Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
182-бап. Экологиялық бiлiм беру мен ағарту, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтің ұйымдастырушылық негiздерi



Ст. 182 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Экологиялық бiлiм беру және ағарту, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру саласындағы қызметтi мемлекеттiк органдар, бiлiм беру, мәдениет және ғылым ұйымдары, табиғат қорғау мекемелерi, табиғат пайдаланушылар, қоғамдық бiрлестiктер, жекелеген жетекшi педагогтар мен ғалымдар ұйымдастырады және жүзеге асырады. 

2. Қоғам мен отбасында экологиялық ағартуды ұйымдастыруды оқу-әдiстемелiк және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етуде сектораралық ынтымақтасу мен ведомствоаралық өзара iс-қимыл жасау, бiлiктiлiктi арттыру мен қайта даярлау мақсатында бiлiм беру, ғылым ұйымдары мен қоғамдық бiрлестiктер жанынан өңiрлiк кеңестер (орталықтар) құрылады. Өңiрлiк кеңестердiң (орталықтардың) құрамына осы баптың 1-тармағында аталған ұйымдар мен тұлғалардың өкiлдерi кіруі мүмкiн.

Статья 1 ...180 181 182 183 184 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 182-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212