Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
16-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi



Ст. 16 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында: 

1) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану, қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оларды жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық шараларды әзiрлейдi; 

1-1) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерін орындау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады; 

2) алып тасталды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға беру туралы шешiмдер қабылдайды; 

4-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын айқындайды, сондай-ақ акционер (құрылтайшы) ретінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын құруға қатысуға, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сатып алуға құқылы; 

4-2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекітеді; 

5) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

7) мыналарды: 

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын; 

қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау қағидаларын; 

Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын; 

қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын бекітеді; 

8) ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн айқындайды; 

9) мыналарды: 

Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық аймағының шекарасын; 

қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртiбiн; 

парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру тәртібін; 

парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру тәртібін белгілейді; 

10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 

11) аумақты төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялайды және төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық режимiнiң қолданысын тоқтату туралы шешiм қабылдайды; 

11-1) жобаларды іске асыру кезінде алынған парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру бірліктерінің бөлігін басқа елдердің тізіліміне беруді және (немесе) оларды квоталардың белгіленген мөлшер резервіне немесе Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервіне беруді шектеу туралы шешім қабылдайды; 

12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 

Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 407-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 491-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...14 15 16 17 17-1 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212