Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
20-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi



Ст. 20-1 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары коммуналдық шаруашылық саласында: 

1) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 

2) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкілді органдарына бекітуге ұсынады; 

3) өндiрушiлердiң (импорттаушылардың) кеңейтiлген мiндеттемелерi операторымен бiрлесiп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейтiн және бекiтетiн әдiстемеге сәйкес есептелген тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтерiн әзiрлейдi және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдарына бекiтуге ұсынады; 

4) өндiрушiлердiң (импорттаушылардың) кеңейтiлген мiндеттемелерi операторымен бiрлесiп, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын субъектiлер арасындағы тарифтердiң мөлшерi мен оларды бөлу тәртiбiн айқындайды; 

5) сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкілді органдарына бекітуге ұсынады; 

6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 28.04.2016 № 506-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТI
ЛИЦЕНЗИЯЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI
БАҒАЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР,
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ


Статья 1 ...19-1 20 20-1 21 22 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 20-1-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212