Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 21 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Экологиялық кодексi
21-бап. Экологиялық ақпаратты жинау және тарату

1. Мемлекет экологиялық ақпаратты жинау және тарату жөніндегі шараларды, оның ішінде: 

1) Қазақстан Республикасының ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу және ашық қолжетімділікте орналастыру; 

2) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ұлттық баяндамасын әзірлеу және жариялау; 

3) мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу және оған еркін қолжетімділік беру; 

4) бұқаралық ақпарат құралдарында, мерзімді және арнаулы баспа басылымдарында және өзге де ақпараттық өнімде, интернет-ресурстарда, өзге де жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдана отырып, сондай-ақ мемлекеттік органдар жүргізетін экологиялық ағарту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде экологиялық ақпаратты ұдайы тарату арқылы қамтамасыз етеді. 

2. Мемлекеттік органдар жұртшылыққа ақпаратқа қол жеткізу мәселелерінде, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдардың иелігіндегі экологиялық ақпараттың түрі мен көлемі туралы және осындай ақпаратты беру және оған қол жеткізу шарттары мен тәртібі туралы толық ақпарат беру арқылы қолдау көрсетуге міндетті. 

3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жыл сайын 1 мамырға дейін ресми интернет-ресурста өткен жылғы: 

1) қоршаған орта сапасының бекітілген нысаналы көрсеткіштері және барлық тиісті индикатордың нақты нәтижелері туралы; 

2) мемлекеттік экологиялық саясаттың жергілікті деңгейде іске асырылу барысы туралы; 

3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы және жергілікті бюджеттің осындай іс-шараларға арналған шығыстары туралы; 

4) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін жергілікті бюджетке түскен төлемнің жалпы сомасы туралы ақпаратты орналастырады. 

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 1 мамырға дейін ресми интернет-ресурста өткен жылғы: 

1) мемлекеттік экологиялық саясаттың іске асырылу барысы туралы; 

2) экологиялық залалды ремедиациялау жөніндегі іске асырылған іс-шаралар туралы; 

3) республикалық бюджеттің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған шығыстары туралы; 

4) мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері және Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін бюджетке өндіріп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы туралы ақпаратты орналастырады.
Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться