Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 125 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Экологиялық кодексi
125-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі

1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін ендірген табиғат пайдаланушыларға қатысты қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінен алынған деректерді талдау жолымен жүргізеді. 

2. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады. 

3. Бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) оған бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ақпараттық хатты ресімдейді және бақылау субъектісіне жібереді. 

4. Ақпараттық хат жөнелту және алу фактілерін растайтын тәсілмен бақылау субъектісіне табыс етілуге тиіс. 

Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ақпараттық хат мынадай жағдайларда: 

1) қолма-қол – ақпараттық хатта алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;  

2) курьерлік не пошта қызметімен; 

3) электрондық тәсілмен – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган сұрау салған кезде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілген болып саналады. 

5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпараттық хатты алған бақылау субъектісі, ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын оларды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып ұсынуға міндетті. 

Ақпараттық хатта көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, бақылау субъектісі ақпараттық хатты жіберген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ақпараттық хат табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы. 

6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймау, сол сияқты бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын мерзімінде ұсынбау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жарты жылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді. 

7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі. 

Ескерту. 125-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...123 124 125 126 127 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 125-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212