Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 158-4 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Экологиялық кодексi
158-4-бап. Валидация және верификация

1. Валидация және верификация жөніндегі органдарды аккредиттеу Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Валидация және верификация жөніндегі орган валидацияның және верификацияның дұрыстығы үшін жауаптылықта болады. 

3. Парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы есепті, мониторинг жоспарын және қондырғы паспортын қондырғы операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша ұсынады. 

Валидация және верификация қондырғы операторының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

4. Парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және сіңірудің сол бір жобасының валидациясын және верификациясын валидация және верификация жөніндегі сол бір орган жүргізе алмайды. 

РҚАО-ның ескертпесі!

5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5. Валидация және верификация, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, техникалық реттеу және ортақ өлшемдерді қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 

Ескерту. 158-4-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.04.2016 № 491-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

21-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ

Статья 1 ...158‑2 158‑3 158‑4 159 160 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 158-4-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212