Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 136 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Экологиялық кодексi
136-бап. Экологиялық залалды жою жөніндегі міндет

1. "Ластағыш төлейді" қағидатына сәйкес әрекеті немесе қызметі экологиялық залал келтірген тұлға экологиялық залал келтірілген табиғи орта құрамдастарын толық көлемде және өз есебінен ремедиациялауды жүзеге асыруға міндетті.  

Экологиялық залал келтірген тұлғаны әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту мұндай тұлғаны осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген азаматтық-құқықтық жауаптылықтан босатпайды.  

2. Осы Кодекстің 137-бабының 4-тармағына сәйкес қалпына келтіру немесе ремедиациялау жөніндегі шараларды іске асыруға мемлекет атынан қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шеккен шығындарды өтеуді қоспағанда, келтірілген экологиялық залал үшін ақшалай өтемақы талап етуге немесе алуға ешкім де құқылы емес.  

3. Жеке немесе заңды тұлғаны осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген жауаптылыққа тарту үшін бір мезгілде мынадай шарттардың болуы қажет: 

1) әрекеттері немесе қызметі экологиялық залал келтірген нақты тұлғаны немесе тұлғаларды анықтау мүмкіндігі; 

2) экологиялық залал мен осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың әрекеттері немесе қызметі арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау мүмкіндігі; 

3) экологиялық залал анық айқындалған және өлшенетін болуға тиіс. 

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы бапқа сәйкес жауаптылыққа тартылуы мүмкін жеке және заңды тұлғаларға экологиялық залалды жою туралы талап қойып сотқа жүгінеді. 

5. Егер салдарынан экологиялық залал келтірілген қызметті жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған тұлға тіршілік етуін тоқтатқан жағдайда, экологиялық залал келтіргені үшін жауаптылық аталған тұлғаның құқық мирасқорына жүктеледі. 

6. І немесе ІІ санаттағы объектілерге жататын мүліктік кешендерді жекешелендіру кезінде жекешелендіруді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. I немесе II санаттағы объектілерге жататын мүліктік кешендерді жекешелендіру осындай І немесе ІІ санаттағы объектінің ықтимал әсер ету саласында орналасқан табиғи орта құрамдастарының жай-күйін жекешелендіру жоспарында көзделуге және мамандандырылған ұйымдарды (аккредиттелген зертханаларды) тарта отырып және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қатысуымен жүзеге асырылуға тиіс экологиялық залалдың болуы тұрғысынан міндетті тексеру нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. 

Жекешелендіру алдындағы әрекет немесе қызмет салдарынан келтірілген экологиялық залал үшін жауаптылықты жекешелендіру объектісінің бұрынғы меншік иесі – мемлекет көтереді. Мұндай жағдайларда осындай экологиялық залалды жою жөніндегі міндетті жекешелендірілген мүліктің (объектінің) жаңа меншік иесіне бөліп беру немесе ауыстыру оның келісімімен ғана мүмкін болады. 

7. Егер құқықтық мирасқорды анықтау мүмкін болмаған не ол тіршілік етуін тоқтатқан жағдайда, экологиялық залалды жою жөніндегі міндет экологиялық залал келтірілген кезде немесе, егер мұндай залал келтіру ұзақ сипатқа ие болса, экологиялық залал келтірген әрекет немесе қызмет аяқталған кезде, экологиялық залал келтірген тұлға тиісті әрекеттерді немесе қызметті жүзеге асырған жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушысы болған тұлғаға жүктеледі. 

8. Егер осы баптың 5 және 7-тармақтарында көрсетілген тұлғаларды анықтау мүмкін болмаған немесе олар жұмысын тоқтатқан жағдайда, егер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган сотта мұндай меншік иесі немесе жер пайдаланушы көрсетілген жер учаскесіне құқықтарды алған кезде оған осы жер учаскесінде бұрын жүзеге асырылған әрекеттермен немесе қызметпен келтірілген экологиялық залалдың бар екені белгілі болғанын дәлелдесе, экологиялық залалды жою жөніндегі міндетті залал келтірген тұлға өз қызметін жүзеге асырған жер учаскесінің қазіргі меншік иесі немесе жер пайдаланушысы көтереді. 

9. Экологиялық залал келтірілу фактісі анықталған кезден бастап үш жыл ішінде осы баптың 5, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген тұлғаларды анықтау мүмкін болмаған немесе олар болмаған кезде, экологиялық залалды жою жөніндегі міндет мемлекетке жүктеледі. Экологиялық залалды жою бойынша қажетті іс-шаралар жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органы ұйымдастырады.

Статья 1 ...134 135 136 137 138 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться