Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
132-бап. Өндiрiстiк мониторингтiң түрлерi және оны жүргiзудi ұйымдастыру



Ст. 132 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Өндiрiстiк мониторинг өндiрiстiк экологиялық бақылаудың белгiленген кезеңдiлiкпен толық деректер алу үшiн орындалатын элементi болып табылады.

2. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүзеге асыру шеңберiнде операциялық мониторинг, қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингi және әсер ету мониторингi орындалады.

3. Операциялық мониторинг (өндiрiстiк процесс мониторингi) табиғат пайдаланушының қызмет көрсеткiштерi оны тиiстi жобалық пайдалану және осы өндiрiстiң технологиялық регламентiнiң талаптарын сақтау үшiн орынды деп есептелетiн ауқымда тұрғанын растау үшiн технологиялық процестiң параметрлерiн қадағалауды қамтиды. Операциялық мониторингтiң мазмұнын табиғат пайдаланушылар айқындайды.

4. Қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингi өндiрiстiк ысыраптарды, эмиссиялардың саны мен сапасын және олардың өзгеруiн қадағалау үшiн эмиссияларды шығу көзiнде бақылауды қамтиды.

5. Әсер ету мониторингiн жүргiзу, ол Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының және қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң сақталуын қадағалап отыру үшiн қажет болған жағдайларда өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасына енгiзiледi.

6. Әсер ету мониторингi мынадай жағдайларда:

1) табиғат пайдаланушының қызметi сезiмтал экожүйеге және халықтың денсаулығына әсер ететiн болса;

2) технологиялық oбъектiлердi пайдалануға беру кезеңiнде;

3) қоршаған ортаға авариялық эмиссиялардан кейiн мiндеттi болып табылады.

7. Әсер ету мониторингiн табиғат пайдаланушы жеке, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша басқа да табиғат пайдаланушылармен бiрге жүзеге асыруы мүмкiн.

 8. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 9. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингiн Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген өндiрiстiк немесе тәуелсiз зертханалар жүзеге асырады.

10. Өндiрiстiк мониторингтiң деректерi Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жүргiзу шеңберiнде қоршаған ортаның жай-күйiн бағалау үшiн пайдаланылады.

 Ескерту. 132-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...130 131 132 133 134 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 132-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212