Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
160-бап. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі



Ст. 160 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі – ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізетін, ашық қолжетімді түрде орналастырылған эмиссияның жай-күйі және қоршаған ортаның ластануы туралы құрылымдалған дерекқор.

2. І санаттағы объектілері бар табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларына сәйкес жыл сайын 1 сәуірге дейін өткен жылға арналған ақпаратты ұсынады.

3. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі ластауыш заттардың шекті жол берілетін шоғырлануы, олардың денсаулыққа және қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратты, сондай-ақ ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдары бойынша басқа да ғылыми негізделген ақпаратты және табиғат пайдаланушылар туралы ақпаратты қамтиды.

Табиғат пайдаланушылар туралы ақпарат:

1) табиғат пайдаланушының атауын, мекенжайын және қызмет түрін;

2) берілген экологиялық рұқсаттың электрондық нұсқасын;

3) қоршаған ортаға эмиссиялардың көлемі бойынша ақпаратты;

4) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының және экологиялық мониторинг есептерінің, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының электрондық нұсқасын;

5) мемлекеттік экологиялық бақылаудың тексеру нәтижелерін;

6) бюджетке қоршаған ортаға эмиссиялар үшін, оның ішінде белгіленген нормативтерден тыс міндетті төлемақылар туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.

 Ескерту. 160-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.04.2016 № 491-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...158-4 159 160 161 162 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 160-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212