Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 197 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Экологиялық кодексi
197-бап. Экологиялық қауiптi шаруашылық және өзге де қызметтер түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы заңды тұлға банкрот болған, қайта ұйымдастырылған және таратылған кездегiэкологиялық талаптарды есепке алу

1. Экологиялық қауiптi шаруашылық және өзге де қызметтер түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы заңды тұлғаның банкроттығы туралы iс қозғалған кезде мiндеттi экологиялық аудит жүргiзiледi. 

Табиғат пайдаланушы заңды тұлғаның банкроттығы туралы iстi жүргiзу кезiнде мiндеттi экологиялық аудиттiң нәтижелерiн есепке алу қамтамасыз етiледi. 

2. Экологиялық қауiптi шаруашылық және өзге де қызметтер түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру мiндеттi экологиялық аудиттiң нәтижелерiн есепке ала отырып және оларды бөлу балансында (бөлiну немесе бөлiп шығару нысанындағы қайта ұйымдастыру кезiнде) және өткiзу балансында (бiрiгу нысанындағы қайта ұйымдастыру кезiнде) көрсете отырып жүргiзiледi. 

3. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 197-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

29-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

Статья 1 ...195 196 197 198 199 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 197-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212