Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 198 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Экологиялық кодексi
198-бап. Шаруашылық және өзге де объектiлердi жобалауға қойылатын экологиялық талаптар

1. Кәсiпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы объектiлерiн, сумен жабдықтау жүйелерiн, кәрiздердi, гидротехникалық құрылыстарды, көлiк және байланыс объектiлерiн, технологиялық процестердi, бұйымдар мен жабдықтарды, басқа да объектiлердi жобалау кезiнде: 

1) қоршаған орта сапа нормативтерiнiң сақталуы; 

2) қауiптi қалдықтардың залалсыздандырылуы және кәдеге жаратылуы; 

3) қалдығы аз және қалдықсыз технологиялардың пайдаланылуы; 

4) қоршаған ортаны ластаудың алдын алудың тиiмдi шараларының қолданылуы; 

5) табиғи ресурстарды молайту және ұтымды пайдалану көзделуi тиiс. 

2. Мыналар: 

1) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың; 

2) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объект жобаланған жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындылары жоқ жобаларды қаржыландыруға және iске асыруға тыйым салынады. 

Ескерту. 198-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...196 197 198 199 199‑1 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 198-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212