Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 12 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Экологиялық кодексi
12-бап. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілердің санаттары

1. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілер осындай әсер ету деңгейі мен тәуекеліне қарай төрт санатқа бөлінеді: 

1) қоршаған ортаға елеулі жағымсыз әсер ететін объектілер (I санаттағы объектілер); 

2) қоршаған ортаға бірқалыпты жағымсыз әсер ететін объектілер (ІІ санаттағы объектілер); 

3) қоршаған ортаға болмашы жағымсыз әсер ететін объектілер (III санаттағы объектілер); 

4) қоршаған ортаға барынша аз жағымсыз әсер ететін объектілер (IV санаттағы объектілер). 

2. Осы Кодекске 2-қосымшада өздерінің негізінде қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді І, ІІ немесе ІІІ санаттағы объектілерге жатқызу жүзеге асырылатын қызмет түрлері және өзге де өлшемшарттар белгіленеді. 

Осы Кодекске 2-қосымшада көрсетілмеген немесе онда баяндалған өлшемшарттарға сәйкес келмейтін қызмет түрлері IV санаттағы объектілерге жатады. 

3. I және II санаттардағы объектілерге қатысты "объект" термині өзінің шегінде осы Кодекске 2-қосымшаның 1-бөлімінде (I санаттағы объектілер үшін) немесе 2-бөлімінде (II санаттағы объектілер үшін) көрсетілген қызмет түрлерінің біреуі немесе бірнешеуі, сондай-ақ олармен технологиялық тұрғыдан тікелей байланысты болатын, осындай объект орналасатын сол өнеркәсіптік алаң шегінде жүзеге асырылатын кез келген өзге қызмет түрлері жүзеге асырылатын стационарлық технологиялық объектіні (кәсіпорынды, өндірісті) білдіреді. 

III санаттағы объектілерге қатысты "объект" термині өздерінің шегінде осы Кодекске 2-қосымшаның 3-бөлімінде көрсетілген қызмет түрлері жүзеге асырылатын ғимаратты, құрылысжайды, олардың кешенін, алаңды немесе аумақты білдіреді. 

Әртүрлі санаттағы объектілерде жүргізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстары мен рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстар өздеріне сәйкес I, II, III немесе IV санатқа жатқызылатын өлшемшарттар қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді. 

4. Объектіні санаттарға жатқызу осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес: 

1) осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсері міндетті бағалануға жататын, белгіленіп отырған қызметке қатысты – қоршаған ортаға әсеріне міндетті бағалау жүргізу кезінде; 

2) осы Кодекске сәйкес белгіленіп отырған қызмет әсерінің міндетті скринингіне жататын, белгіленіп отырған қызметке қатысты – белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу кезінде жүзеге асырылады; 

3) осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілмеген өзге белгіленіп отырған қызметке қатысты – осы Кодекстің талаптарын ескере отырып, оператор дербес жүзеге асырады. 

Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

5. Объектілерді тиісті санатқа жатқызу кезінде:  

1) қызмет түрлері (сала, саланың бөлігі, өндіріс, объект) бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету деңгейлері; 

2) ластағыш заттардың шығарындыларындағы, төгінділеріндегі ластағыш заттардың уыттылық деңгейі, канцерогендік және мутагендік қасиеттері, сондай-ақ қалдықтардың сыныпталуы ескеріледі. 

6. Осы Кодексте объектінің операторы деп меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объект бар жеке немесе заңды тұлға түсініледі. 

Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектіні салу, реконструкциялау, пайдалану және (немесе) жою (кейіннен кәдеге жарату) кезінде жекелеген жұмыстарды орындау және (немесе) жекелеген қызметтерді көрсету үшін объектінің операторы тартқан жеке және заңды тұлғалар объект операторлары болып танылмайды. 

Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2023 № 17-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться