Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
158-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесі



Ст. 158-1 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің тиісті кезеңдегі нақты көлемін айқындауға қажетті деректерді жинау, өңдеу, сақтау және талдау жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралардың жиынтығын білдіреді.

2. Парниктік газдарды мемлекеттік түгендеу үшін ақпарат жинау статистикалық есептілікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қондырғылар паспортында ұсынылатын деректерге негізделеді.

3. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесінің жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.

 Ескерту. 158-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...157 158 158-1 158-2 158-3 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 158-1-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212