Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
163-бап. Экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу



Ст. 163 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Экологиялық ақпарат, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады.

2. Жалпыға бiрдей қолжетiмдi экологиялық ақпаратты құрайтын жекелеген мәлiметтер мен деректерге қол жеткiзу оларды жеке және заңды тұлғалардың сұратуы бойынша беру, бұқаралық ақпарат құралдарында, арнайы басылымдарда тарату, Интернетте орналастыру арқылы, сондай-ақ өзге де жалпыға бiрдей қолжетiмдi ақпараттық-коммуникациялық құралдар қолданыла отырып жүзеге асырылады.

3. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын жылдың 1 мамырына дейін өзінің интернет-ресурсында өткен жылға арналған:

қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақылардан бюджетке түсетін түсімдер;

қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларға бюджет шығыстары туралы ақпаратты орналастырады.

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын жылдың 1 мамырына дейін өзінің интернет-ресурсында өткен жылға арналған:

қоршаған ортаға залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер;

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдардан бюджетке түсетін түсімдер туралы ақпаратты орналастырады.

 Ескерту. 163-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.04.2016 № 491-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...161 162 163 164 165 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 163-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212