Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
145-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiбiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеу негiздерi



Ст. 145 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi: 

1) ғылыми зерттеулер ұйымдастыру мен жүргiзу, Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеуi үшiн қажеттi және жеткiлiктi әдiстемелiк база; 

2) қоршаған ортаның жай-күйiн айқындайтын нормативтердi, оған антропогендiк әсер ететiн нормаларды, қоршаған ортаның жай-күйiн бағалау мен болжау, табиғат қорғау қызметiнде басқарушылық шешiмдердi шығару және қабылдау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн негiз болып табылатын экологиялық қауiпсiздiк нормаларын әзiрлеу және белгiлеу; 

3) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң, оның құрылымдық бөлiмшелерi мен элементтерiн құру және жұмысын ұйымдастыру үшiн қажеттi талаптарды, ережелер мен рәсiмдердi регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау және қолданысқа енгiзу; 

4) бақылаудың салыстырмалы нәтижелерiн алуға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеудi және енгiзудi ұйымдастыру; 

5) ақпараттық жүйелердiң құрылымдарын, деректер базасының жүйелерiн, жiктеуiштердi, деректер сөздiктерiн және құжаттардың бiрiздендiрiлген нысандарын әзiрлеу; 

6) техникалық қамтамасыз ету; 

7) талдамалық зертханаларды және мониторинг жүргiзудi қамтамасыз ететiн басқа да бөлiмшелердi аккредиттеудi ұйымдастыру негiзiнде жұмыс iстейдi.

Статья 1 ...143 144 145 145-1 145-2 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 145-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212