Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
158-бап. Көмудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу



Ст. 158 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212




1. Табиғат пайдаланушылар есеп беретiн жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi тоқсанының iшiнде 1 қаңтарға дейiнгi жағдай бойынша жыл сайын осы Кодекстiң 157-бабының 1-тармағында аталған мәлiметтердiң екi данасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғат пайдаланушылардан түскен деректердiң негiзiнде Көмудiң мемлекеттiк кадастрын жасайды.

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Көмудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу кезiнде:

1) табиғат пайдаланушылардан мәлiметтердiң уақтылы түсуiн бақылауды;

2) материалдарды жинауды, олардың есебiн, жүйеленуi мен сақталуын;

3) табиғат пайдаланушыларға анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында есептеу техникасын пайдалану арқылы деректердi өңдеудiң автоматтандырылған жүйесiн жасауды және оның жұмыс iстеуiн;

4) Көмудiң мемлекеттiк кадастрын дұрыс ресiмдеудi қамтамасыз етедi. 
20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі
 Ескерту. Кодекс 20-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...156 157 158 158-1 158-2 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 158-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212