Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 166 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Экологиялық кодексi
166-бап. Метеорологиялық, гидрологиялық мониторинг пен қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы мемлекеттік монополия

1. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет мемлекеттік байқау желісін пайдалана отырып, қоршаған орта жай-күйінің мониторингін, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізуді қамтамасыз етеді, олар жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар, арнайы мақсаттағы қызметтер көрсетуді және арнаулы ақпарат дайындауды қамтиды. 

Мемлекеттік байқау желісін пайдалана отырып, жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар арнайы мақсаттағы қызметтер көрсетуді және арнаулы ақпарат дайындауды қамтитын метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті және қоршаған орта жай-күйінің мониторингін жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға – Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүзеге асырады. 

Жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар көрсетілетін қызметтер – мемлекеттік байқау желісін пайдалана отырып көрсетілетін, халық пен мемлекеттің қауіпсіздігі, экономика мен әлеуметтік саланың орнықты жұмыс істеуі үшін маңызы бар көрсетілетін қызметтер. 

Арнайы мақсаттағы көрсетілетін қызметтер – жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар көрсетілетін қызметтерге жатпайтын және қызметтер көрсетуге арналған өтеулі шарттар негізінде мемлекеттік байқау желісінің деректерін пайдалана отырып көрсетілетін, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы көрсетілетін қызметтер. 

Арнаулы ақпарат – мемлекеттік байқау желісінің деректерін пайдалана отырып, арнайы мақсаттағы қызметтерді көрсету нәтижесінде алынатын нысаналы ақпарат. 

2. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет өз қызметін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет бекітетін, мемлекеттік байқау желісін пайдалана отырып, метеорологиялық, гидрологиялық мониторинг, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізуге арналған нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырады. 

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар қызметтерді көрсетуге байланысты метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті, қоршаған орта жай-күйінің мониторингін жүргізу жөніндегі қызметті ұйымдастырады 

Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 

4. Метеорологиялық мониторинг саласындағы жалпы мемлекеттік және халықаралық маңызы бар көрсетілетін қызметтер: 

1) жерге жақын метеорологиялық, актинометриялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық, радиолокациялық, озонометриялық байқаулар, алынған метеорологиялық деректерді жинау, өңдеу, сақтау, талдау және дауылдық метеорологиялық ақпаратты, метеорологиялық және агрометеорологиялық болжамдарды, анықтамалықтарды, бюллетеньдерді, анықтама-консультацияларды, режимдік ақпаратты және басқа метеорологиялық ақпаратты қамтитын жалпы мақсаттағы метеорологиялық ақпаратты дайындау, сондай-ақ мемлекеттік органдарды, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғаларды белгіленген тәртіппен осы ақпаратпен қамтамасыз ету; 

2) мемлекеттік климаттық кадастрды және мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды жүргізу; 

3) халықаралық алмасу үшін метеорологиялық ақпарат беру; 

4) климаттың өзгеруін қоса алғанда, оның мониторингі. 

Мемлекеттік климаттық кадастр – ауа температурасын, бұлттылықты, атмосфералық құбылыстарды, желдің бағыты мен жылдамдығын, жауын-шашын мөлшерін және белгілі бір аумақтарға тән атмосфераның және төселетін беткі бөліктің басқа да сипаттамаларын қамтитын атмосфералық жағдайлардың жиынтығы туралы метеорологиялық ақпаратқа негізделген деректердің жүйелендірілген және көп жылдық кезеңдегі метеорологиялық деректердің климаттық базасы негізінде қалыптастырылған жиынтығы. 

Мемлекеттік климаттық кадастрды жүргізу қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік климаттық кадастр деректерінің құрамын және мемлекеттік органдарға, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғаларға оның деректерін беру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

Мемлекеттік гидрометеорологиялық қор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны пайдалану мақсатында сақталуға жататын, құжатталған гидрологиялық және метеорологиялық ақпараттың жиынтығы. 

Мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

5. Гидрологиялық мониторинг саласындағы жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар көрсетілетін қызметтер: 

1) өзендерде, көлдерде (теңіздерде), су қоймаларында, арналарда және өзге де жерүсті су объектілеріндегі байқаулар, алынған гидрологиялық деректерді жинау, өңдеу, талдау және гидрологиялық қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болжамдарды, оның ішінде алдын ала бес – жеті тәулікке дейін және көктемгі кезеңде әрбір үш күн сайын нақтылау мүмкіндігімен дайындау және қауіпті әрі дүлей гидрологиялық құбылыстардың туындау мүмкіндігі мен фактісі туралы дауылдық ескертулер беру; 

2) анықтамалықтарды, бюллетеньдерді, анықтама-консультацияларды қамтитын жалпы мақсаттағы гидрологиялық ақпаратты дайындау, сондай-ақ мемлекеттік органдарды, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғаларды белгіленген тәртіппен осы ақпаратпен қамтамасыз ету; 

3) гидрологиялық мониторинг нәтижелерінің негізінде "Жерүсті сулары" бөлімі бойынша мемлекеттік су кадастрын жүргізу үшін деректер дайындау; 

4) белгіленген тәртіппен халықаралық алмасу үшін гидрологиялық ақпарат беру. 

6. Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар көрсетілетін қызметтер: 

1) осы тармақтың 2) - 8) тармақшаларында көзделген қоршаған ортаны қорғау объектілерінің ластануын байқау, жай-күйі туралы деректерді жинау, өңдеу, талдау, бюллетеньдер мен анықтамалық ақпаратты қамтитын қоршаған ортаның ластану жай-күйі туралы жалпы мақсаттағы ақпаратты дайындау, сондай-ақ мемлекеттік органдарды, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғаларды белгіленген тәртіппен осы ақпаратпен қамтамасыз ету; 

2) атмосфералық ауаның ластану мониторингі – қоныстану аумақтарындағы атмосфералық ауаның жай-күйін байқау жүйесі; 

3) атмосфералық жауын-шашынның ластану мониторингі – қоныстану аймақтарындағы атмосфералық жауын-шашын мен қар жамылғысының химиялық құрамын байқау жүйесі; 

4) судың ластану мониторингі – жағалау аймақтарындағы жерүсті суларының ластануын байқау жүйесі; 

5) топырақ ластануының мониторингі – қоныстану аймақтарының топырақтарындағы ластағыш заттардың концентрациясын байқау жүйесі; 

6) радиациялық мониторинг – қоныстану аумақтарындағы техногендік және табиғи радиоактивті ластануды байқау жүйесі; 

7) трансшекаралық ластану мониторингі – шекара маңындағы мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылатын, трансшекаралық жерүсті сулары мен трансшекаралық өзендердің жағалау маңындағы топырақтың ластануын байқау жүйесі; 

8) фондық мониторинг – қоршаған ортаның кешенді фондық мониторингі станцияларының мамандандырылған желісін пайдалана отырып, атмосфера мен басқа ортаның жай-күйін олардың биосферамен өзара іс-қимылындағы байқау жүйесі; 

9) белгіленген тәртіппен халықаралық алмасу үшін қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпарат беру. 

7. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет халықаралық ұйымдармен, шетелдік тұлғалармен және басқа мемлекеттердің гидрометеорологиялық қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде гидрологиялық, метеорологиялық қызмет және қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді. 

8. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамына кіреді және төтенше жағдайлар туындаған кезде өз қызметін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Статья 1 ...164 165 166 167 168 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться