Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 115 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Экологиялық кодексi
115-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды ұйымдастыру

1. Мемлекеттiк экологиялық бақылау: 

1) қоршаған ортаға эмиссияларды және табиғи ресурстарды есепке алу жөнiндегi статистикалық ақпаратты, сондай-ақ табиғатты пайдаланушылардың табиғат қорғау қызметi туралы деректерiн талдау; 

2) табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауы мен орындауына тексерулер ұйымдастыру және жүргiзу; 

2-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Кодекске сәйкес профилактикалық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу; 

3) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшiн құқықтық құралдарды пайдалану жолымен жүзеге асырылады.  

2. Мемлекеттiк экологиялық бақылау шаралар кешенiн, оның iшiнде:  

1) бақылаудың басымдықтарын айқындауды; 

2) бақылаудың қолданыстағы құралдарын пайдалануды; 

3) қызметтiң перспективалық жоспарларын, нақты iс-шаралар мен қажеттi кадрлық және материалдық ресурстарды, сондай-ақ сапалық және сандық көрсеткiштердi әзiрлеу мен енгiзудi;  

4) тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізуді; 

5) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

6) талдама бақылаудың деректерiн және мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де ақпаратты жинауды, талдау мен пайдалануды;  

7) мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi қызметiнiң перспективалық, жылдық және жедел жоспарларын есепке алуды, құжаттауды және олардың iске асырылуын талдауды;  

8) мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi қызметiнiң ашықтығы мен есеп беруiн қамтамасыз етудi қамтиды. 

Ескерту. 115-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV; 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...113 114 115 116 117 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 115-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212