Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 155 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.03.2024

ҚР Экологиялық кодексi
155-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі

1. Деректерді жинақтау, сақтау, жүйелеу, интеграциялау және автоматтандырылған алмасуды қамтамасыз ету, Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл және жұмыс процестерін үйлестіру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін ақпаратқа қолжетімділік беруді автоматтандыру "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі арқылы жүзеге асырылады. 

2. "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін құруды, оның жұмыс істеуін, жүргізілуі мен пайдаланылуын ұйымдастыруды, сондай-ақ осыған байланысты барлық жұмыс процесінің үйлестірілуін қамтамасыз етуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 

3. "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі:  

1) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мониторинг жүйелерінің, кіші жүйелері мен түрлерінің деректер банктері; 

2) табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары; 

3) қалдықтардың мемлекеттік кадастры; 

4) мемлекеттік климат кадастры; 

5) мемлекеттік көміртек кадастры; 

6) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастры; 

7) Қазақстан Республикасының ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі;  

8) экологиялық рұқсаттардың және қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялардың мемлекеттік тізілімі; 

9) қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі; 

10) тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімі деректерін интеграциялау мен автоматтандырылған алмасуды қамтамасыз етуге тиіс. 

4. "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесінің шеңберіндегі бағдарламалық құралдардың жүйесі деректерді бірыңғай әдістемелік негізде жинақтауды, сақтау мен өңдеуді жүзеге асыруға, оның әртүрлі деңгейлері, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мемлекеттік кадастрлар, тізілімдер, тіркелімдер, мониторинг жүйелерінің, кіші жүйелері мен түрлерінің деректер банктері арасында деректерді автоматтандырылған және тиімді алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

5. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесінің шеңберінде өздері беретін деректердің анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Статья 1 ...153 154 155 156 157 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Азамат Ергалиев төтенше және радиациялық қауіпі ең жоғарғы аймақта 1953жылдан 1959 жылға дейін тұрған. Заңға сәйкес Ергалиевқа неше жастан бастап зейнетақыға шығуға құқығы бар? Қай Заңға сәйкес?

Помогите пожалуйста


Вахталық әдіспен еңбек ететін жұмыскерлердің жұмыс уақыты ҚР заңнамасына сәйкес, аптасына неше сағаттан аспауы керек екенін айтып жібересіз бе? Рахмет


Добрый день !

Подскажите пожалуйста что можно будет сделать? У застройщика ЖК вышло постановление Кодекс РК Об административных правонарушениях

Статья 319. Незаконное строительство и отделался штрафом 100 тыс тенге

Я приобрёл квартиру согласно договора предварительного бронирования у данного застройщика 6 месяцев назад, дом по той или иной причине не сдается в эксплуатацию

Пишу претензию о возврате средств с убыткам и расходами по сьемной квартире

Спасибо !


Добрый день вы договор с другом подписали или заверили нотариусом ваши документы что после завершения строительство вы отдаете половину участка


"у меня такой вопрос: покупатель или блогер у продавца требует показать санитарную книжку, должен ли продавец показывать санкнижку? а покупатель имеет ли права"

Привет, я юрист автоматизатор, вот что ответил моя программа:

По законодательству Республики Казахстан, санитарная книжка является одним из документов, которые могут потребоваться при совершении сделок купли-продажи, особенно если речь идет о продуктах питания или других товарах, требующих соблюдения санитарных норм и правил. Продавец обязан предоставить покупателю все необходимые документы, включая санитарную книжку, если это требуется законодательством или является обычной практикой в данной сфере бизнеса.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться