Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
211-бап. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердiаймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегiэкологиялық талаптар



Ст. 211 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi аймақтарға бөлу кезiнде экологиялық қауiпсiздiк және жердi ұтымды пайдалану қамтамасыз етiледi. 

2. Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және өнеркәсiп, көлiк және өзге де объектiлердi пайдалану үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында қоршаған ортаның жай-күйiн жақсартуға ықпал ететiн, аталған жердi пайдаланудың ерекше жағдайлары ескерiле отырып, аймақтар белгiленедi 

3. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жердi басқа санаттағы жерге ауыстыру кезiнде өз шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарына сай келмейтiн қызмет түрлерiне шек қойылатын немесе тыйым салынатын аймақтар ескерiледi. 

4. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi басқа санаттағы жерге ауыстыру кезiнде олардың химиялық заттармен жерлердi бағалаудың экологиялық критерийлерiнде белгiленген деңгейлерден артық ластануы қосымша экологиялық критерий болып табылады. Ластанудың жоғары деңгейiне жатқызылған жер консервациялануға тиiс және босалқы жер құрамына ауыстырылады.

Статья 1 ...209 210 211 212 213 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 211-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212