Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Экологиялық кодексi
116-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

Ст. 116 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға: 

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы; 

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары; 

Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары; 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары; 

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары; 

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары; 

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік экологиялық инспекторлары жатады. 

1-1. Осы баптың 1-тармағында аталған лауазымды адамдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тағайындайды. 

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi мемлекеттiк қызметшiлерiнiң санаттарын осы баптың 1-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

2. Мемлекеттік экологиялық инспекторлар белгіленген тәртіппен нысанды киіммен (погонсыз) қызметтік куәліктермен, омырау белгілерімен және белгіленген үлгідегі мөрлермен және пломбирлермен қамтамасыз етіледі. 

Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

3. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның қызметiне араласуға жол берiлмейдi. 

4. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыруға кедергi келтiретiн, мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға қатысты күш көрсету немесе зорлық iс-әрекет жасау арқылы қатер төндiретiн адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады. 

5. Мемлекеттiк экологиялық инспекторлардың өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi және солар бойынша мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын жоғары тұрған мемлекеттік органның лауазымды адамына және сотқа шағым жасауға болады. 

6. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік экологиялық инспекторларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы жазылған құжаттардың бланкілері болады. 

Ескерту. 116-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

117-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

117-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары


1. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:  

1) табиғат пайдаланушылармен, жеке тұлғалармен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасасуға;  

2) тексерiлетiн объектiлерде, оның iшiнде әскери және қорғаныс объектiлерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кедергiсiз болуға; 

3) жеке және заңды тұлғалардың аумақтарына сынамалар алуға арналған өлшеу аспаптары мен жабдықтарды алып кiруге, қажет болғанда мамандарды және жұртшылық өкiлдерiн тарта отырып, қажеттi өлшеу жұмыстарын жүргiзуге, сынамалар (оның iшiнде тауарлар мен материалдардың үлгiлерiн) алуға және оларға талдау жасауға;  

4) мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыруға қажеттi құжаттаманы, талдаулар нәтижелерiн және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;  

5) қоршаған ортаға және (немесе) халықтың денсаулығына аса ірі залал келтiруге әкеп соққан, табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық рұқсатта көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензияны тоқтата тұру немесе одан айыру және (немесе) табиғи ресурстарды пайдалану және алу шартын (келiсiмшартты) бұзу жөнінде, табиғат пайдалануға экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе одан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 

6) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығаруға;  

7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметтi шектеу, тоқтата тұру және тыйым салу туралы талап-арыздар ұсынуға; 

8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға, тұлғаларды әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;  

9) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтiрiлген залал мөлшерiн айқындауға немесе анықтауға қатысуға, залалды өтеу туралы нұсқама шығаруға және сотқа талап-арыз ұсынуға; 

10) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылардың iс-әрекеттерiн болғызбау немесе олардың жолын кесу үшiн жәрдемдесуiн сұрап, прокуратураға және құқық қорғау органдарына жүгiнуге;  

11) мердiгер барлау, өндiру, бiрлескен барлау мен өндiру жүргiзудi не барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға әкеп соққан себептердi жоюдан бас тартқан жағдайда не осы себептердi жою үшiн жеткiлiктi мерзiм iшiнде оларды жоймаса; жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген шараларды қолданбаған кезде; жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды тоқтата тұруға әкеп соққан себептердi жою мүмкiн болмағанда; мердiгер келiсiмшартта не бағдарламалық жұмыстарда белгiленген мiндеттердi елеулi түрде бұзған кезде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшарттың қолданылуын тоқтату туралы өз құзыретi шегiнде құзыреттi органға ұсыныс енгiзуге құқылы. 

2. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда арнаулы құралдарды (арнайы байланыс құралдарын, фото-бейне аппаратураларды, өлшеу құралдарын) сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар. 

Ескерту. 117-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...114 115 116 117 118 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 116-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212