Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
214-бап. Су қорының жерiн аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар



Ст. 214 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Су қорының жерiн аймақтарға бөлу кезiнде су объектiлерiн қорғау және суды ұтымды пайдалану қамтамасыз етiледi. 

2. Су қоры жерiнiң құрамындағы жер учаскелерiн жергiлiктi атқарушы органдар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының келiсiмi бойынша жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығының, орман, балық, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн және жер учаскесiнiң негiзгi нысаналы мақсатына қайшы келмейтiн, жердiң ластануы мен тозуына және тиiсiнше экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқтырмайтын басқа да мақсаттар үшiн уақытша жер пайдалануға беруi мүмкiн. 

3. Су қорының жерiн басқа жер санатына ауыстыруға, мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары Қазақстан Республикасының су заңнамасының талаптарына сәйкес болған кезде: 

1) су объектiсiнiң жұмыс iстеуi тоқтатылған немесе оның экологиялық және гигиеналық көрсеткiштерi едәуiр өзгерген; 

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiне жатқызылған; 

3) елдi мекендердiң шекаралары (шектерi) экологиялық ахуалдың өзгеруiне әкеп соқтыратындай өзгерген жағдайда жол берiледi. 

4. Су қорғау белдеулерiне бөлiп берiлген жер елдi мекендер мен өнеркәсiп жерiнiң санатына ауыстырылмайды, онда судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшiн шаруашылық қызметтiң арнайы режимi белгiленедi.

Статья 1 ...212 213 214 215 216 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 214-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212