Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
145-2-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жұмысы



Ст. 145-2 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет мемлекеттік бақылау жасау желісін пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізуді қамтамасыз етеді. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет бюджет қаражаты есебінен құрылады және жұмыс істейді. 

Метеорологиялық және гидрологиялық мониторингтерді және қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын – ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүзеге асырады. 

Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 

2. Гидрометеорологиялық қызмет осы Кодекске, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

3. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет азаматтық қорғаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрамына кіреді және өз қызметін төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 

4. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет осы Кодекске және "Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ақпарат ұсынады. 

Ескерту. 16-тарау 145-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...145 145-1 145-2 146 147 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 145-2-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212