Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 203 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Экологиялық кодексi
203-бап. Жол берілетін шығарындылардың нормативтерін сақтау мониторингі

1. Стационарлық көздің және (немесе) стационарлық көздер жиынтығының жол берілетін шығарындыларының нормативтерін сақтаудың және олардың атмосфералық ауа сапасына ықпалының мониторингі осы Кодекстің талаптарына және экологиялық рұқсатта белгіленген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Стационарлық көздің және (немесе) стационарлық көздер жиынтығының жол берілетін шығарындыларының нормативтерін сақтау мониторингі мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдердің бекітілген тізбесіне сәйкес өлшеу арқылы жүзеге асырылады. Өлшеу арқылы мониторинг жүргізу мүмкін болмаған кезде есептік әдісті қолдануға жол беріледі. 

Осы Кодексте көзделген жағдайларда, І санаттағы объектілерде жол берілетін шығарындылардың нормативтерін сақтау мониторингі қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін міндетті түрде пайдалану арқылы да қамтамасыз етіледі. 

3. Атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтерін сақтау мониторингі экологиялық рұқсатта белгіленген бағалау нүктелерінде жүзеге асырылады.  

4. Әсер ету саласы шегінде бағалау нүктелерінің орналасуы: 

1) оларда ластағыш заттардың жерге жақын концентрацияларын модельдеу нәтижелері бойынша және әрбір ластағыш зат үшін тиісті орташалау кезеңі ескеріле отырып белгіленген шығарындылардың әсер етуінің ең жоғары мәніне қол жеткізілетіндей; 

2) атмосфералық ауаның қазіргі бар табиғи және антропогендік фоны ескерілетіндей етіп айқындалады. 

5. Бағалау нүктелерінің саны сол немесе өзге ластағыш зат үшін белгіленген орташалау кезеңіне байланысты болады және былайша айқындалады: 

1) тәуліктік мәндер де (қысқа мерзімді ең жоғары әсер ету), жылдық мәндер де (ұзақ мерзімді әсер ету) айқындалған ластағыш заттар бойынша атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтерін сақтау деңгейі екі тиісті нүктеде бағаланады; 

2) тек жылдық мәні бар ластағыш заттар бойынша атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтерін сақтау деңгейі бір бағалау нүктесінде бағаланады. 

6. Қосымша бағалау нүктелері экожүйеге және өсімдіктерге ықпал етуі бөлігінде атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтері белгіленген ластағыш заттар үшін айқындалады. Мұндай экологиялық нормативтердің сақталуын бағалау нүктелері агломерациялардан кемінде жиырма километр және басқа қалалық құрылыстар мен өнеркәсіп аймақтарынан кемінде бес километр қашықтықта орнатылуға тиіс. 

7. Егер әсер ету саласы шегінде қоныстану аумақтары орналасқан болса, онда қосымша бағалау нүктелері орнатылуға тиіс. 

8. Бағалау нүктелерінің орналасқан жерін және санын айқындау негіздемесі экологиялық рұқсатта ұсынылуға тиіс.
Статья 1 ...201 202 203 204 205 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться