Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
143-бап. Мониторингтiң арнайы түрлерi



Ст. 143 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Мониторингтiң арнайы түрлерiне:

1) әскери-сынақ полигондарының мониторингi;

2) "Байқоңыр" зымыран-ғарыш кешенiнiң мониторингi;

3) парниктiк газдардың және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мониторингі;

4) санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг;

5) климаттың және Жердiң озон қабатының мониторингi;

6) төтенше экологиялық жағдайлар және экологиялық зiлзала аймағының мониторингi;

7) ғарыштық мониторинг жатады.

2. Әскери-сынақ полигондарының мониторингi - әскери, оның iшiнде зымырандық техниканы сынақтан өткiзуден, жабық және қолданыстағы полигондар аумақтарында бейбiт мақсаттарда ядролық жарылыстар жасаудан туындайтын қоршаған ортаның ластануына бақылау жасау жүйесi.

3. «Байқоңыр» зымыран-ғарыш кешенiнiң мониторингi – «Байқоңыр» кешенiнiң зымыран-ғарыш қызметiнің әсеріне ұшырайтын аумақтарда қоршаған ортаның жай-күйiн байқау жүйесi, оның жұмыс істеуін ұйымдастыруды ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. Парниктiк газдардың және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мониторингi - парниктiк газдардың атмосфераға шығарылатын шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды және олардың көздерiне бақылау жасау және есепке алу жүйесi.

5. Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг - халықтың денсаулығы мен тiршiлiк ету ортасының жай-күйiне, оларды талдаудың, бағалаудың және болжаудың, сондай-ақ халықтың денсаулығы жай-күйi мен тiршiлiк ету ортасы факторларының әсерi арасындағы себеп-салдар байланыстарын айқындаудың мемлекеттiк бақылау жасау жүйесi. Мониторингтi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

6. Климаттың және Жердiң озон қабатының мониторингi - климаттың өзгерiстерi мен Жердiң озон қабатының динамикасына, олардың жай-күйiн кешендi бағалау мен болжауға бақылау жасау.

7. Төтенше экологиялық жағдайлар және экологиялық зiлзала аймағының мониторингi - төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтарының аумақтарында қоршаған ортаның жай-күйiне бақылау жасау жүйесi.

8. Ғарыштық мониторинг – Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау құралдарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйiн байқау жүйесi, оның жұмыс істеуін ұйымдастыруды ғарыш қызметі саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

9. Осы баптың 2, 4, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген мониторингтің арнайы түрлерiн ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

 Ескерту. 143-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.04.2016 № 490-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...141 142 143 144 145 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 143-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212