Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
144-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң деңгейлерi мен байқау желiлерi



Ст. 144 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң мониторингiн жүргiзу мынадай үш деңгейде жүзеге асырылады:

1) жергiлiктi (өндiрiстiк мониторинг және елдi мекендердiң нақты учаскелерiнiң, су тоғандары мен өзендердiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мониторингi);

2) өңiрлiк (өңiрлердiң физикалық-географиялық және экономикалық ерекшелiктерiн, экологиялық тұрғыдан ауыртпалықты аймақтардың бар-жоғын және қоршаған ортаның жай-күйi мен табиғи ресурстардың пайдаланылуына әсер ететiн табиғи және техногендiк факторлар кешенiн ескере отырып, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiндегi мониторинг);

3) республикалық (қажет болған кезде жалпы мемлекеттiк мәнi бар iрi өңiрлер мен жекелеген объектiлердi бөлiп көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағын қамтитын мониторинг).

2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнің бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң шеңберiнде қоршаған ортаның жай-күйiн байқау, сондай-ақ талдау үшiн сынамаларды iрiктеу арнайы құрылған мемлекеттiк, аумақтық және жекеше байқау желiлерiнiң пункттерiнде жүзеге асырылады. Iрiктелiп алынған сынамалардағы ластаушы заттардың құрамын талдауды аккредиттелген талдамалық зертханалар және (немесе) автоматтық байқау пункттері жүзеге асырады.

3. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң шеңберiнде бақылау желiлерiн құру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiледi.

 Ескерту. 144-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.04.2016 № 505-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...142 143 144 145 145-1 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 144-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212