмнiң және арнаулы киiм-кешектiң үлгiлерi мен тиесiлiлiк нормаларын белгiлейдi;

- өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бекiтедi;

- казармалық жағдайдағы өрт-техникалық оқу орындарының курсанттарын тамақтандыруды қамтамасыз ету жөнiндегi нормаларды бекiтедi;

 - өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлерге тәуелсiз бағалау жүргiзу тәртiбiн бекiтедi;

- өзiне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескерту. 5-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 1999.07.16 № 437, 2000.05.05 № 48, 2003.12.29 № 511, 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.12.29 № 209, 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

 Уәкiлеттi орган:

1) бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзедi, өрт қауiпсiздiгi саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;

2) өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтердi, стандарттар мен ережелердi әзiрлейдi;

3) өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

4) өрт қауiпсiздiгi саласындағы зерттеу қызметiн, бiлiмдi насихаттауды, азаматтар мен мамандарды оқытып-үйретудi ұйымдастырады;

4-1) халықты және ұйымдарды өрт қауiпсiздiгi саласындағы шаралар туралы хабардар етедi;

 5) алып тасталды

6) өз өкiлеттiктерi шегiнде өрттер бойынша анықтауды жүзеге асырады;

6-1) өртке қарсы қызметтердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарын арнайы даярлау бойынша бағдарламаны, оқу курстарын және бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;

7) өртке қарсы қызметтердiң жұмысын үйлестiредi;

8) алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

9) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдарды қызметке қабылдауды, қызмет бабында ауыстыруды, қызметтен босатуды, арнаулы атақтар беру мәселелерiн шешудi жүзеге асырады;

9-1) алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

10) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асыруды бақылайды;

11) объектiлер құрылысына өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын келiседi;

12) өрт қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;

13) өрт қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

14) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

15) өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк есепке алуды жүргiзедi;

15-1) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттiң мүдделерiн қорғау, халық тарапынан сенiм мәселелерiне басымдық берiп, өкiлдi органдар мен жұртшылық беретiн сыртқы бағалау тетiктерiн айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейiнiң рейтингтiк бағасын енгiзiп, есептiлiк және қызметтi бағалау жүйесiн жетiлдiредi, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлi нысандарын белгiлейдi;

16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;

 17) өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз бағалау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзедi;

18) сарапшы ұйымдардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi;

19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), өзгерiс енгiзiлдi - 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.12.29 № 209, 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

7-бап. Орталық мемлекеттiк органдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құзыретi

Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. Орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде:

1) өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтердi, стандарттар мен ережелердi әзiрлеп, келiседi, мемлекеттiк есепке алуды жүргiзедi және оның деректерiн уәкiлеттi органға бередi;

2) салалық өрттен қорғау-техникалық комиссияларын құрады;

3) мемлекеттiк органдардағы өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн бақылауды қамтамасыз етедi, өрттiң алдын алу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзедi;

 4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), өзгерту енгiзiлдi - 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiктерi

 Ескерту. 8-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiктерiне мыналар жатады:

1) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2) өрт салдарынан зардап шеккен азаматтар мен қызметкерлердiң әлеуметтiк қорғалуын өз құзыретi шегiнде қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянды өтеу;

3) дала өрттерiн, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендердегi өрттердi сөндiру; 

 4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiне орай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының - 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), өзгерту енгiзiлдi - 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 3-тарау

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының мәртебесi мен

құзыретi Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының - 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

9-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының мәртебесi

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттiң алдын алуды, өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылауды және өрт сөндiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар болып табылады.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары уәкiлеттi органнан, уәкiлеттi органның ведомствосынан, оның аумақтық бөлiмшелерiнен және мемлекеттiк мекемелерден, оның iшiнде өрт-техникалық оқу орындарынан тұрады.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының тулары болады, олардың сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерiс енгiзiлдi - 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

9-1-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының құзыретi

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары:

1) өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылауды жүзеге асырады;

2) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен)

3) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңымен)

4) өрт және өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асырады;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыреттер шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асырады;

6) өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн жұмылдыру дайындығы және бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдыру, олардың жұмысының орнықтылығын арттыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының жұмылдыруға ұдайы дайын болуын қамтамасыз етедi;

7) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен)

8) елдi мекендерде және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан объектiлерде өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң өртке қарсы күреске дайындығын бақылауды жүзеге асырады;

9) қоныстану аумақтарын және мемлекеттiк меншiктегi ерекше маңызды объектiлердi өрттен қорғауды қамтамасыз етедi.

Ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұруды, субъектiлер өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерiн бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылыстарды, ғимараттарды салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмағанда ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салуды уәкiлеттi органның және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы), облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы аумақтық мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.

Субъектiнiң жұмысын iшiнара немесе толық тоқтату немесе оған тыйым салу туралы талап-арызды уәкiлеттi орган және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы), облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы аумақтық мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.

Ескерту. 9-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2006.12.29 № 209, 2007.01.12. № 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

9-2-бап. <*>

Ескерту. 9-2-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

9-3-бап. <*>

Ескерту. 9-3-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

9-4-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындары

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындары өртке қарсы қызмет қызметкерлерiне бiлiм беру және олардың бiлiктiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын мамандықтар бойынша жоғары бiлiмi бар мамандарды даярлау мақсатында құрылады.

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындарының басты мiндеттерi:

1) мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң кәсiби өсуi мен бiлiктiлiгiн арттыруға жағдай жасау;

2) мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары үшiн мамандар даярлау;

3) мамандар даярлау бейiнiне сәйкес қызметтi жетiлдiрудiң өзектi проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу, алынған зерттеу нәтижелерiн оқу процесiне және практикаға енгiзу болып табылады.

Ескерту. 9-4-баппен толықтырылды - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

9-5-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау

1. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторы - мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының басшысы;

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторының орынбасарлары - мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары басшысының орынбасарлары;

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары - мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мамандары;

облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторлары - мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң аумақтық органдарының басшылары;

облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторларының орынбасарлары - мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары;

облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары - мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң аумақтық органдарының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мамандары жатады.

 3. Шахталардың, кенiштердiң, кен қазбаларының жерасты құрылыстарында, ашық көмiр разрездерiнде, орман және тоғай алқаптарының аумақтарында, сондай-ақ әуе, темiржол, теңiз және iшкi су көлiгiнде өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылауды Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi органдары жүзеге асырады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегi өкiлдiктерiнiң өрт қауiпсiздiгiмен қамтамасыз етiлуiн бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк инспекторлар жүргiзiлген мемлекеттiк бақылаудың нәтижелерi бойынша өрт қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай мынадай актiлер:

1) тексеру жүргiзу нәтижелерi бойынша акт;

2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;

3) өрт қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;

4) өрт қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптары бұзылған жағдайда кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту туралы қаулы шығарады.

5. Дара кәсiпкерлердiң және заңды тұлғалардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормаларды, қағидаларды, техникалық регламенттердi және ұлттық стандарттарды сақтауы бақылануға жатады.

Ескерту. 9-5-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерiс енгiзiлдi - 2006.12.29 № 209, 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

9-6-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылауды жүзеге асыру тәртiбi

  Ескерту. 9-6-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

10-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары  қызметкерлерiнiң және өзге де жұмыскерлерiнiң  еңбегiн құқықтық реттеу

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескерiлiп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiмен реттеледi.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының өзге де жұмыскерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiмен және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасымен реттеледi.  

11-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары  қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне арнаулы атақтар берiледi.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң арнаулы атақтар берiлетiн лауазымды адамдарының тiзбесiн, сондай-ақ орталық органдағы, оның ведомствосындағы, аумақтық бөлiмшелердегi және ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердегi соларға сәйкес шектi атақтарды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

 Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

11-1-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын  қаржыландыру

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру бюджет қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады. 3-2-тарау

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiн

әлеуметтiк қорғау және осы органдарды қаржыландыру Ескерту. 3-2-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Ескерту. 3-2-тарау алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 3-3-тарау

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң өрт

қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласына қатысуы Ескерту. 3-3-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

12-бап. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет

1. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың өрттердiң алдын алу және сөндiру, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жоқ ұйымдар мен объектiлерде өртпен байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметi.

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет мiндеттi түрде құрылатын ұйымдар мен объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

2. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң негiзгi мiндеттерiне:

1) тиiстi объектiлерде өрттiң алдын алу және оны сөндiру;

2) тиiстi объектiлерде өрт сөндiруге байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу жатады.

3. Өртке қарсы қызмет мiндеттi түрде құрылатын ұйымдар мен объектiлердiң өрт қауiпсiздiгi мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметпен шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн.

4. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет осы Заңға және өртке қарсы қызметтiң жұмысын реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес өз қызметiн жүзеге асырады.

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет субъектiлерi өрт қауiпсiздiгi саласындағы мiндеттердi орындауда мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына жәрдемдесуге мiндеттi.

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң осы Заңда көзделген барлық заңды талаптарын орындауға мiндеттi.

5. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметке жұмысқа кәмелеттiк жасқа толған және арнайы дайындық пен оқу курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады.

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметке жұмысқа психикалық ауруы, денсаулық жай-күйiнiң шектеулi болуы себептi, маскүнемдiгi немесе нашақорлығы бойынша денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын, сондай-ақ мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметке жұмысқа кiру уақытында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылдана алмайды.

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет өз қызметкерлерiн мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары үшiн белгiленген нормалар бойынша арнайы киiм-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етуге мiндеттi.

6. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары үшiн белгiленген өрт сөндiру техникасы, өрт-техникалық жарақтары мен жабдықтары бойынша тиiстi нормаларға сәйкес келуге тиiс.

Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.  

13-бап. Өртке қарсы ерiктi құралымдар

1. Дала өрттерiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елдi мекендердегi өрттердiң профилактикасы және оларды сөндiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру мақсатында өртке қарсы ерiктi құралымдар құрылуы мүмкiн.

2. Өртке қарсы ерiктi құралымдардың негiзгi мiндеттерiне:

1) дала өрттерiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елдi мекендердегi өрттердiң алдын алу және оларды жою;

2) дала өрттерiн, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елдi мекендердегi өрттердi сөндiрумен байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу;

3) өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсету жатады.

Өртке қарсы ерiктi құралымдар өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту және оларды өрт шыққан кездегi iс-әрекеттерге даярлауды жүзеге асыру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзедi.

3. Өртке қарсы ерiктi құралымдар ерiктi өрт сөндiрушiлерден жасақталады.

Ерiктi өрт сөндiрушiлерге ерiктi негiзде өзiнiң iскерлiк және моральдық қасиеттерiмен, сондай-ақ денсаулық жағдайына қарай өрттердiң алдын алумен және (немесе) оларды сөндiрумен байланысты мiндеттердi орындауға қабiлеттi азаматтар жеке тәртiппен қабылданады.

Ерiктi өрт сөндiрушiлерге қабылданған азаматтар жүргiзiлуiн ерiктi өртке қарсы құралымдар жүзеге асыратын ерiктi өрт сөндiрушiлер тiзiлiмiнде тiркеледi және бастапқы даярлықтан өтедi.

Ерiктi өрт сөндiрушiлердiң бастапқы даярлық бағдарламасын уәкiлеттi орган бекiтедi.

Ерiктi өрт сөндiрушiлердiң кейiнгi даярлығы өртке қарсы ерiктi құралымда жүзеге асырылады.

Ерiктi өрт сөндiрушiлердiң кейiнгi даярлық бағдарламасын өртке қарсы ерiктi құралымның басшысы әзiрлейдi және уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы бекiтедi.

4. Өртке дер кезiнде ден қою үшiн уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмi бойынша өртке қарсы ерiктi құралымның басшысы ерiктi өрт сөндiрушiлердi жинау тәртiбi мен оларды өрт шыққан жерге жеткiзу тәсiлiн айқындайды.

5. Ерiктi өрт сөндiрушiнiң өрттердiң алдын алу және оларды сөндiру, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және өрттердi сөндiруге байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды орындау кезеңiнде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайдағы кепiлдiктерi өртке қарсы ерiктi құралымның жарғысында белгiленедi.

6. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi өртке қарсы ерiктi құралымдардың тiзiлiмiн жүргiзедi.

Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 4-тарау

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

14-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтық реттеу

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтық реттеу - нормативтiк құқықтық актiлерде мiндеттi түрде орындалуға тиiс өрт қауiпсiздiгi талаптарын белгiлеу.

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерi, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын қамтитын нұсқаулықтар, техникалық регламенттер және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер жатады.

Өнiмге және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары техникалық регламенттерде белгiленедi.

Мемлекеттiк органдар әзiрлейтiн және өрт қауiпсiздiгi талаптарын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде келiсiлуге тиiс.

Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 № 209 Заңымен.

15-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеу және iске асыру

Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына, өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, сондай-ақ өртке қарсы күрес тәжiрибесi, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердiң, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өртену қаупiн бағалау негiзiнде әзiрленедi.

Заттарды материалдарды, бұйымдарды және жабдықтарды дайындаушылар (жеткiзушiлер) тиiстi техникалық құжаттамада осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өртену қаупiн, сондай-ақ оларды пайдаланған кездегi өрт қауiпсiздiгi шараларын мiндеттi түрде көрсетедi.

Кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектiлер үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеп, iске асырғанда, соның iшiнде оларды жобалағанда, өрт кезiнде адамдардың басқа жерге қауiпсiз көшiрiлуiн қамтамасыз ететiн шешiмдер мiндеттi түрде көзделуге тиiс.

Өндiрiстер үшiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шешiмдердi көздейтiн өрттердi сөндiру жоспарлары мiндеттi түрде әзiрленедi.

Елдi мекендер мен әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдар үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын тиiстi мемлекеттiк органдар әзiрлеп, iске асырады.

Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

15-1-бап. Объектiлердi өрт қауiптiлiгi дәрежесi бойынша бөлу

 Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, алынып тасталды - ҚР 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

16-бап. Өрттердi сөндiру

Өрттердi сөндiру азаматтарды, мүлiктердi құтқаруға және өрттердi жоюға бағытталған iс-әрекеттер болып табылады.

Қоныстану аумақтарында, стратегиялық, ерекше маңызды мемлекеттiк объектiлерде және мемлекет меншiгiндегi тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнде өрт сөндiрудi мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары жүзеге асырады.

Дала өрттерiн, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендердегi өрттердi сөндiрудi тиiстi аумақтағы жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.

Басқа объектiлердегi өрттердi сөндiрудi мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтер жүзеге асырады.

Мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектiлерде өрт сөндiруге мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын тартқан жағдайда шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен жүргiзiледi. Шығындар сомасы республикалық бюджетке есептеледi.

Өрттердi сөндiрудi ұйымдастырудың және бұған мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтi тарту тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң өрттердi сөндiруге баруы және оларды жоюға қатысуы сөзсiз тәртiппен жүзеге асырылады.

Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру үшiн елдi мекендердiң телефон жүйелерiнде бiрiңғай - 101 нөмiрi белгiленедi.

Өрттердi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметтiң қызметкерi барлық тұрғын үйге, өндiрiстiк және басқа да үй-жайларға кедергiсiз кiруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға, оттың өршуiне жол бермеуге және өрттi сөндiруге бағытталған кез-келген шаралар қолдануға құқылы.

Өртке қарсы қызметтiң өрттi сөндiруге тартылған барлық бөлiмшелерi өрттi сөндiру жөнiндегi басшыға бағынады. Өрттердi сөндiру кезiнде мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының уәкiлеттiлiк алған лауазымды адамдарынан басқа ешкiмнiң де оның iс-әрекетiне араласуға немесе оның өкiмiнiң күшiн жоюға құқығы жоқ.

Уәкiлеттi органның басшысы мемлекеттiк өртке қарсы барлық қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң аумақтық органдарының басшылары тиiстi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), облыстық маңызы бар қаланың, ауданның аумағында орналасқан өртке қарсы барлық қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады.

Өрттердi сөндiру кезiнде келтiрiлген материалдық залал қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс. Өртке қарсы қызметтiң жеке құрамы, аса қажет болған жағдайларда өрт сөндiруге қатысқан өзге де адамдар келтiрiлген залалды өтеуден босатылады.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдары және қорғаныс, әуе, темiр жол, теңiз және iшкi су көлiгi, орман шаруашылығы объектiлерiндегi өрттердi сөндiру уәкiлеттi орган мен тиiстi заңды тұлғалары арасындағы келiсiмдермен регламенттеледi.

Апаттарды, дүлей зiлзалаларды және өрт сөндiруге байланысты емес өзге де төтенше жағдайларды жою кезiнде мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының күштерi мен құралдары (ақшалай қаражаттан басқа) оларды жою жөнiндегi басшының қарамағына көшедi.

Өрт сөндiру кезiнде мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң:

1) өрт сөндiру үшiн өртке қарсы қызметтiң күштерi мен құралдарын, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тартуға;

2) өрттi сөндiру және жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтатуға, қажет болғанда қауiптi аймақтан адамдарды және материалдық бағалы заттарды көшiруге нұсқау беруге;

3) өрт кезiнде азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кiрулерiн шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға;

4) өрт кезiнде азаматтардың жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында және азаматтарды құтқаруға, оттың таралуын болдырмауға және өрттi жоюға бағытталған шараларды қабылдау үшiн азаматтардың тұрғын үй және өзге де үй-жайларына, ұйымдарына, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнен басқа аумақтар мен үй-жайларға кедергiсiз кiруге;

5) қажет болған жағдайларда жабық есiктер мен терезелердi, сондай-ақ адамдарды құтқару мен өрт сөндiруде кедергi болатын құрылыстарды бұзып ашуға;

6) адамдарды құтқару үшiн және аса қажет болған жағдайда өрттi сөндiру және жою кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен, ұйымдардың байланыс құралдарын, мүлкiн және өзге де материалдық құралдарын, көлiктi, егер залал келтiрiлген болса, оны иелерiне өтеу арқылы пайдалануға құқылы.

Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16 № 437, 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

17-бап. Өрт сөндiру - техникалық өнiмдi өндiру

Өрт сөндiру - техникалық өнiмi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте шарттық негiзде, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен жүзеге асырылатын тәртiпте өндiрiледi.

Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өрт сөндiру-техникалық өнiмiнiң түрлерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16 № 437 Заңымен.

18-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету

Қазақстан Республикасында өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететiн мемлекеттiк емес ұйымдар құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн, оларға мыналар жатады:

- өрт сөндiру-техникалық өнiмiн өндiру, оны сынықтардан өткiзу, сатып алу және жеткiзiп беру;

- жобалау iздестiру жұмыстарын атқару;

- ғылым-техникалық кеңес беру және жобалардың мемлекеттiк сараптамасының ерекше құзыретiне жатқызылатын сараптау жұмыстарын қоспағанда, сараптама жүргiзу;

- заттардың, материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және конструкциялардың өрт қауiпсiздiгiн сынау;

- халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету;

- өртке қарсы насихатты жүзеге асыру, арнайы әдебиет пен жарнама өнiмiн басып шығару;

- оттан қорғау және мұржа-пеш жұмыстары;

- өрт саймандарын, өрттердi сөндiрудiң бастапқы құралдарын өндiру, оларды жөндеу және қызмет көрсету, отты сөндiретiн заттардың сапасын қалпына келтiру;

- өртке қарсы қызметтiң ғимараттары мен құрылыстарын салу, қайта құру және жөндеу;

- өрттен қорғау жүйелерi мен құралдарын өндiру, монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

 - өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз бағалау;

- тiзбесiн мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары белгiлейтiн өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстар мен қызметтер жатады.

Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16 № 437, 2003.07.02 № 454, 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

19-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы бiлiмдердi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы бiлiмдердi насихаттауды уәкiлеттi орган және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары мен қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады. Бiлiмдердi насихаттау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары пайдалануы мүмкiн.

Азаматтарды оқытып-үйрету мектепке дейiнгi және жалпы орта бiлiм беру мекемелерiнде, жұмыс орны мен тұрғылықты жерi бойынша ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету - орта бiлiмнен кейiнгi, арнаулы орта және жоғары бiлiм беру, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлау ұйымдарында, өрт қауiпсiздiгi саласындағы iс-әрекеттерге әзiрлеу жөнiндегi орталықтарда, жұмыс орны бойынша ұйымдарда жүргiзiледi.

Бағдарламалар мазмұнына қойылатын талаптарды және өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

20-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ақпаратқа халықтың құқығы

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ақпаратты ұйымдар қызметiнiң қауiп-қатер деңгейi және басым өртену қауiптiлiгi, қажеттi қауiпсiздiк, өрттердiң салдарлары, олардан сақтандыру және оларды жою жөнiндегi шаралар туралы мәлiметтер құрайды. Ақпарат ашық және жариялы болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануға жатады.

Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде өздерi қабылдаған шешiмдер туралы халықты хабардар етуге және өрттен қорғау - техникалық бiлiмдердi таратуға жәрдемдесуге тиiс.

Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.  

21-бап. Өрттердi және олардың салдарын мемлекеттiк  есепке алу

Өрттердi және олардың салдарларын мемлекеттiк есепке алуды мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Мемлекеттiк органдар, ұйымдар мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына өрттер және олардың салдарлары туралы есептер ұсынады.

Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

22-бап. Өрт қауiпсiздiгiн ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз ету

Өрт қауiпсiздiгiн ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз етудi ғылыми-зерттеу ұйымдары және оқу орындары жүзеге асырады.

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ғылыми-техникалық талдамаларды қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерi есебiнен жүзеге асырылады.

Ғылыми зерттеулердi үйлестiру уәкiлеттi органға жүктеледi.

Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

23-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы сәйкестiктi растау

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы сәйкестiктi растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады

Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 № 209, өзгерту енгiзiлдi - 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 4-1-тарау

Өрт қауiпсiздiгiнiң жалпы талаптары Ескерту. 4-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 № 209 Заңымен.

23-1-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы техникалық реттеу объектiлерi

Өнiм және оның өмiрлiк циклiнiң процестерi өрт қауiпсiздiгi саласындағы техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.

23-2-бап. Жобалау, салу, реконструкциялау және өндiру кезiндегi өрт қауiпсiздiгi талаптары

Техникалық реттеу объектiлерiн жобалау, салу, реконструкциялау және өндiру кезiнде:

1) объектiлердi орналастыру;

2) объектiлердi пайдалану;

3) объектiлердi өрт-техникалық тұрғыдан жiктеу;

4) объектiлердi өрт депосы ғимараттарымен және құрылыстармен қамтамасыз ету;

5) адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

6) өрттiң таралуын болғызбау;

7) өрттi сөндiру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету;

8) өрт сөндiру кезiнде құтқару жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi талаптар сақталуға тиiс.

23-3-бап. Пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және өткiзу кезiндегi өрт қауiпсiздiгi талаптары

Техникалық реттеу объектiлерiн пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және өткiзу кезiнде:

1) өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар;

2) адамдарды эвакуациялау жолдары;

3) өрт шыққан жағдайда адамдардың қауiпсiздiгi мен iс-қимыл тәртiбiн қамтамасыз ету;

4) инженерлiк жүйелермен жарақталуы және олардың жұмыс жағдайына келтiрiлуi;

5) өрт автоматикасы жүйесiмен жарақталуы және оның жұмыс жағдайына келтiрiлуi, оған қызмет көрсету және қызмет көрсететiн қызметкерлер ұдайы болатын орындарға шығару;

6) өрт техникасымен жарақталуы және оның жұмыс жағдайына келтiрiлуi;

7) өрттiң таралуын болғызбау;

8) өрттi сөндiру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету;

9) аумақтарды, ғимараттар мен құрылыстарды, объектiлердiң үй-жайларын күтiп-ұстау;

10) өрт сөндiру кезiнде құтқару жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптар сақталуға тиiс. 5-тарау

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтар мен мiндеттер

24-бап. Азаматтардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

Қазақстан Республикасы азаматтарының:

- өрттер болған жағдайда өздерiнiң өмiрiн, денсаулығын және жеке мүлкiн қорғауға;

- Қазақстан Республикасы аумағындағы белгiлi бiр жерде болғанда өздерi ұшырауы мүмкiн өрт қаупi туралы және қажеттi қауiпсiздiк шаралар туралы хабардар болуға;

- өрттер салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды қолданылып жүрген заңдармен белгiленген тәртiппен өтеттiруге;

- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, соның iшiнде белгiленген тәртiппен қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiктерi қызметiне қатысуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының азаматтары:

- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;

- өрттердi байқаған жағдайда өртке қарсы қызметтi дереу хабардар етуге;

- өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi келгенге дейiн азаматтарды, мүлiктi құтқару және өрттердi сөндiру жөнiнде қолдан келген шараларды қолдануға;

- өрттi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметке көмек көрсетуге;

- мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;

- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылау мақсатында өздерiне тиесiлi өндiрiстiк, шаруашылық, тұрғын үйлердi және өзге де үй-жайлар мен құрылыстарды тексеруге және қарап шығуға мүмкiндiк беруге мiндеттi.

Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

25-бап. Ұйымдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

Өрт қауiпсiздiгi мен өрт сөндiрудi қамтамасыз ету ұйымдардың басшыларына жүктеледi.

Ұйымдардың:

- өз қаражаты есебiнен ұстайтын мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтi осы Заңда белгiленген тәртiппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, сондай-ақ шарттар негiзiнде мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтi тартуға;

- мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өкiлдi органдарға өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныс енгiзуге;

- ұйымдардың объектiлерiнде болған өрттердiң себептерi мен мән-жайларын анықтау жөнiнде жұмыстар жүргiзуге;

- заңдармен белгiленген шекте өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi әлеуметтiк және экономикалық ынталандыру шараларын белгiлеуге;

- өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiнде ақпарат, соның iшiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарынан ақпарат алуға құқығы бар.

Ұйымдар:

- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;

- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға;

- өртке қарсы насихат жүргiзуге, сондай-ақ өздерiнiң қызметкерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйретуге;

- мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектiлерде, соның iшiнде мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметпен шарт жасасу негiзiнде мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтi құруға немесе ұстауға;

- өрт сөндiру жүйелерi мен құралдарын түзу күйiнде ұстауға, олардың мақсатқа сай пайдаланылмауына жол бермеуге;

- өрт қарсы қызметке өрттердi сөндiру, олардың шығу және өршу себептерi мен жағдаяттарын анықтау кезiнде, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуына және өрттердiң шығуына кiнәлi адамдарды анықтау кезiнде жәрдем көрсетуге;

- өрттердi анықтайтын және сөндiретiн автоматты құралдарды енгiзу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;

- өрт сөндiру жөнiндегi iс-әрекеттердi атқаруға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi және өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдар аумағында өрттердi сөндiру кезiнде қажеттi күш-құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерi мен тынығу орындарын Үкiмет белгiлеген тәртiппен беруге;

- өртке қарсы қызметi өкiлдерiне олар ұйымдар аумағында қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асырған кезде заңдарда белгiленген тәртiппен жүрiп-тұруын қамтамасыз етуге; 

- өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйi туралы, соның iшiнде өздерi өндiретiн өнiмдердiң өртену қаупi туралы, сондай-ақ өз аумақтарында болған өрттер және олардың зардаптары туралы мәлiметтер мен құжаттарды мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына беруге;

- өрттердiң шыққаны, өртке қарсы қолда бар қорғану жүйелерi мен құралдарының ақаулары туралы, жолдар мен кiрме жолдардың жай-күйiнiң өзгерiстерi туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлауға;

- өрттiң алдын алу және сөндiру, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жоқ ұйымдар мен объектiлердегi өртке байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы уәкiлеттi органға хабарлама жасауға;

- шөптесiн өсiмдiктердi өртеу және ашық алаңқайларда арнайы от әсерлерiн қолдану жөнiндегi iс-қимылдарды жүзеге асырудың басталғаны туралы уәкiлеттi органға хабарлама жасауға мiндеттi.

Өтiнiш берушiлер «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтi немесе iс-қимылды жүзеге асыру басталғанға дейiн кемiнде он жұмыс күнi бұрын хабарламалар берудi жүзеге асырады.

Егер iс-қимылды жүзеге асыру үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қатерiне байланысты болса, хабарламада өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша өтiнiш берушi қабылдаған шаралар қосымша көрсетiледi.

Ескерту. 25-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.07.16 № 437, 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  5-1-тарау. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз бағалау  Ескерту. Кодекс 5-1-тараумен толықтырылды - 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

25-1-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлерге  тәуелсiз бағалау жүргiзу

1. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз бағалау объектiнiң меншiк иесi мен сарапшы ұйым арасында жасалатын шарт негiзiнде жүргiзiледi.

Сарапшы ұйым өрт қауiпсiздiгi саласындағы өзге де қызметтi жүзеге асыруға, басқа жұмыстарды орындауға және (немесе) қызметтер көрсетуге құқылы емес, сондай-ақ өзiне меншiк құқығымен тиесiлi объектiде өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлерге тәуелсiз бағалауды жүргiзе алмайды.

2. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз бағалау мынадай iс-шараларды:

1) объектiнiң өрт қауiптiлiгiн, сондай-ақ персоналдың даярлық деңгейiн сипаттайтын құжаттарды талдауды;

2) объектiнiң өрт қауiпсiздiгi жай-күйi туралы объективтi ақпарат алу, өрттiң шығу және өршу, өрттiң қауiптi факторларының адамдарға әсер ету мүмкiндiгiн анықтау үшiн, сондай-ақ объектiнiң өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгiн айқындау үшiн объектiнi тексерудi;

3) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз бағалау жөнiндегi есептемелердi жүргiзудi;

4) объектiнiң өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi туралы қорытынды дайындауды қамтиды.

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлерге тәуелсiз бағалау жүргiзу нәтижелерi қорытынды түрiнде ресiмделедi.

Сарапшы ұйым қорытынды жасалғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде қорытындының көшiрмесiн уәкiлеттi органның аумақтың бөлiмшесiне табыс етедi.

Қорытындының қолданылу мерзiмi үш жылды құрайды.

3. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз бағалау мемлекеттiк меншiк объектiлерiнде, адамдар жаппай жиналатын және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнде жүргiзiлмейдi.

Қатерлердi тәуелсiз бағалау нәтижелерi объектiлердi катер дәрежесi бойынша бөлу үшiн негiз болып табылады.  

25-2-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз  бағалау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу

1. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз бағалау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

2. Өзiнiң штатында мынадай талаптардың бiрiне сай келетiн:

1) өрт қауiпсiздiгi саласында жоғары бiлiмi бар;

2) өзге жоғары бiлiмi және мемлекеттiк және (немесе) мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтерде кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар, арнайы оқыту курстарынан өткен кемiнде үш маманы бар ұйымдар сарапшы ұйымдар бола алады.

Сарапшы ұйымдар үшiн мамандарды арнайы оқыту курстары мамандандырылған оқыту ұйымдарында өткiзiледi, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

3. Аккредиттеу үшiн ұйым мынадай құжаттарды:

1) электрондық құжат нысанындағы өтiнiштi;

2) ұйымға меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде тиесiлi үй-жай туралы, жабдық туралы ақпаратты қамтитын, өтiнiш берушi электрондық құжат нысанында жасаған мәлiметтер нысанын;

3) ұйым мамандарының бiлiмi туралы, мемлекеттiк және (немесе) мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердегi жұмыс өтiлi, сондай-ақ олардың арнайы оқыту курстарынан өткенi туралы құжаттарының электрондық көшiрмелерiн ұсынады.

4. Аккредиттеу туралы құжаттарды қарау және олар бойынша шешiм қабылдау үшiн тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия құрылады, оның құрамы мен қызмет тәртiбiн уәкiлеттi органның басшысы айқындайды.

Комиссия аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды олар уәкiлеттi органға түскен кезден бастап есептелетiн он бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

Оң шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган сарапшы ұйымдардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi жазба енгiзедi және өтiнiш берушiге аккредиттеу аттестатын бередi.

5. Ұсынылған құжаттар осы баптың 2 және З-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкiлеттi орган аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

Аккредиттеуден бас тартылған жағдайда, өтiнiш берушiге бес жұмыс күнi iшiнде мұндай бас тартудың себептерi көрсетiле отырып, дәлелдi жазбаша жауап жiберiледi.

6. Аккредиттеу мәселелерi бойынша даулар туындаған кезде өтiнiш берушiлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

7. Аккредиттеу аттестаттары эленктрондық құжат нысанында берiледi, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жарамды болады және олардың қолданылу мерзiмi бес жыл.

Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзiмi аккредиттеу туралы шешiм қабылданған кезден бастап есептеледi.

Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзiмiнiң өтуiне байланысты сарапшы ұйым қайта аккредиттеу үшiн осы бапта көзделген құжаттарды табыс етедi.

8. Аккредиттеу аттестатында:

1) ұйымның атауы (аты және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету), орналасқан жерi;

2) аккредиттеу аттестатының тiркеу нөмiрi;

3) аккредиттеу аттестатының сарапшы ұйымдардың мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген күнi;

4) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзiмi көрсетiледi.

9. Аккредиттеу аттестатынан айыру Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

10. Аккредиттеу аттестатының қолданылуы мынадай:

1) сарапшы ұйымның аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтату туралы өтiнiш беруi;

2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзiмiнiң өтуi;

3) заңды тұлғаның таратылуы;

4) аккредиттеу аттестатынан айыру негiздерi бойынша тоқтатылады.

11. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 Ескерту. 25-2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 6-тарау

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдарды бұзғаны үшiн

жауапкершiлiк

26-бап. Өрттердi және олардың зардаптарын тексеру

Өрттердi тексеру және олардың зардаптарын анықтау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

Өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң бұзылғаны немесе лауазымды адамдар мен азаматтардың әрекетсiздiгi анықталған жағдайда тексеру материалдары кiнәлiлердi жауапқа тарту үшiн тиiстi органдарға берiлуге тиiс.

27-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдарды және өзге де нормативтiк актiлердi бұзғандық үшiн жауапкершiлiк

Өрт қауiпсiздiгi туралы заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

Ескерту. 27-бапта мемлекеттiк тiлдегi мәтiнге өзгерту енгiзiлген жоқ - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

28-бап. Азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге өрт келтiрген залалды өтеу

Өрттердiң салдарынан азаматтардың денсаулығына, мүлкiне қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген залалды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

28-1-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi және олардың iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану құқығы

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.

Ескерту. 28-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 7-тарау

Қорытынды және өтпелi ережелер Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

29-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы дауларды шешу тәртiбi

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы дауларды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен соттар шешедi.

30-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жұмысында заңдылықтың сақталуын қадағалау

Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жұмысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды мемлекет атынан Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.

31-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы халықаралық шарттар

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда белгiленгеннен өзгеше ережелер көзделсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

32-бап. Өтпелi ережелер

2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн iшкi қызметтiң (өртке қарсы қызметтiң) полковнигi немесе iшкi қызметтiң (өртке қарсы қызметтiң) генерал-майоры арнайы атақтары берiлген мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi мынадай шектi жасқа:

1) iшкi қызметтiң (өртке қарсы қызметтiң) полковнигi - елу жасқа;

2) iшкi қызметтiң (өртке қарсы қызметтiң) генерал-майоры елу бес жасқа жеткенде қызметтен босатылуға құқылы.

Ескерту. 32-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. Қазақстан Республикасының

Президентi