Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 195 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Экологиялық кодексi
195-бап. Экологиялық талаптарды әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi

1. Экологиялық талаптар осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнде белгiленедi және жекелеген құжаттар немесе шаруашылық және өзге де қызметтiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру ережелерiнiң жекелеген бөлiмдерi түрiнде қабылдануы мүмкiн. 

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган экологиялық талаптарды әзiрлеу кезiнде мамандандырылған ғылыми-зерттеу, жобалау институттары мен басқа да ұйымдарды, сондай-ақ табиғат пайдаланушыларды тартуы мүмкiн. 

3. Жер ресурстарын, жер қойнауын, жерасты және жерүстi суларын, орман және өсiмдiктер дүниесiнiң өзге де ресурстарын, жануарлар дүниесiнiң ресурстарын пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар тиiсiнше жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен, жер қойнауын зерттеу жөнiндегi, су қорын пайдалану және қорғау, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келiсу бойынша белгiленедi. 

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша белгiленедi. 

5. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi салу мен реконструкциялау, пайдалануға беру және пайдалану, қалалар мен басқа да елдi мекендердi салу, радиоактивтi материалдарды пайдалану, ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттарды, генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер мен организмдердi өндiру және пайдалану, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу кезiнде оларды жобалауға және, орналастыруға қойылатын, әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнде белгiленедi.  

Ескерту. 195-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...193 194 195 196 197 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 195-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212