Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 183 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

ҚР Экологиялық кодексi
183-бап. Бiлiм беру ұйымдарындағы экологиялық бiлiм беру

1. Үздiксiз және кешендi экологиялық бiлiм беру жүйесi бiлiм берудiң барлық деңгейлерiн қамтиды. 

2. Бiлiм беру ұйымдарындағы экологиялық бiлiм беру мамандандырылған және пәнаралық бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру, сондай-ақ экологиялық аспектiлердi қазiргi оқу пәндерiне кiрiктiру арқылы жүзеге асырылады. 

3. Табиғат қорғау мен табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарауға белсендi азаматтық ұстанымды тәрбиелеу бiлiм беру ұйымдарындағы тәрбиенiң басым мiндеттерiнiң бiрi ретiнде танылады. 

4. Мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi бiлiм беру стандарттары мен қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мамандықтар бойынша кәсiби бiлiм берудiң үлгiлiк оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып бекiтедi. 

Ескерту. 183-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен.


184-бап Экологиялық бiлiм беру мен ағартуды мемлекеттiк қолдау


1. Мемлекет мынадай басым бағыттар бойынша: 

1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуi үшiн бiлiм беру саласында ұзақ мерзiмдi iс-қимыл жоспарын айқындау; 

2) экологиялық бiлiм беру мен ағартудың оқу-әдiстемелiк және ғылыми-әдiстемелiк негiздерiн жетiлдiру; 

3) қоршаған ортаны қорғау саласында бiлiктi мамандар даярлау; 

4) экологиялық бiлiм беру мен ағарту жөнiндегi оқу және әдiстемелiк материалдардың қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету; 

5) қоғам мен отбасында экологиялық ағарту жөнiндегi бағдарламаларды және iс-шараларды жүзеге асыратын ұйымдарды дамытуға жәрдемдесу жөнiнде экологиялық бiлiм беру мен ағартуды қолдауды жүзеге асырады. 

2. Мемлекеттiк қолдау шаралары: 

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шеңберiнде бiлiм беру ұйымдарында экологиялық бiлiм берудi (экологиялық бiлiм беру мен ағарту, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқу-әдiстемелiк жұмыстар мен iс-шараларды) қаржыландыруды; 

2) мемлекеттiк органдардың мамандар даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қалыптастыруға белсене қатысуын; 

3) орнықты даму үшiн бiлiм беру саласындағы ғылыми зерттеулерге мемлекеттiк тапсырыс берудi; 

4) экологиялық бiлiм беру мен ағарту саласындағы қызметтi жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс берудi; 

5) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шеңберiнде экологиялық бiлiм беру мен ағарту, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен оларды қайта даярлау жөнiндегi қажеттi iс-шараларды қамтамасыз етудi қамтиды. 

Ескерту. 184-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

26-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР

Статья 1 ...181 182 183 184 185 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 183-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212