Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
142-бап. Табиғи ресурстар мониторингi



Ст. 142 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Табиғи ресурстар мониторингi мынадай түрлердi қамтиды: 

1) жер мониторингi; 

2) су объектiлерi және оларды пайдалану мониторингi; 

3) жер қойнауы мониторингi; 

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мониторингi; 

5) таулы экожүйелер мен шөлейттену мониторингi; 

6) орман мониторингi; 

7) жануарлар дүниесi мониторингi; 

8) өсiмдiктер дүниесi мониторингi. 

2. Табиғи ресурстар мониторингiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады. 

3. Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және теріс процестер салдарларының алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында жер қорының сапалық және сандық жай-күйіне базалық (бастапқы), жедел, кезеңдік байқаулар, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүргізілген байқаулар жүйесін білдіреді. 

4. Су объектiлерi мониторингi теріс процестердi уақтылы анықтау, олардың дамуын бағалау мен болжау, жүзеге асырылатын су шаруашылығы iс-шараларының зиянды салдарларын болғызбау және тиiмдiлiк дәрежесiн айқындау жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында олардың жай-күйiнің гидрологиялық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, санитариялық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық көрсеткiштерін тұрақты байқаулар жүйесін, алынған ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүргізуді білдіреді. 

пайдалануды қамтамасыз ету және олардың өзгеруін уақтылы анықтау, теріс процестер салдарларын бағалау, олардың алдын алу және жою үшін жер қойнауының жай-күйін байқау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау жүйесін білдіреді. Жер қойнауы мониторингінің деректері Жер қойнауының мемлекеттік кадастрында жинақталады. 

6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мониторингi - табиғи процестердiң қалыпты өтуi мен қоршаған ортаның жай-күйiндегi өзгерiстердiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерiне әсерiн зерттеу үшiн бақылау жасау жүйесi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мониторингiнiң деректерi Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрында қорытылады.  

7. Таулы экожүйелер мен шөлейттену мониторингi - шөлейттену мен оның зардаптарына және таулы экожүйелердiң жай-күйiне бақылау жасау.  

8. Орман мониторингi орман қорын күзету, қорғау, пайдалану және орман өсіру, ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласында мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен серпінін байқау, бағалау және болжау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi. Орман мониторингiнің деректері Мемлекеттік орман кадастрында жинақталады. 

9. Жануарлар дүниесiнiң мониторингi жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру мен пайдалану және биологиялық әралуандықты сақтау саласындағы мемлекеттiк басқару мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң жай-күйi мен динамикасын бақылау, бағалау және болжау жүйесi болып табылады. Жануарлар дүниесi мониторингiнiң деректерi Жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастрында қорытылады. 

10. Өсiмдiктер дүниесiнiң мониторингi өсiмдiктер дүниесiн зерттеу, қорғау, молықтыру және тұрақты пайдалану мақсатында олардың объектiлерi жай-күйiнiң бағалануын бақылау жүйесiн бiлдiредi. 

Ескерту. 142-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.04.2016 № 490-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...140 141 142 143 144 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 142-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212