Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 154 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Экологиялық кодексi
154-бап. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу

1. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға мына құжаттаманы: 

1) қауiптi қалдықтардың паспортын; 

2) қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті; 

3) алып тасталды - ҚР 28.04.2016 № 506-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) мыналарды: 

облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының қалдықтарды жинақтауға және жоюға арналған жер учаскесiн бөлу туралы шешiмiн; 

жер учаскесi орналасқан жер бойынша өздерiнiң құзыретi шеңберiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi растаған, жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу және жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттардың берiлгенi туралы анықтаманы; 

қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құрудың техникалық-экономикалық негiздемесiн; 

қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құруға мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындыларын қамтитын қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастр ісін ұсынады. 

1-1. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды толтыру нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттама есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде ақпараттық жүйенің экрандық нысанын толтыру және ақпаратты беруге жауапты табиғат пайдаланушының лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңба қоюы арқылы жыл сайын ұсынылады. 

Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттама өзгерген жағдайда, ол қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде ақпараттық жүйенің экрандық нысанын толтыру және ақпаратты беруге жауапты табиғат пайдаланушының лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңба қоюы арқылы қайтадан ұсынылады. 

Ескерту. 154-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2016 № 505-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...152 153 154 155 156 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 154-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212