Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
158-2-бап. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры



Ст. 158-2 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын әзірлеуді және жүргізуді ұйымдастырады.

2. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры парниктік газдар шығарындыларының көздері, қондырғы операторлары, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің мөлшері туралы мәліметтерді қамтиды.

3. Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының деректері негізінде парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін талдауды және болжауды жүзеге асырады, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері көлемдеріне мемлекеттік бақылау жүйесін ұйымдастыруды, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жыл сайынғы есептілік міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді.

 Ескерту. 158-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...158 158-1 158-2 158-3 158-4 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 158-2-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212