Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
112-бап. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар



Ст. 112 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар:  

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган; 

2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 

3) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; 

4) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 

5) жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;  

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;  

7) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 

8) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган; 

9) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган;  

10) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган; 

11) өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;  

12) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 

13) көлiктi бақылау органдары болып табылады. 

Ескерту. 112-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 491-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...110 111 112 113 114 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 112-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212