Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 130 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Экологиялық кодексi
130-бап. Табиғат пайдаланушының өндiрiстiк экологиялық бақылау жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi

1. Өндiрiстiк экологиялық бақылау жүргiзу кезiнде табиғат пайдаланушының:  

1) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қадағалап отыру үшiн ең аз қажеттi көлемде өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүзеге асыруға;  

2) өзiнiң техникалық және қаржылық мүмкiндiктерiн ескере отырып, қабылданған талаптарға сәйкес өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын әзiрлеуге;  

3) өндiрiстiк экологиялық бақылау қызметiнiң ұйымдық құрылымын және персоналдың оны жүргiзу үшiн жауапкершiлiгiн дербес айқындауға;  

4) кеңейтiлген өндiрiстiк экологиялық бақылауды ерiктi негiзде жүргiзуге; 

5) өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу тәртібіне және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептілікке қойылатын талаптарға сәйкес ластану көздерінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнатуға құқығы бар. 

2. Өндiрiстiк экологиялық бақылау жүргiзу кезiнде табиғат пайдаланушы: 

1) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын әзiрлеуге; 

2) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының талаптарын iске асыруға және нәтижелерiн құжаттауға;  

3) рәсiмдiк талаптарды ұстануға және алынған деректердiң сапасын қамтамасыз етуге; 

4) өндiрiстiк экологиялық бақылаудың нәтижелерiн жүйелi түрде бағалауға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына анықталған сәйкессiздiктердi жою жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;  

5) өндiрiстiк экологиялық бақылау нәтижелерi жөнiндегi есептiлiктi қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға белгiленген тәртiппен ұсынуға;  

6) өндiрiстiк экологиялық бақылау процесiнде анықталған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу фактiлерi туралы қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға үш жұмыс күні ішінде хабарлауға; 

7) қауiпсiздiк техникасын сақтауға;  

8) жүзеге асырылатын өндiрiстiк экологиялық бақылаудың сапасы мен объективтiлiгiн растау үшiн мемлекеттiк экологиялық инспекторлардың бастапқы ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге; 

9) жұртшылықтың өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламаларына және өндiрiстiк экологиялық бақылау жөнiндегi есептiк деректерге қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге; 

10) мемлекеттiк экологиялық инспекторлардың талап етуi бойынша мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi өндiрiстiк экологиялық бақылаудың құжаттарын, талдаулардың нәтижелерiн және өзге де материалдарын ұсынуға мiндеттi. 

Ескерту. 130-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2016 № 505-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...128 129 130 131 132 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 130-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212