Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
145-1-бап. Мемлекеттік бақылау жасау желісін қорғау



Ст. 145-1 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Мемлекеттік бақылау жасау желісі, оның ішінде желіге бөлінген жер учаскелері мен акватория бөліктері, сондай-ақ мүлік тек қана мемлекеттік меншікке жатады және мемлекеттің қорғауында болады әрі жекешелендіруге жатпайды. 

2. Стационарлық және жылжымалы байқау пункттерінің қызметін ұйымдастыруды Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүзеге асырады. 

Жаңадан ашылатын байқау пункттерінің орналасқан жерін (дислокациялау орнын) айқындау жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің шешімімен жүргізіледі. Көрсетілген байқау пункттерінің қызметін тоқтату Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің шешімімен жүзеге асырылады. 

3. Қоршаған ортаның жай-күйі, оның ластануы туралы анық ақпарат алу мақсатында стационарлық бақылау жасау пункттерінің айналасында шаруашылық қызметке шектеу қойылатын қорғау аймақтары құрылады. Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ережені қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

4. Мемлекеттік бақылау жасау желісіне кіретін стационарлық байқау пункттеріне өту немесе көлікпен өту жүзеге асырылатын болса, ол жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалған тәртіппен сервитуттар белгіленуі мүмкін. 

Ескерту. 16-тарау 145-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 № 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.04.2016 № 505-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...144 145 145-1 145-2 146 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 145-1-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212