Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
152-бап. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастры



Ст. 152 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастры (бұдан әрi - Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры) қалдықтарды орналастырудың әрбiр объектiсi (олардың кеңiстiктегi орналасуын көрсете отырып) бойынша геоақпараттық жүйелер, сондай-ақ қалдықтардың түрлерi, олардың шығу көздерi мен физикалық-химиялық қасиеттерi (халыққа және қоршаған ортаға қауiптiлiгi ескерiле отырып), компоненттiк құрамы, сандық және сапалық көрсеткiштерi, оларды сақтаудың, көму мен тастаудың техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары, оларды пайдалану мен залалсыздандыру технологиялары негізiнде жүйелендірілген, кезеңділікпен толықтырылатын және нақтыланатын бiрегей мәлiметтер жиынтығы болып табылады. 

2. Барлық қалдық түрлерi және қалдықтарды орналастыру объектiлерi Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрында есепке алынуға тиiс. 

Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады. 

Ескерту. 152-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.04.2016 № 506-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...150 151 152 153 154 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 152-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212