Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
166-1-бап. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама



Ст. 166-1 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдайлар және оны жақсарту бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты жыл сайын ақпараттандыру мақсатында жасалады.

2. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндамада мынадай:

1) қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамалары туралы;

2) негізгі қоғамдық маңызы бар экологиялық проблемаларды қоса алғанда, қоршаған ортаға тигізетін антропогендік әсерлер туралы;

3) өңірлердегі экологиялық хал-ахуал туралы;

4) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша мәліметтер көрініс табады.

3. Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін ақпарат ұсынады.

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар ұсынған ақпараттар негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Қағидаларға сәйкес Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеуді ұйымдастырады.

 Ескерту. 21-тарау 166-1-баппен толықтырылды - ҚР 08.04.2016 № 491-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...165 166 166-1 167 173 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 166-1-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212