Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
199-1-бап. Технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптар



Ст. 199-1 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Қазақстан Республикасында технологиялардың, көлік құралдарын қоспағанда, техниканың және жабдықтың қолданылуы қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдарымен қоса осындай технологиялардың, техника мен жабдықтың қолданылуын негіздейтін жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға табыс етілетін, технологияларды, техника мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі құжаттама құрамын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

2. Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша экологиялық қауіпті деп танылған технологиялар, техника мен жабдық шаруашылық және өзге де қызметте қолдануға жатпайды. 

Бұл ретте өткізілген (әкелінген), экологиялық қауіпті деп танылған техника мен жабдық осы Кодексте, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, азаматтық қорғау туралы және техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып жойылуға, кәдеге жаратылуға немесе қайта өңделуге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетілуге тиіс. 

3. Мынадай: 

1) қолданылуы осы Кодексте немесе халықаралық стандарттарда белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін; 

2) қолданылуы нәтижесінде Қазақстан Республикасында оларды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату жөніндегі технологиялары жоқ не оларды кәдеге жарату экологиялық зор қатермен байланысты немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қалдықтар түзілетін технологиялар экологиялық қауіпті деп танылады. 

4. Мынадай: 

1) нормативті пайдаланылу мерзімі аяқталған; 

2) қолданылуы осы Кодексте, Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінде немесе халықаралық стандарттарда белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін; 

3) пайдаланылуы нәтижесінде Қазақстан Республикасында оларды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату жөніндегі технологиялары жоқ не оларды кәдеге жарату экологиялық зор қатермен байланысты немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қалдықтар түзілетін техника мен жабдық экологиялық қауіпті деп танылады. 

5. Мемлекеттік экологиялық сараптама технологияларды, техника мен жабдықты экологиялық қауіпті деп таныған жағдайда олар экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізіліміне енгізілуге жатады. 

Экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізіліміне енгізілген технологияларды, техника мен жабдықты Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға тыйым салынады. 

Ескерту. 199-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.06.23 N 164-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.04.2016 № 505-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

30-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI БОЙЫНША
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР


Статья 1 ...198 199 199-1 200 201 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 199-1-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212