Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 129 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Экологиялық кодексi
129-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу тәртiбi

1. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды табиғат пайдаланушы әзiрлеген өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы негiзiнде табиғат пайдаланушы жүзеге асырады. 

2. Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасында өндiрiстiк экологиялық бақылау процесiнде қадағаланып отыратын мiндеттi параметрлер тiзбесi, оның мерзiмдiлiгiн, ұзақтығы мен өлшемдер жиiлiгiн айқындау критерийлерi, пайдаланылатын аспаптық немесе есептiк әдiстер белгiленедi.  

3. Өндiрiстiк экологиялық бақылау шеңберiнде өндiрiстiк процестiң тиiмдiлiгiн экологиялық бағалау қоршаған ортаға эмиссиялар, зиянды өндiрiстiк факторлар деңгейiн, сондай-ақ табиғи, энергетикалық және өзге де ресурстарды тұтынудың нақты көлемiн өлшеу негiзiнде және (немесе) есептеу негiзiнде жүзеге асырылады. 

Ескерту. 129-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...127 128 129 130 131 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 129-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212