Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 205 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Экологиялық кодексi
205-бап. Атмосфералық ауа ластануының жиынтық есеп-қисаптары және елді мекендердің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томдары

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары халқы он мың адамнан асатын елді мекендерде атмосфералық ауа ластануының жиынтық есеп-қисаптарын жүргізуді және олардың негізінде елді мекеннің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томын жасауды қамтамасыз етеді. 

2. Елді мекеннің атмосфералық ауасы ластануының жиынтық есеп-қисабы тиісті елді мекеннің аумағында орналасқан немесе пайдаланылатын барлық стационарлық және жылжымалы көз шығарындыларының атмосфералық ауаға жиынтық әсер етуінің, сондай-ақ ластағыш заттардың жерге жақын нақты және болжамды концентрацияларының есеп-қисабын білдіреді. 

3. Атмосфералық ауа ластануының жиынтық есеп-қисаптарын дайындау тиісті елді мекеннің әуе бассейніне жиынтық антропогендік жүктемені бағалау, оның сапасының өзгеруін болжау және шығарындыларды реттеу мен қысқарту жөніндегі шараларды тұжырымдау мақсатында, сондай-ақ қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу үшін жүзеге асырылады. 

4. Елді мекендердегі атмосфералық ауаның ластануын есептеу үшін бастапқы деректер ретінде мынадай материалдар пайдаланылады: 

1) шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу нәтижелері; 

2) құрылысы немесе реконструкциясы жобалау кезеңінде болатын шығарындылардың жаңа стационарлық көздері туралы деректер, оның ішінде жол берілетін шығарындылар нормативтерінің жобалары, объектілерді салуға (реконструкциялауға) арналған жобалау құжаттамасы; 

3) шығарындылардың жұмыс істеп тұрған және жобаланатын стационарлық көздері көрсетілген елді мекеннің ахуалдық жоспары; 

4) жылжымалы көздер туралы, оның ішінде қозғалтқыштың және пайдаланылатын отынның немесе энергия көзінің типтері бойынша бөле отырып, елді мекенде пайдаланылатын автокөлік құралдары паркінің саны, құрамы және ұлғаю (қысқару) динамикасы туралы статистикалық және талдамалық ақпарат, елді мекендерде автокөлік ағындарын бөлудің карта-схемалары; 

5) шығарындыларды қысқартуға бағытталған, іске асырылып жатқан және жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың бекітілген жоспарлары, экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламалары; 

6) қоршаған ортаны қорғау бойынша іске асырылып жатқан және жоспарланған, елді мекен шегінде шығарындыларды қысқартуға бағытталған іс-шаралар туралы ақпарат; 

7) өзге де статистикалық және талдамалық ақпарат. 

5. Елді мекеннің атмосфералық ауасы ластануының жиынтық есеп-қисаптары бес жылда бір реттен сиретпей жүргізіледі және елді мекеннің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томын әзірлеу, түзету және толықтыру үшін негіз ретінде пайдаланылады. 

6. Елді мекеннің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томы қала құрылысы мен құрылыс қызметін одан әрі негіздеу, көлік инфрақұрылымының объектілерін жоспарлау, көлік саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мақсатында елді мекеннің әуе бассейнінің нақты және болжамды экологиялық сыйымдылығын айқындайтын, тұрақты қолданыста болатын және қайта өңделетін құжат болып табылады. 

7. Тиісті елді мекендердің жергілікті атқарушы органдары атмосфералық ауа ластануының жиынтық есеп-қисаптарын жүргізуге және елді мекендердің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томын әзірлеуге тапсырыс берушілер болып табылады. 

8. Атмосфералық ауа ластануының жиынтық есеп-қисаптарын жүргізуді және шекті жол берілетін шығарындылардың жиынтық томдарын әзірлеуді "І санаттағы объектілер үшін табиғат қорғауды жобалау, нормалау" кіші түрі бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар ұйымдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тапсырыс берушімен жасалатын шарт негізінде жүзеге асыруға құқылы. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9. Елді мекеннің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томына жобаны әзірлеуші қол қояды, оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен келіседі және тапсырыс беруші бекітеді. 

10. Елді мекеннің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томы: 

1) экологиялық бағалау жүргізу; 

2) қала құрылысы және құрылыс құжаттамасын әзірлеу; 

3) объектілер мен кешендерді жою туралы шешімдер қабылдау; 

4) қоғамдық көлікті, коммуналдық шаруашылықты дамыту жоспарларын, халықтың экологиялық жағынан неғұрлым қауіпсіз көлік түрлеріне көшуін, экологиялық жағынан тиімді қала құрылысы және құрылыс шешімдерінің ендірілуін ынталандыру жөніндегі шараларды әзірлеу; 

5) жол берілетін шығарындылардың нормативтерін белгілеу; 

6) жол берілетін шығарындылардың белгіленген нормативтерін сақтау бөлігінде мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру; 

7) мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі есептілігін жасау; 

8) атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен іске асыру; 

9) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу кезінде пайдаланылады.
Статья 1 ...203 204 205 206 207 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться