Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 101 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Экологиялық кодексi
101-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы

1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi. 

2. Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегiнде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алынады. 

ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілерді салу мен пайдалану жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) іске асырудан қоршаған ортаға эмиссияларға төлемақы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың негізінде, табиғат пайдаланушы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының қорытындысында айқындалған эмиссиялар нормативтерінің шегінде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алынады. 

3. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. 

4. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен).

5. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы бойынша салықтық мiндеттемелердi атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтiрген залалды өтеуден босатпайды. 

Ескерту. 101-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...99 100 101 102 103 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 101-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212