Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 122 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Экологиялық кодексi
122-бап. Әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты алуға өтініш

1. Әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты алуға өтініш осы Кодекстің 120-бабының 3-тармағына сәйкес әсер етуге арналған экологиялық рұқсат беруді жүзеге асыратын органға белгіленген нысан бойынша электрондық түрде беріледі. 

2. Әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты алуға өтінішке мыналар қоса беріледі: 

1) белгіленіп отырған қызметке қатысты – І немесе II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы; 

2) осы Кодексте көзделген жағдайларда, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері жөніндегі қорытынды не қоршаған ортаға әсер етуге міндетті бағалау жүргізудің қажеттілігі жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсер етуіне жүргізілген скринингтің нәтижелері туралы қорытынды; 

3) қоршаған ортаға әсер етуді міндетті бағалауға жатпайтын қызмет түрлері бойынша – оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары; 

4) эмиссиялар нормативтерінің жобасы (объектіні пайдалану үшін); 

5) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін); 

6) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін); 

7) әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы; 

8) күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтерінің жобасы (көмірсутектерді барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде). 

3. Әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты алуға өтініштің нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

Ескерту. 122-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2023 № 17-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...120 121 122 123 124 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться