Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
209-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар



Ст. 209 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiк пен ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалы жай-күйi қамтамасыз етiлуге тиiс. 

2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу критерийi физикалық тозу мен химиялық ластану болып табылатын экологиялық қолайсыздық дәрежесiнiң көрсеткiштерiне негiзделедi. 

3. Жердiң химиялық ластану деңгейiн айқындау қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органдар бекiткен топырақтағы химиялық заттардың жол берiлетiн шектi шоғырлануы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады. 

4. Жерлердi неғұрлым бағалыдан бағасы төмендеу жерге ауыстыру, жерлердi консервациялау, сондай-ақ оларды экологиялық зiлзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу қажеттiгiн айқындау мақсатында жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн (бұдан әрi – жердi бағалаудың экологиялық критерийлерi) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

Ескерту. 209-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


Статья 1 ...207 208 209 210 211 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 209-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212