Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жәбірленуші құқықтары берілген адам – Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес жәбірленушінің заңды өкілдері мен өкілдері, құқықтық мирасқорлар;
2) Жәбірленушілерге өтемақы қоры – Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ақша түсімдерін есепке жатқызу және жәбірленушілерге өтемақы төлемін жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
3) өтемақы – Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес жәбірленуші деп танылған адамға осы Заңда белгіленген тәртіппен біржолғы ақша төлемі;
4) регрестік талаптар – прокуратура органдары осы Заңның 11-бабында аталған тұлғаларға қатысты қолданатын, жәбірленушілерге өтемақы ретінде төленген ақшаны қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.
1. Өтемақы:
1) сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасымен және азаптаулармен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер деп танылған адамдарға:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110 (екінші бөлігінің 4) тармағында), 120 (3-1-бөлігінің 1-тармағында, 3-2-бөлігінің 1) және 3) тармақтарында және төртінші бөлігінде), 121 (3-1-бөлігінің 1) тармағында, 3-2-бөлігінің 1) және 3) тармақтарында және төртінші бөлігінде), 123 (екінші бөлігінде), 124, 128 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) тармағында), 134, 135 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) тармағында) және 146 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша;
2) денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдарға:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде) (қылмыстық топтың қылмыс жасау бөлігінде), 114 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 116 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 118 (екінші және үшінші бөліктерінде), 119 (екінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 120 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтiру, оған АИТВ жұқтыру бөлігінде), 121 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтiру, оған АИТВ жұқтыру бөлігінде), 125 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 126 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 127 (екінші бөлігінің 4) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 141 (бірінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 146 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 192 (екінші бөлігінің 5) тармағында), 202 (екінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 203 (екінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 255 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 261 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 269 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 270 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 277 (бірінші және екінші бөліктерінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 317 (екінші және бесінші бөліктерінде), 319 (бесінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 320 (екінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 322 (екінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 344 (бірінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 345 (екінші бөлігінде), 345-1 (екінші бөлігінде), 346 (төртінші бөлігінде), 350 (бірінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 351 (бірінші бөлігінде), 352 (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 355 (екінші бөлігінің 1) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 356 (екінші бөлігінің 1) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 358 (үшінші бөлігінде) және 359 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша;
3) жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленушінің құқықтары берілген адамдарға:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99, 104, 105 (адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бөлігінде), 106 (үшінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 116 (үшінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 119 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 120 (төртінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 121 (төртінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 125 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 126 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 127 (екінші бөлігінің 4) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 141 (екінші бөлігінде), 146 (үшінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 192 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 202 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 203 (үшінші бөлігінде), 255 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 261 (үшінші бөлігінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 269 (үшінші бөлігінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 270 (үшінші бөлігінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 277 (екінші және үшінші бөліктерінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 317 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 319 (бесінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 320 (екінші бөлігінде) (абайсызда науқастың өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 322 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 344 (екінші және үшінші бөліктерінде), 345 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 345-1 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 348 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 349 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 350 (екінші және үшінші бөліктерінде), 351 (екінші және үшінші бөліктерінде), 352 (адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 353 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 354 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 355 (үшінші бөлігінің 4) тармағында), 356 (екінші бөлігінің 4) тармағында), 358 (төртінші және бесінші бөліктерінде) және 359 (үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша тағайындалады.
Осы Заңның 8-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда жәбірленушілерге өтемақы тағайындалмайды.
2. Егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жәбірленушілер деп танылған кезінен бастап өтемақы алуға құқығы бар.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда – ҚР 03.07.2020 № 359-VI (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (11.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда жәбірленушілерге өтемақы мөлшері отыз айлық есептік көрсеткішті құрайды.
2. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда жәбірленушілерге өтемақы мөлшері қырық айлық есептік көрсеткішті құрайды.
3. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда жәбірленушілерге өтемақы мөлшері елу айлық есептік көрсеткішті құрайды.
4. Бір адам осы Заңның 6-бабының 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жәбірленуші ретінде танылған жағдайда, өтемақы қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірінің көп мөлшердегі өтемақысының аз мөлшердегі өтемақыны қамтуы арқылы тағайындалады.
1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өтемақы төлеуді қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін ұсынған күннен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей өтемақы алушылардың банктік шотына жүзеге асырады.
2. Ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, өтемақы төлеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Жәбірленушілерге өтемақы қоры қаражаты осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көрсетілген көздер есебінен толықтырылған кезде жүзеге асырады.
1. Салықтық емес түсімдер Жәбірленушілерге өтемақы қорын қалыптастыру көздері болып табылады, оларға:
1) сот өндіріп алатын мәжбүрлі төлемдер;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 156 және 165-баптарында көзделген процестік міндеттерді орындамағаны және сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін, адвокатты, прокурор мен сотталушыны қоспағанда, жәбірленушіге, куәға, маманға, аудармашыға және өзге де адамдарға сот салатын ақшалай өндіріп алулар;
3) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан ақшалай өндіріп алулар;
4) регрестік талаптар тәртібімен өндіріп алынған ақша;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер жатады.
2. Сот айыптау үкiмiн шығарған кезде кінәлі адамдардан Жәбірленушілерге өтемақы қорына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарының негізінде мәжбүрлі төлем өндіріп алынады.
Қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар тобы жасаған жағдайда, мәжбүрлі төлем әрбір кінәлі адамнан жеке өндіріп алынады.
Кінәлі адамға қатысты айыптау үкімі қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша шығарылған жағдайда, одан неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық санатына сәйкес келетін мәжбүрлі төлем өндіріп алынады.
3. Жәбірленушілерге өтемақы қорының ақша қалдықтары мемлекеттік бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.
4. Жәбірленушілерге өтемақы қорына инкассолық өкімдер шығаруға жол берілмейді.
1. Жәбірленушілерге өтемақы ретінде төленген ақшаны кінәлі адамдардан өтетіп алу жөніндегі регрестік талаптарды прокуратура органдары сотта мемлекет мүдделерін білдіру және қорғау шеңберінде қояды.
2. Жәбірленушілерге өтемақы қорынан жәбірленушілерге төленген ақшаны сот мыналардан да:
1) қылмыс жасауда кінәлі деп танылған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінен;
2) жеке тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылығымен келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес материалдық жауаптылықта болатын заңды тұлғалардан;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) және 12) тармақтарында немесе 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдардан;
4) жәбірленушінің өтемақы алу үшін анық емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар осы Заңның 6-бабында көзделмеген құрамдарға қайта сараланған және қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауынан қылмыстық іс тоқтатылған не соттың ақтау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, жәбірленушіден өндіріп алуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |